7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: 'Ана-өмірдің шырағы'

Тәрбие сағаты: 'Ана-өмірдің шырағы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ана - өмірдің шуағы.


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға 8 Наурыз - Халықаралық Әйелдер күні туралы түсінік беру;

2.Аналарды ардақтап,құрметтей білуге тәрбиелеу;

3.Оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын дамыту.

Көрнекілік: «Ананың бақыты - балада».

«Ана - өмірдің шуағы».


Расул Ғамзатовтың «Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі,оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы.Ол тіршілік,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі» деген қанатты сөзі жазылған плакат.


Мұғалімнің сөзі: Бала шыр етіп жерге түскен күннен бастап оның жанашары,дос,ұстазы бар.Ол - ана.Қара жерді баспай жатып,тырмысып бауырына жабысатыны,шырылдап жұбанбай іздейтіні бір-ақ жан.Ол-ана.

Ол дүниедегінің бәрінен қымбат,аяулы.Ананың жөні басқа,орны бөлек.

Ана «Баламның аяғына кірген тікен,менің маңдайыма кірсін !» дейді.

Сондықтан да «ана» десе толқымайтын жүрек,селт етпейтін сезім болмаса керек.

8 наурыз көктемнің - алғашқы күні.Ол күні табиғат - Ананың өзі Әйел - аналарды даңққа бөлеп тұрғандай әсерге қалдырады.

8 наурыз әйелдердің мерекесі болвп қалай және қашан белгіленді ?

1908 жылдың 8 наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған

Нью-Йорктағы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық Конференциясы 8 наурызды жұмысшы әйелдер күні деп белгілеп,оны жыл сайын атап өту туралы шешім қабылдады.Бұл мереке Ресейде алғаш 1913 жылы мерекеленді.Наурыз

Айының басында еліміздің көптеген қалаларының көшелерінде қар жатады.Ауа райы қыстағындай ызғарлы,бірақ көктемнің пәк мерекесі жылындырады.8 Наурыз жылдың басқа мезгілінде мерекелеу қисынға келмейтіндей.Өйткені көктем сияқты әйелдер де адамзатқа өмір,жылылық

пен әсемдік сыйлайды емес пе ?

Расул Ғамзатов мынадай сөзі әйел - ана үшін өте жақсы айтылған:

«Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы.Ол-тіршілік,үлкен тағдыр,махаббат пен шаттық нәрі».

Хор «Анаға сәлем» әні.


1-оқушы:Сенен өскен 2-оқушы:Ана жанын ана болсаң ұғарсың,

Батырлар мен даналар. Алдыңдағы ол бір биік құзар шың.

Құттықтаймыз мейраммен Балаң үшін кеуде керіп мақтанып,

Құрметті аналар. Балаң үшін биіктен де құларсың.


3-оқушы:Әлпештеген,аялаған, 4-оқушы:Өмірде ана-бұлақ,ана-пана,

Ақ сүт берген маматайым. Өмірді өркендетер ана ғана.

Сәлем жазып бүгін саған, Өсірген талай көсем,талай шешен,

Мейрамыңмен құттықтаймын. Талай ер,талай ақын,талай дана.


Мұғалім:Адам бойындағы бар жақсылық ананың ақ сүтінен бастау алған,

Сондықтан да бар ғалам,бар адам ананы құрмет етеді.Ана мейірінен ыстық,ана құшағынан жылы ештеңе жоқ.Отан мен ана сөзін егіз десек артық болмас,отан сенің мекенің,туған жерің оны саған сыйлаған ана.


5-оқушы:Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқансам да,тек өзіңнен жасқандым.


Бәрі:Ана - мақтан,ана - жыр,

Ана - бақыт,жанашыр.


6-оқушы:Ер жеткенде елге берген баласын,

Ақылдысың,ардақтысың,данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым.

7-оқушы:Қуанып көз алдыңда жүргеніме,

Құмарсың менің келер күндеріме.

О,ана жетсе екен бар өмірің,

Қартайған шағымда да бір көруге.


Әр оқушы анасына тілек айтады.

а)Анашым Жұлдыз,сіздің жастық шағыңыздың әр күніне таусылмас

бақыт тілеймінІ

ә)Анашым Бота.арман деген асыл мұратыңызға жетіңіз! т.б.


8-оқушы:Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтайын.

Аман болшы,анашым.

Хор. «Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал