7


  • Учителю
  • Самопознание 'Сөз іспен көрікті'

Самопознание 'Сөз іспен көрікті'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қызылорда қаласы


Мектеп: №171 Күні: 19.12.2015 Сыныбы: « 5 а »

Тақырыбы: Сөз іспен көрікті

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: адалдық ,достық,адамгершілік

Мұғалiм: Абенова Зухра Оқушылар саны: 21


Сабақ мақсаты:Оқушыларға ой,сөз бен істің бірлігі туралы түсінік бере отырып,ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға сөз бен істің бірлігі туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды дұрыс ой,дұрыс сөз,дұрыс іске баулу;

  • Адалдыққа,жауапкершілікке,уәдеге берік болуға тәрбиелеу;


Сабақ барысын талдау:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.


2.Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену

3. Үй тапсырмасын сұрау

-Алтайдың берген уәдесінде тұра алмауының себебі неде деп ойлайсың?

-Әлібектің досына реніші дұрыс па?Неліктен?

-Берген уәдеде тұрудың қандай маңызы бар?


Ресурстар:Күнделік,оқулық, дәптер,пинал,(құралдар, мәлiметтер)

4.Дәйексөз: «Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен»

А.Үгінеки


Негізгі ойды табуға үйрету

5.Әңгiмелеу :

«Аманат» аңыз әңгіме


Оқушылардың зейінмен тыңдауы


6.Дәптермен жұмыс

1/ Біреуге уәде берген кезде ойланасың ба?

«Сөз бен істің бірлігі» қажет деп ойлайсың ба?


Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру

6.Топпен ән айту.

«Мейірім»

сөзі:С.Қали

әні:Қ.Махан

Жастарының жалыны бар,

Қарттарының қадірі бар.

Жақсылыққа жаны құмар

Жаса мейірім

Ізгіліктің мәнін ұғар

Істерінің тәлімі бар

Бойда қуат дарыны бар.

Жаса мейірім

Қ-сы

Жаса,жаса мейірімім,

Жарқыраған пейілі күн.

Жайнап тұрған зиелі гүл,

Жаным жайнасын.

Жаса,жаса гүл көктемім

Сен деп аштым жүректерін

Қазақстандай құрметті елім

Бағың таймасын.

Жүрегінде махаббаты

Кеудесінде шапағаты

Шығатұғын қатар аты

Жаса мейірім!

Алақаны аялаған

Қамқорлығын аямаған

Бауыр басқан саяңда

Жаса мейірім!

Ұйымшылдықпен орындады

7.Үй тапсырмасы:

Бір апта ішінде өзіңе,өзгелерге берген уәделерің және оның орындалу туралы әңгіме жазу

8. «Менің уәдем» әрқайсысы өздеріне уәде беруі


Әрқайсысы стикерге жазғандарын тақтаға шығып оқиды

9.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»



Ықыласпен,ынтамен тыңдауы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал