- Учителю
- 1-Сыныптың бейнелеу өнері сабағына арналған күнтізбелік сабақ жоспары
1-Сыныптың бейнелеу өнері сабағына арналған күнтізбелік сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы:Бейнелеу өнері сабағында қандай құралдар
қолданылады?
Сабақ мақсаты: 1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? түсінік беру.
2. Бейнелеу өнеріне қажетті құрал - жабдықтарды айту.
3. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, бейнелеу құралдар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау.- Оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі :
1. Бейнелеу өнері деген не?
2.Бейнелеу қнері нені оқытады?3. Бейнелеудің түрлері туралы түсінік беру. 4Бейнелеу өнері адамға не үшңн қажет?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі :
- Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнері дегеніміз не? Сабаққа қандай құралдар қолданылады? деп аталады.
-Егер адам айнала қоршаған әлемді: адамдарды, табиғатты, әр түрлі заттарды бейнелейтін болса, онда ол бейнелеу өнері шығармалары болып табылады.
-Егер адам өзінің ой - қиялын бейнелесе, онда ол да бейнелеу өнерінің шығармасы.
- Қолдан жасалып, әшекейленген тұрмыстық бұйымдар да бейнелеу өнерінің бір бөлшегі болып саналады.
- Ал мұның бәрін жасайтын адамдарды суретші дейміз.
ІV. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі :
-
Сен нені бейнелегенді жақсы көресің?
-
Суреттеріңді немен салғанды ұнатасың?
-
- Бейнелеу өнері сабағында сен көп сурет салатын боласың. Мына суреттерге қарап, саған сурет салуға қажетті құралдар мен материалдарды ата.
-
- Салған суреттерің айқын әрі әсерлі көрінуі үшін салған гуашь және акварель бояулары қажет. Сондай - ақ үлкенді - кішілі әр түрлі қыл қаламдар керек.
-
Оған қоса палитра да керек. Палитра - бояуларды ерітіп, араластыратын пластмасса тақтайша. Мүсіндеумен айналысу үшін түрлі түсті ермексаз, кескіш, қатырма қағаз дайындауың керек.
V. Жаңа материалды бекіту және оқушылар білімін бағалау кезеңі:
Декорациялау сабағына бояулар, қарындаштар, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, матақиықтары, т.б. толып жатқан ұсақ- түйектер қажет болады.
- Міне енді сен де суретшісің! Сен талай рет сурет салып көрдің. Әрине, суретің жақсы шыққан болар? Енді онда жақсы салатын боласың!
VI. Үйге тапсырма беру,бағалау:
Бейнелеу өнеріне қажетті құрал жабдықтарды түгендеп алып келу.