- Учителю
- Ана тілі ' Қайырымдылық' ашық сабақ
Ана тілі ' Қайырымдылық' ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділігі:оқушыларды жаңа әңгімемен таныстырып,мазмұнын меңгерту; әр кейіпкерге өз бағаларын беру, өз көзқарасын анықтай білу,
Сабақтың дамытушылығы: сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Сабақтың дамытушылығы: табиғатты қорғауға, аялауға оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық суреттер. Маркер,плакат
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, баяндау, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. Тренинг
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Психологиялық дайындық: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Әр түрлі смайликтер арқылы топқа бөлу.Топ ережесімен таныстыру
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері.
1. Үй жұмысын орындауы.
2. Қосымша сұрақтарға жауап беруі.
3. Жаңа сабаққа қатысуы;
Үй тапсырмасын тексеру.
I.Қызығушылықты ояту:
Торғай үнін аудиожазбадан тыңдау. (қай құстың дыбысы екенін
оқушылар анықтайды)
- Осы дауысты естігенде көз алдарыңа не елестеттіңдер? (топтардан сұрау)
- Бұл қай құстың дауысы?
Дұрыс айтасыңдар торғайдың дауысы.
-Торғай қандай құс? Ол туралы не білеміз.
-Жақсы, ендеше үйге қандай тапсырма берілгенін кім айтады?
Өткен сабағымызда мәтінді бөліктерге бөліп ат қойдық.Сол бөліктер бойынша әр топтан бір оқушыдан түсінгендерін сұрау. Басқа топ оқушылары сұрақ қояды.
- Мәтіннен теңеу сөздерді тауып оқу.
Мәтіндегі негізгі ой не?
Сергіту сәті.
ІІ Мағынаны тану.
Ребус шешу.
-Қайырымдылық дегенімізді қалай түсінесіңдер?
- Қайырымды іс жасап көрдіңдер ме?
Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесімен танысамыз.
Дәптерді ашып күннің жадын жазамыз.
-Балалар бүгінгі сабақтың мақсаты не, бұл мәтінде не туралы айтылған деп ойлайсыңдар?
Мәтіннің авторы М.Сүндетов ағамыз 1936 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Туып өскен жері Мақат ауданы, Доссор поселкесінде тұрған екен. Бұл кісінің еңбектері «Жол айрығы», «Күтем сені», « Еліктің лағы» т. б.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, мазмұнын талдау.
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы.
Бәкене - аласа;
Қақ - іркіліп қалған жауын суы.
ІІІ Ой толғау . Еркін жазу стратегиясы.
Топтарға тапсырма беру.
1-топ. Кейіпкерге хат жазу.
МҰХТАРҒА ХАТ
Мұхтар,сен жақсы батыл баласың. Сотқар балалардан қорықпадың. Кішкентай ,әлсіз күшікке көмек көрсеттің.
Біз сен сияқты батыл болғымыз келеді.Сенен үлгі аламыз.
2-топ. Қайырымдылық дегенді қалай түсінесің?
3-топ. Мұхтарға мінездеме беру.
МІНЕЗДЕМЕ.
Мұхтар ұқыпты, тәртіпті бала. Үнемі таза жүреді. Әр ісіне жауапты бала. Ол батыл, қайырымды бала. Мұхтардан үлгі алуға болады.
4-топ. Мәтіндегі күшіктің жайын суреттеу.
5-топ. Бес жолды өлең құрастыру.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Қайырымдылық-жақсы қасиет қой. Ол кішіге қамқор болу, үлкендерге көмектесу, ізгілікті іс жасау.
Әр адам өз ісіне жауапты болу керек.Біз қайырымды болсақ, өміріміз де әдемі,сұлу болады.
Венн диаграммасы
Торғай Қайырымдылық
Қорытынды:
Біздің осы бүгінгі мәтінімізге «Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен»- деген мақалдың қатысы бар ма? (оқушыларға талдату)
Бағалау. Топ бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: «Қайырымдылық» мәтінін оқып келу (251-253 бет)
«Менің қайырымдылық істерім» тақырыбына шағын шығарма.
Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек.