- Учителю
- 10 санын қосу және азайту
10 санын қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: «Ондықтарды қосу және азайту»
Сабақтың мақсаты:Ондықтарды қосу және азайту туралы оқушылардың білімін
тиянақтау,шапшаң есептеу және ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды белсенділікке,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:саяхат сабағы.
Көрнекілігі:үлестірмелі қағаздар,слайд,тірек сызба жазылған плакат.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
1.Психологиялық дайындық
Мен әдемімін,мен ақылдымын.
Қиындықтан қорықпаймын,
Қолымнан көптеген жақсылық келеді.
Мен барлық достарымды жақсы көрем!
-Қазір қай сабақ?
-Математика сабағы
-Математикаға дайын болу үшін біз не айтамыз?
«Есептеуді білмейтін адам,
Түк білмейтін надан».
-Олай болса балалар,бар білімімізді ортаға салайық.Бүгінгі сабағымыз топтық
жұмыс түрде өтеді.
-Бүгінгі сабағымызда «Сандар әлеміне» саяхат жасаймыз.
30 70 20 50
80 Сандар әлемі 60
10 90 40 100
Мұғалім сандарды көрсетеді оқушылар айтады.
-Балалар,біз саяхатқа пойызбен шығамыз (пойыз суреті).
Саяхатымызды сәтті өткізуіміз үшін көлігімізді даярлап алайық.Ол үшін «Ондық
сандарды тура және кері санап шығайық»
ІІ.Мағынаны тану
«Нысана» бекеті. (Әр топтан оқушылар жауап береді)
№1: Қалып қойған ондықтарды ата:
І-т: 10 40 ІІІ-т: 50 20
ІІ-т: 100 60 ІV-т: 50 90
«Есеп» бекеті.Дәптермен жұмыс
40-санын көркем жазу
№2: Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды қосу және азайту.
(Әр топтан оқушылар шығып тақтаға орындайды)
4+2=6 60-40=20
6-2=4 40+20=60
6-4=2 60-20=40
6дм-2дм=4дм 60см-20см=40см
4дм+2дм=6дм 40см+20см=60см
6дм-4дм=2дм 60см-40см=20см
«Ойлан,тап!» бекеті (топтық жұмыс).
Үлгі: 30+20=50
20+30=50
50-20=30
50-30=20
І-топ: 40+30=70 ІІ-топ: 50+20=70
+ = + =
70 - = 70- =
70 - = - =
ІІІ-топ: 60+30=90 VI-топ: 20+40=60
+ = + =
90 - = 60 - =
- 60 = - 20 =
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей.
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей.
Иіліп солға бір,
Оң аяқ,сол аяқ.
Жаттығу оңай-ақ.
«Геометриялық фигуралар» бекеті (жеке жұмыс).
Ұзындықтары 9см және 1дм кесінділер сыз.Салыстыр.
1дм=10см
9см
10см
9см 10см
«Шығармашылық тапсырма» бекеті (көтеріңкі деңгей).
а*а+9 а*а-9
Сандар әлеміне келіп жеткенімізді хабарлау.
Көрнекілік арқылы тірек сызба бойынша плакатқа оқушылар кезекпен ондық
сандарды жазады.
Ондықтар
ІІІ.Ой толғаныс
Бекіту сұрақтары:
-Саяхат сіздерге ұнады ма?
-Қандай сандар туралы білімімізді толықтырдық?
Үйге тапсырма:
№4-есеп,180бет
Бағалау.
Рефлексия.
-Балалар,сабақтан алған әсерлерің қандай?Сабақ несімен ұнады?Сабақ
сендерге ұнаса табиғат көрінісін тамашалап,сабақты аяқтаймыз.