7


  • Учителю
  • Презентации Кешірім ізгіліктің белгісі

Презентации Кешірім ізгіліктің белгісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: Кешірім-ізгіліктің белгісі.



Сабақтың мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Кішіпейілдікке бейім қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері.

Шеңбер құру; амандасу; хормен өлең шумақтарын айту.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ.Әңгімелесу. Әңгімелесудің мақсаты оқушылардың «кешірім сұрау» , «кешіру» туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін түсіндіру.

  • Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесің?

  • Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын.

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Сергіту сәті.

Кешірімді баламыз (өзін көрсетеді)

Жұлдыз боп жанамыз (қолын жоғары көтереді)

Кішіпейіл баламыз (өзін көрсетеді)

Құстай қанат қағамыз (қолдарын жайып қанат қағады)

Мәтінмен жұмыс.

«Автобуста»

Автобус келіп қалды.Екі есігі бірден ашылды.Адам да көп.Бірі мінсе,бірі түсіп жатты.Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік.

-Мұнда отырыңыз,-деп,менен үлкендеу екі балама анама орын ұсынды.

-Рақмет,балалар,-деп анам отырып жатып.

-Апа,рақметті не үшін айттыңыз?

-Кішіпейілдігі үшін.Сен де солардай бол.Үлкенді сыйла,-деп ақылын айтты.



Әңгімеден қандай ой түюге болады?

Кешірім жасау.

1)Татуласуға бірінші қадам жасау.

2)Кішіпейіл болу.

3)қателікті мойындау.

4)өзара түсінісу









Оқушылар тақпақтар айтады:

</ Біз-балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

Оқушылармен жағдаяттарды шешу.

1.Абылай асығып келе жатып,дәлізде мұғалімді қағып кетті....

2.Айдын мен Сұлтанбек дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады.

Айдын болса қашып кетті....



3.Адилбек сабаққа кешігіп қалды.....



4.Серік байқамай Аружанды қағып кетті....



ІІІ.Қорытындылау:

Ренішін ұмытып,райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.

Кешіре білу адамның өзімен,өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

Достар бір - бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал