7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин
«Бай баласы мен жарлы баласы».
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: әңгімені оқу, мазмұндау арқылы оқушылардың білімдерін жетілдіру;
мәтінге сүйене отырып жазушының идеялық мұратын ашу.

Дамытушылық: оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру;
мәнерлеп оқу машығын, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың технологиясы: деңгейлеп оқыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқып беру, тізбектеп оқыту, аударма, сұрақ - жауап, түсініктерін баяндау, ойландыру, кластер әдісі, Венн диаграммасын құрастыру, симантикалық картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, кесте сызбалар, жаңа сөздер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу;
- сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:
1. - Балаллар, қараңыздаршы «Мына суретте кімді көріп тұрсыздар?»-деп,оқушылардың назарын Ы. Алтынсариннің портретіне аудару.
- Дұрыс айтасыздар. Бұл - Ыбырай Алтынсарин.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Олай болса, бүгін біз Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» деген әңгімесімен танысамыз. Сонымен қатарәңгімені мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын айтамыз. әңгімедегі негізгі кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, жазушының сендерді қандай болуға насихаттайтынын анықтаймыз.

ІІІ. Жаңа сабақ. Деңгейлеп оқыту сабағы.
1. Стандартты деңгей. Ой шақыру стратегиясы.
Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
а) сұраққа жауап беру:
- Ы. Алтынсарин қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
- Балаларға арнап не ашқан?
- Ы. Алтынсарин кім?

ә) топтастыру әдісі:
Осы туралы ойды жинақтап, әркім еске түсіргенін сызба арқылы тақтаға жазып шығады.


1841 жылы Қостанайда туған балаларға арнап мектеп
ашқан


жазушы ақын алғашқы ұстаз


2. Алгоритмдік деңгей. Қабылдау стратегиясы.
Мақсаты: мәтінмен танысқанға дейінгі тапсырмаларды орындау.

а) Сөздік жұмысын жүргізу.
Мақсаты: жаңа сөздерді меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқуға жаттықтыру. Алдымен, балалар, мәтінде кездесетін мына сөздерге назар аударайық.

бай баласы сын богача
жарлы баласы сын бедняка
құрдас одногодки
жылай бастады начал плакать
көшкен ауыл перекочевавший аул
еш нәрсе өнбес ничего не выйдет
көзі сынған ине сломанная иголка
қыл волосок конской гривы
сүрлеу екі айырылды тропинка раздвоилась
қарным ашты кушать хочу
үйрек утка
тұзақ силки
ұясына келіп қонды села на гнездо
ұша алмай қалды не смогла улететь
тірідей байлап - матап привязанную птицу
әуре ету обал нельзя мучить
мақта тұтанды вата загорелась
қу тал жинау собрать хворост
қорқа бастады начали бояться
шынтағын сүйеніп облокотился
сортаң солончаковое место
нақ бесін после полудня
далалы жердің бөрісі степной волк
ауылдың жан біткені жители аула
сүйінші подарок за добрую весть

сөздерді аудармасымен оқып беру.

ә) Балалар, осы сөздерді пайдалана отырып, сендер қандай әңгіме құрастырған болар едіңдер?

б) Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқып беру.
Мақсаты: әңгімемен таныстыру.

3. Эвристикалық деңгей. Қиындықты жою стратегиясы.
Мақсаты: мәтін мазмұнын түсінуге, түсіндіруге көмектесетін мәтінішілік тапсырмалар орындау.

а) әр оқушыға үзінді оқытып, аударту, өз сөздерімен түсініктерін айта білуге дағдыландыру.

ә) кейіпкерлер жүйесіне талдау, яғни әңгімедегі негізгі және көмекші кейіпкерлерді атау.

б) Венн диаграммасын құру.
Өзара әңгімелесу. Сұраққа жауап арқылы негізгі кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, ұқсастықтарын анықтау.
- Асан қандай бала?
- Үсен ше?
- Екуінің ұқсастықтары немесе ортақ қасиеттері бар ма?

Асан Ұқсастықтары Үсен
жалқау ер балалар ақылды
қорқақ құрдас батыл
бай баласы достар кедей баласы
қиындыққа төзімсіз әке сөзінен тәлім алған
білетіні аз көп біледі
өмірге жеңіл қарайды қиындықпен күресе біледі


4. Шығармашылық деңгей. Ой қорыту стратегиясы. Әңгіме мазмұнын қорытуға арналған тапсырмалар.
Мақсаты: оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін, ұққанын бақылау.

а) Симантикалық картамен жұмыс.

Үзінді кейіпкерлері Жылағанмен еш нәрсе бітпес Елді жердің ұрысы, далалы жердің бөрісі жаман Сендердің жұртта қалғандарыңды біліп іздеудеміз Үйректі тірі ұстап алып ойнайық
Үсен +
Асан +
Үсеннің әкесі +
Малшылар +

Әр үзінді қай кейіпкердің сөзі екенін сәйкестендіріп, тұсына «қосу» белгісін қояды.

ІҮ. Сабақты қорытындылау. Әңгіменің идеясын ашу.
Сұрақ - жауап арқылы.
- Балалар, сонымен біз кімнің әңгімесімен таныстық?
- Әңгіме қалай аталады?
- Саған қай кейіпкер, несімен ұнады?
- Бұл әңгімеде Ыбырай Алтынсарин сендердің қандай болып, кімге ұқсап өскендеріңді қалайды?
- Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім айтып береді?
- Жақсы. Бұл өлеңінде ақын сендерді неге шақырады екен?
- Дұрыс. Еңбекке.
- Ендеше, сендердің еңбектерің не екен?
- Оқу оқу екен. Олай болса балалар, оқудың өзі еңбек екен. Мен сендердің сабақтарыңды жақсы оқып, жақсы еңбек етеді деп, әрі келешекте халқымыздың кереметтей бір азаматы болып өсіп, өз туған жерлеріңе аянбай еңбек етеді деп сенемін.

Ү. Үйге тапсырма:
а) Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
ә) Әңгіменің ұнаған жеріне сурет салып келу.
б) Еңбек, оқу туралы 2 мақал - мәтел жаттап келу.

ҮІ. Бағалау.
Сабақ барысында сабаққа қатысып, белсенділік танытып отырған оқушылардың білімін бағалау.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Алтай Аманжолов

Сабақтың мақсаты:

  1. Әке тәлімі өмірлік тәжірибесі мен теорияны ұштастыра білуге, қолайсыз

жағдайдың, қателіктің алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірден-бір көзі екенін үғына отырып, әңгіменің негізін түсіне білуге жол ашу.

  1. Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай тұғызу.

(Қорытынды жасау , салыстыру, толықтыру, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау, алған білімін жаңа жағдайларда пайдалана білу қабілеттерінің дамуы.)

  1. Еңбексүйгіштікке, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқараспен

қарауға, үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуіне мүмкіндік беру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.Автор суреттері, нақыл сөздер, әңгіменің желісімен салынған сюжетті сурет, кемпірқосақтың суреті (әр топтың алдына жеке-жеке), түрлі түсті мойынорағыштар (кемпірқосақ түстес жұқа маталар)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Ұй жұмысын қорытындылау.

Жаңа сабаққа көшу сатысы.

- Балалар, бүгін сендермен өмірімізде кездесетін әртүрлі қиын жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз. Бұл ешкімге құпия емес, әрқайсысымыз осы өмірімізде төбелес немесе ұрыс ортасында, күш қолдану жағдайында, жанжалдасу, түрлі айқай-шудың арасында болған кезеңдер, тіпті қатыспаған жағдайдың өзінде, көзбен көрген кезіміз болды. Және бұл жағдайлардан әрқайсысымыз әртүрлі шешім тауып шығып кетіп жүрдік.Тіпті кейбіріміз шешімін таба алмай талай дал болған кездеріміз де болған шығар.

  1. Қызығушылықты ояту.

Белгілі бір жағдайға баға беріп, дұрыс шешімін табуға көмек беру үшін, оны сырттай бақылап және ол жағдайды жан-жақты, әртүрлі бағытта байқау керек. Ол жағдайды қарастырудың қанша жағын тапсаң, оны соншалықты жақынырақ танып, өзің үшін соншалықты көбірек мәлімет алуға жағдай: туғызасың, дұрыс шешімін табуға мүмкіндік аласың.

Қазір біз осындай оқиғаны қарастырамыз. Және бізге дұрыс шешімін
табу үшін алдымыздағы кемпірқосақ көмектеседі. Ал сендер кемпірқосақ
қай кезде шығатынын білесіңдер ме?

Қажет дерек

«Кемпірқосақ ұдайы жаңбыр жауған жақтан көрінеді. Яғни, жаңбыр жауған кезде ауаны мың сан су түйіршіктері кернеп алады. Ал әрбір су түйіршігі бір-бір кішкене призмаға ұқсас. Мұндай призмалар шексіз көп болғандықтан, кемпірқосақ та аспанның жартысын орай көрінеді». («Негеш», 1995 жыл, 88 бет.)

- Ал кемпірқосақтың қанша түсі бар екенін және сол түстердің қандай ретпен келетінін білесің бе?

- 7 түрлі түсі бар. « Ал түстерінің ретін ұмытпас үшін мына сөзді жаттап ал: «Қасқырдың қүлағы сақ, жапалақтың көзі көргіш келеді». Осы сөйлемдегі әрбір сөздің бас әрпі кемпірқосақтағы бояу түсінің бас әрпімен бірдей».

  1. Мәтінді тану.

Мәтінді оқымас бұрын автор жайында қысқаша мәлімет беріп өту. Тақырыбына «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасау.

- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін? Олай ойлауыңа не себеп болып тұр? Нені негізге алып отырсың?

Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушыларға тізбектеп оқыту.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің негізгі ойы неде? Бұл әңгімені бізге нені үйренсін, қандай тәлім-тәрбие алсын деп берген екен?

Жаңа ұғымдарды, жаңа әрекеттерді меңгеру кезеңі.

Әңгімедегі болған оқиғаны топта талқылау.

Бұл оқиғаны топта талқыламас бұрын, біз қазір кемпірқосақтың түрлі түсі бар мойынорағыштарды тағып алайық. Кемпірқосақтың түрлі түсті шапақтары барлық әлемді шарлап, жер әлем жаңарып, тіршілік нәрімен сусындағанда, тазарғанда шығады. (Әр топқа өз қалауы бойынша түстерді таратып беру.)

1-топ. Кемпірқосақтың бірінші түсі қызыл, ендеше қызыл түсті мойынорағышты тағалық. Қызыл түс шынайылықтың белгісі болып келген, осы түс арқылы оқиғадағы әке мен баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп көрелік. Олардың жан дүниесінде не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Бір сәтке өзімізді солардың орнына қойып көрелік. Әкесі баласын немесе баласы әкесін қандай деңгейде жақсы көреді екен. Әкесі немесе баласы сезімдерін әңгімеде көрсете білді ме? Олардың арасындағы ата-аналық міндет, баланың ата-анасы алдындағы борышын өтеу сияқты міндеттер әңгімеде қалай орын алған? Әңгіме соңында олар қандай жағдайда болды?

2-топ. Қызғылт-сары түстегі мойынорағыш таққан топ жаңа туған көктемнің, жаңа тіршілік нәрінің белгісі, ендеше әңгімедегі келеңсіз жайт неге орын алды? Оған себеп болған не? Осыны зерттейді. («Топтастыру» стратегиясын пайдалануларыну.)

3-топ. Сары түс бізге бұл оқиғаның тек жақсы жақтарын қарастырады, болған жайттың қандай пайдасы болғанын анықтайды. Яғни, тәрбиелеудің де түрлі тұстары болатынын қарастырады. («Т кестесін» құру)

4-топ. Жасыл түс - бұл шығармашылық адамдары. Бұл топ бізге болған жайды суреттеп, өлең немесе жазудың түрлі жанрларын пайдалану арқылы көркем шығарманың бір түрін көрсетуі керек.

5-топ. Көгілдір түс - бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жаман жағы мен жақсы жағын атап көрсетуі керек. (Венн диаграммасына салу)

6-топ. Көк түс таққан топтағы оқушылар бұл оқиғада бала үшін жағымды, және ол үшін ұнамай тұрған нәрсені атап көрсетулері керек.

7-топ. Күлгін түстегі топ оқушылары автордың рөлін атқарады. Бұл топ оқушылары автор ретінде нені жеткізгісі келгенін, нені негізге ала отырып бұл әңгімені жазу себептеріне тоқталады.

Топ пікірлерін тыңдау.

- Өмірде әрбіріміздің басымызда әртүрлі жағдайлар кездесіп жатады. Біз бүгін осындай жағдайлардың біріне сырттан қарап, оған жан-жақты баға беріп, бақылап көрдік. Олар бізді шыдамды болуға, дұрыс шешім қабылдай білуге, өз эмоциямызды сырттай бақылап, өмірлік сабақ алуға көмектеседі. Яғни, сендер үлкендердің ойын, өздеріңе деген қамқорлығын түсіне аласыңдар. Тек осылай ғана өзімізге пайдалы жақтарын ала аламыз. Айтыңдаршы, егерде әр сабағымызда осылай кемпірқосақтың әр шапағының мойынорағышын тағып тұратын болсақ, біз неге жетер едік?

Балалардың жауабын тыңдау.

III. Ойтолғау.

- Біз бүгін өте жақсы жұмыс жасадық. Сендер өздеріңнің көптеген сұрақтарға шешім таба алатын жеке тұлға екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Бүгінгі кемпірқосағымызға рақметімізді айтайық. Алдымызда жатқан суреттерді алып, осы суретімізге қарап отырып «Бес жолды өлең» құрастырып көрелік. Зат есім ретінде кемпірқосақ сөзін алып, етістік ретінде бүгінгі сабақпен байланыстырып көрелік.

Топ оқушыларының жұмыстарын тыңдау.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді бүгінгі талдаудан кейін тағы қайтара оқып, мазмұндауға дайындалу. Қалай ойлайсың, сабақтағы талдағанға дейінгі оқу мен үйдегі оқудың айырмашылығы бар ма? Бар болса, қандай ой түйдің, эссе жазып келу. Енді өзің осындай жағдайға тап болсаң, шешімін табу үшін қандай талқыға салар едің?


Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Дәулет Қасенов. Адалдық
Мақсаты:
Білімділік: Мәтінді оқып, мазмұнын меңгерту. Идеялық мәнін түсінуге мүмкіндік жасау. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу.
Дамытушылық: Топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту, өзінше ойлау, сөйлеу мүмкіндігіне еркіндік беру, қолдау.
Тәрбиелік: Өмірдегі қарама - қайшылықтар мен жағымды - жағымсыз деген түсініктерді ажыратып, баға беру арқылы шындыққа қарым - қатынасын қалыптастыруға жағдай туғызу. Үлкенді сыйлауға, адалдыққа тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білім беру
Түрі: Сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, болжау, кейіпкерге хат жазу, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Көңіл - күй смайликтері, кесте, бағалау парағы, фишкалар.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі, өзін - өзі тану, әдеп.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу, құрал - жабдықтарын дайындау.
2. Психологиялық дайындық кезеңі
- Біздің бүгінгі «Әдебиеттік оқу» сабағымыз қызықты өтуі үшін көңіл - күйіміз көтеріңкі болуы қажет. Сондықтан мына өлең шумағын хормен айтайық.
Көшелерден біз өткен
Үлкендерді көрсем,
Жақын кеп
Сәлем берем ізетпен.
3. Сабақтың мақсат - міндетін қою.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Яғни, мына 3 қатар 3 топ болады.
I қатар I деңгейлі топ. Топтың аты - «Білім».
II қатар II деңгейлі топ. Топтың аты - «Талап».
III қатар III деңгейлі топ. Топтың аты - «Алғыр».
Берілген тапсырмада топтың деңгейіне байланысты күрделеніп отырады. Ал қай топ жеңімпаз болғанын біз қалай білеміз? Тыңдайық! Ол үшін мынадай көңіл - күй смайликтерін пайдаланамыз - білімді смайлик, ой үстіндегі және жабырқау. Яғни әр топтың тапсырманы орындауына байланысты сол топты бір саты көтеріп отырамыз. Соңында «Ең үздік топ» анықталады. Сондықтан әр топ ең үздік болуға тырысу қажет.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Аяз бен Қыдыр» айтысын әр топтан сұрау.
2. «Табиғатта жаман кезең болмайды» жазған эсселерін оқыту.
(Әр тапсырма орындалған сайын смайликтер арқылы бір саты көтеріліп отырады)
III. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру
Әр топқа ширату сұрақтарын қою арқылы зейіндерін жетілдіру. Әр топқа 2 сұрақтан.
I топ - «Білім»
1. Мұсылман халықтарының жаңа жыл тойлайтын айы.(Наурыз)
2. «Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды» деген кім? (Диқан баба)
II топ - «Талап»
1. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам. (Уыз көже)
2. Тастары күйелі қазандай қап - қара және таяқпен ұрсаң, шойындай даңғырлайды. Бұл қайда? (Қазантаста)
III топ - «Алғыр»
1. Жылқы етінен ішекке тығылып жасалатын тағам. (Қазы)
2. Сиыр мен иесі айтысты. Бұл айтыстың қай түрі. (Жануарлар мен адамдардың айтысы)
IY. Танымды - операционалды кезең
Жаңа сабақ. Дәулет Қасенов. «Адалдық»
- Балалар, мына тапсырмалардың ішінде жасырын сөз бар. Тек осы тапсырмаларды орындаған жағдайда ғана жаңа сабақты өте аламыз. Ал біздің жаңа білім алғымыз келеді. Солай емес пе?
- Олай болса, 3 топ 3 тапсырманы орындау керек.
I топ - «Білім»
Кестелік көбейту
Тапсырма: Көбейтіндіге сәйкес әріптерді жаз, оқы.
15 24 5 12 16 21 32
II топ - «Талап»
Тапсырма: Төменде берілген әріп тізбегінен мағыналы сөз шығарып ал. Мағынасыз әріптер тізбегінің белін сыз.
ІКРСТШЛПАДАЛДЫҚНПТУДЖЫСРИК
III топ - «Алғыр»
Ы Д Қ Л Д А А
40 165 9 91 87 105 910
Тапсырма: Тор көздерге сандардың кему ретімен әріптерді қойып жазып, шыққан сөзді оқы.
Түйін сөз: Бүгінгі өтетін сабағымыз «Адалдық» мәтіні. Авторы Дәулет Қасенов
Алдымен «Адалдық» сөзінің мағынасын ашып алайық. Адал деп қандай адамды айтамыз?
Мәтіннің мазмұнын кітап ішінен ақша тауып алған жеріне дейін мазмұндап айтып беремін,
Әрі қарай оқиға немен аяқталатынын әр топ «Болжау» арқылы ойларын айтады.
Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқу (іштей оқу).
2. Дауыстап диалогтарды рөлмен оқу.
3. Әр топ оқыған бөлігін әңгімелеу.
Мәтінді талдау, бекіту.
1. Балалар неге дауласты?
2. Ақшаның апайдікі емес екеніне Сәрсен мен Бейсеннің шынымен көздері жетті ме?
3. Сәрсен мен Бейсен Дүйсенге неге сенімсіздік білдірді?
4. Сәрсен мен Бейсен Дүйсенге рақметтен басқа не айтуы керек еді?
5. Мәтінде болған оқиға барма? Немен басталды, немен аяқталды?
Балалар, осындай оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма дейді. Ал оқиғасыз, көңіл - күйге байланысты жазылған шығарманы (өлең) сюжетсіз шығарма дейді.
Шығармашылық тапсырма.
Дәптерге орындау
I топ - «Білім»
Сәрсен мен Бейсенге хат жазу.
II топ - «Талап»
Сөздікпен жұмыс. Аңысын аңдиық, дегбірсізденді сөздерінің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрау.
III топ - «Алғыр»
Дүйсенге жеделхат жолдау. (Әр бала бір сөйлемнен өзінің ризашылығын білдіріп жазу)

Y. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, не білдіңдер? Автордың айтқысы келгені не?
- «Бір бас жақсы, ал екі бас тіпті жақсы» деген мәтел осы әңгіменің шешіміне сай ма?
- «Пайда ойлама, ар ойла» деген мақал кімдерге арналған деп ойлайсың?
- «Ақ жүрген адам азбас» деген ше?

YI. Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу. 3 топ тапсырмаларын алмастырып орындау
Бағалау. Смайликтердің көмегімен үздік топты анықтау, мадақтау. Әр топ басшысы «бағалау парағы» арқылы топ мүшелерінің қатысуын бағалау.



Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сапарғалин Бегалин «Шоқанның қамқорлығы»

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу.
Тәрбиелік: Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа баулу және этнографиялық білім беру.
Сабақтың түрі: Қорытынды «саяхат» сабағы.

Оқытудың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, шығармашылық және репродуктивтік, топтастыру, эвристикалық әдіс - тәсілдері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Шоқан Уәлихановтың портреті
2. Шоқанға арналған бүктеме
3. Шоқанның салған суреттері
4. Шоқанның жасаған картасы
5. Саяхат картасы
6. Салыстыру кестесі
7. Қима қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын саяхатқа шығу барысында сұрау:
1 - аялдама - Шоқан ауылы:
Шоқан туралы ізденуге бергем, соны сұраймын:

1. Ш. Уәлиханов кім?
2. Ш. Уәлиханов қай жылы, қай жерде туды?
3. Шоқанның балалық шағы қай жерде өтті?
4. Ш. Уәлиханов қай жылы, қай жерлерде білім алды?
5. Шоқанның шын, толық аты кім, Шоқан деп неге өзгертілді
6. Шоқан туралы кімнің, қандай шығармаларын білесіңдер?
7. «Бала Шоқан» әңгімесінің авторы кім, ол жайында не айтасыңдар?

2- аялдама - Зейнеп ауылы: 1. (Зейнеп кім, қандай адам болған, әңгімеде қалай көрінеді?)
2. Бұл аялдамада Шоқан туралы деректер менің көмегіммен толықтырылады, оқушылар бірге қатысып отырады. Шоқанның салған суреттері, (150) саятшылығы туралы айтылады. Шоқанның географиялық қоғамға тұңғыш мүше болғаны; Абылай ханнан - Уәли - Шыңғыс - Шоқан.

3 - аялдама - Шыңғыс ауылы: 1. (Шыңғыс кім, қандай адам болған, Шоқанның тәрбиесіне қалай көңіл бөлген; Шоқан мен әкесінің арасындағы сыйластық әңгімеде қалай, қай қырынан көрінеді?)
2. Оқушылар әңгімеге талдау жұмыстарын жүргізіп, бала Шоқан бойындағы қасиеттерді атауға өздіктерінен ізденеді:

Тақтамен жұмыс
І топқа: Шоқанның бойындағы асыл қасиеттерді теріп жазады.
ІІ топқа: Шоқанның мысыққа жасаған жақсылығын теріп жазады.

І топ: Шоқанның бойындағы асыл қасиеттер ақылдылық, қамқорлық, мейірімділік, уәдеге беріктік,
білімділік, шеберлік, зеректік, мырзалық, жанашырлық, қайырымдылық, жылылық, аяушылық, шынайы достық, суретшілік;

ІІ топ: Шоқанның мысыққа жасаған жақсылықтары үйіне ертіп барды, Жақыптан қорғады, үрейін басты, тамақ берді, киімін бергізді, уәдесінде тұрды; мысықтың еңбегін бағалады.

4- аялдама - Айғаным ауылы: (Айғаным кім?) Шоқан мен Жақыптың іс әрекеттері арқылы, мінездерін салыстыру.
Венн диаграммасы
Шоқан ----------- Жақып
5 -аялдама - Уәли ауылы: Уәли кім, толығырақ сұрау.
Оқулықпен жұмыс
Шоқанның маған ұнайтын қасиеттері
6- аялдама - Абылай ауылы: Абылай туралы түсінік. Қорыту.
Дәптермен жұмыс
Топпен орындау
Екі түрлі түсініктеме күнделігі:
Әңгімедегі өзіңе қатты әсер Өзіңе әсер еткен үзінділер жайлы
еткен тұстар пікірің: нені еске түсіреді

ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау.

Күні:

Тақырыбы: Тарқаған өкпе.
Мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға сабақтың мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, өз ойларын тұжырымдап қорытынды шығаруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, ой - өрісін сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып, жақсы және жаман қасиеттерден айыра білуге үйрету.
Әдіс - тәсіл: Әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекілік: «Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ - сабыр сол», «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» М. Әуезов.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

Үй тапсырмасын сұрау. (шеңбер бойымен әңгімелеу)
а) Беріктің газетті рұқсатсыз алып кетуінен қандай келеңсіздік туды?
ә) Беріктің: «Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?!» деген ойына сен не айтар едің?
б) Берктің қылығына көзқарасың қандай:
а) Ұрлық деуге болады
ә) Көңіл аударуға тұрмайтын, ойланбай жасаған іс.
в) Егер Берік өз үйінде, үстел үстінде жатқан газетті байқап қалса, оқиға қалай өзгерер еді деп ойлайсыз?
г) Әңгіме неліктен «Өкініш» деп аталған.

Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбын өздеріне тапқызу.

А) Көкте бар
Құмда жоқ
Сөлде бар
Суда жоқ (Ө)

Ә) Кептерде бар
Торғайда жоқ
Бөктерде бар
Тоғайда жоқ (К)

В) Партада бар
Тақтада жоқ
Арпада бар
Мақтада жоқ (П)

Пәні

Әдебиеттік оқу

4ә сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Өкініш» М.Қуанышбеков

Оқушылар үшін

оқу нәтижелері:

1.Мәтін мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға машықтанады.

2 .Біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайтынына көздері жетеді.

3. Біреудің затын рұқсатсыз алу да ұрлықтың бір түрі екенін біледі.

4.Осындай жағдай болғанда ешкімге зиянын тигізбей тығырықтан шығуды көздейді.

5.Ойланбай істеген кез-келген істің соңы өкінішке әкелетінін түсінеді.

Сілтеме:

1.Әдебиеттік оқу З.Муфтибекова, П.Қ.Жаманқұл 4 сынып «Алматыкітап» баспасы 2011 жыл

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

1.Мәтін мазмұнын түсініп оқиды.

2.Ойланбай істеген істің соңы жақсылықпен бітпейтінін түсінеді.

3.Оқиғадағы пікір мен өз пікірлерін салыстырып айтады.

4.Оқиғаға байланысты өз көзқарасын білдіреді.

5.Мәтіндегі негізгі ойды таба алады .

6.Мәтінді өз ойымен аяқтап айтуға үйренеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Автор М.Қуанышбековтың портреті

2. Слайдтар

3. Проектор, экран, маркерлер, плакаттар.

Қолданылған модульдер:

  1. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету

  2. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

3. Оқушыларды зерттеу тәсілі

Оқыту әдістері:

СТО, Блум таксономиясы Бағалау картасын қолдану

  1. Жеке жұмыс

2. Топтық жұмыс

уақыт

Сабақ

барысы

Міндеттері

Мұғалімнің

әрекеті

Оқушының әрекеті

Интеракция

Әдіс-тәсілдер

2 мин

Ұйымдас-тыру бөлімі

Психология-лық ахуал орнату

Амандасу.Оқушылар-ды түгендеу. «Шаттық шеңберін» қолдану. Смайликтер бойынша топтарға бөлу. (6 не 7 оқушыдан 3 топ)

Амандасады. «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне тілектер айтады. Өздері таңдаған смайлик-тер бойынша 3топқа бөлінеді.

Ауызша сұрақтар қою

СТО (Миға шабуыл)

6 мин

10 мин

6 мин

5мин

4 мин

5 мин

5 мин

2мин

Үй тапсырма-сын тексеру

Жаңа сабаққа түсу

Қорыту

Үйге тапсырма

жоспар бойынша топтар болып мазмұнын айту

Тапсырма-ны орындау

Өз басың-нан өткен достар ара-сында бо-латын түсі-ніспеушілік туралы әңгімеле.Тақырыптың атын және мақсатын анықтау

Эссе жазу

Көзқарас білдіру

Синонимін табу

Постер құру

Кесте толтыру

Күнделіктеріне жазады

«Тарқаған өкпе». Мазмұнын сұрау.

Жоспарды экраннан көрсету:

1.Алданның сырқаттануы 2.Ауруханада. 3.Өкініш

1.Алдан басқаға емес, неліктен Сәруарға ренжіді?

2.Мәтіннің соңғы жолдарын оқытып, ой түйгізу.

3.Өз басыңнан өткен достар арасында болатын түсініспеушілік туралы әңгәмеле.

Ойды жалғастыру

Бөліктерге бөлінген мәтінді оқушылардың талдауына ұсыну:

І бөлім-Беріктің қылығы

2.Ауладағы ойын

3. Беріктің ұялуы

«Бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?» тақырыбында эссе жазуды ұсыну

Тақырыптар беру:

1.Ұрлық деуге болады.

2.Көңіл аударуға тұрмайтын, ойланбай жасаған іс.

3.Берік ақылды бала

Берілген сөздердің ішінен «Өкініш» сөзіне синоним тауып жазуды ұсыну

«Берік қандай бала?»

Постер қорғауды ұсыну

Өткен сабақ пен бүгінгі сабақты салыстыра қорытуға арналған

«Өкініш» мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айту

Тапсырмалар беру:

Алдын-ала дайындалған жоспар бойынша топтар болып мазмұнын айтады.

І топ- Алданның сырқаттануы

ІІ топ-Ауруханада.

ІІІ топ- Өкініш

І топ- Алдан басқаға емес, неліктен Сәруарға ренжіді?

ІІ топ- Мәтіннің соңғы жол-дарын оқытып, ой түйгізу.

ІІІ топ- Өз басыңнан өткен достар арасында болатын түсініспеушілік туралы әңгімеле.

Сол кездегі өзінің ішкі сезімін, қандай әсерде болғанын айтады.

Мәтін мазмұнынын түсініп оқиды, түсінгендерін айтады.

Топтар болып жұмыстанады.

Үш топ жазған эсселерін әр топтан 1оқушыдан шығып, оқиды.

Оқушылар өздеріне берілген тақырыпты «Автор орындығына» отырып , басқа топтарға қарсылық білдіре отырып, дәлелдейді.

Синоним тауып жазады: қуану, қапы қалу, ренжу, шаттану, опыну, күлу, қапалану, күйіну, өкіну.

Әр топ өздерінше постер құрып, қорғайды.

Кестені толтырады

Әңгімені өз ойларымен аяқтап жазып келеді

Әр топтан 1 оқушы шығып, жоспар бойынша мазмұнын айтады.Қол шапалақтау арқылы бағалайды

Әр топтан

1 оқушы шығып, қорғайды, топтар бір-бірінің жұмысын «қол белгісі» арқылы бағалайды.

Түсініп оқы-ғандарын баяндайды.

Топтар бір-бірінің жұмысын сигналдық карталар арқылы бағалайды.

Өз ойларын-дағыларын жүйелеп жазуға үйренеді.

Бағаланады.

Берілген тақырып бойынша ойларын жүйелеп айтып үйренеді.

Мәтін мазмұны бойынша постер қор



Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
- Алаштың ардақты азаматы Сұлтанмахмұттың ақындық қуаты арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу, өлеңнің тақырыбы мен идеялық ұратын ашу
2. Дамытушылық:
- Шығарманың танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап, түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру. Бір-бірімен ой бөлісу арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге үйрету
3. Тәрбиелік:
- Ақын еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу, өзіндік «менін» ояту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Дуэт-панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой шақыру, мәнерлеп оқу, сезім, ақыл-ой тұтастығы арқылы іздендіру, проблемалық түйін тудыру, оқытушы мен оқушының ашық әңгімесі, антонимдік ассоциация
Оқытудың формасы: Ұжымдық
Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы, интерактивті тақта, ЭЕМ құралдары
Сабақтың құрылымы:
1. Мен - Адаммын!
2. Сырлы сөз - саф алтын
3. Өмірдің шынайы шындығы
4. Ой түйін
Сабақтың эпиграфы:
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдасыру кезеңі (Ой шақыру)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, мен бүгінгі сабақты «Адам» деген үлкен мағыалы сөзден бастағым келіп тұр. Жалпы, біз «Сен кімсің?» дегенде, ең әуелі «Адаммын!» деп жауап береріміз хақ. Алайда, Адам, Адамдық, Адам болу деген сөздердің мәнін түсінеміз бе? Өмірден өз орнын таппай, адасып жүрген адамдар да бар. Ендеше, ой-пікірімізді білдіре отырайық.
1. Мен - Адаммын! (Жетекші сұрақтар беру!
1. Адам болу деген не?
2. Адам өмірге не үшін келеді?
3. Менің өмірдегі маөсатым не?
4. Мен келешекте өз өмірімді қалай құруым керек?
5. Жаман адам кім?
6. Біз тамақ ішу үшін өмір сүреміз бе, әлде өмр сүру үшін тамақтанамыз ба?

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

2. Сырлы сөз - саф алтын.
- ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын-жазушылар көшін мына қайраткерлер бастайды:
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Мағжан Жұмабаев
Сәбит Дөнентаев
Сәкен Сейфуллин
Бейімбет Майлин
Ілияс Жансүгіров (Монитордан суреттері көрсетіледі)
Біз бүгінгі дәрісімізді адам сезімін суреттеудің хас шебері, өзіндік үнін, азаматтық тұлғасын таныта білген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арнаймыз.
«Талпынам асыққандай жігіттікке» деп ақын өзі жырлағандай, оның өмірі күреске толы болды. екі дәуір қоғамының саяси-әлеуметтік тұрақтылығын көрмей, не қилы аласапыран болып жатқанда да С.Торайғыров өзінің күрескер, халқы үшін жанын аямай еңбек етер үлкен тұлға екенін көрсете білді. Жасынан өнер-білісмге, ғылымға құныға өскен ақын тағдыры оңай болмаған еді. Екі жасында анасынан айырылды, тұрмыстағы қиыншылық, көңілі қалаған оқуына қолы жете алмай өкінуі, науқасқа шалдығуы едәуір қиындық туғызды. Алайда, өжет те қайсар, алғыр да зерек Сұлтанмахмұт бұған бола мойымаған. Алдына адам болып шығуды мақсат етіп қойған ақын ұмтылыс, ізденіс үстінде болды. жас ұрпақтың елге адал қызмет қылуы үшін өнер үйренуіне, шарқ ұрып талмай еңбектенуіне өмір жолында келер қиындықты жеңуді міндетіне алып, оптимистік қасиетін, өнерсүйгіштік өр мінезін көрсетеді. Яғни, ол өзін «жарық күнде сәуле қуған» халық баласы ретінде танытып, «енлдің бетін толған айдай болып көруге» уәде етеді. Сондай-ақ, Сұлтанмахмұт - ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы, Абайды өзіне ұстаз тұтқан. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнееуге еркін де кең пайдаланған шебер.

ІІІ. Өлеңді мәнерлеп оқу
1. Мұғалімнің оқуы
2. Оқушының оқуы (Ғылыми жұмыс сатысы)
3. Аудио таспадан оқушы оқуын қайта тыңдау (Творчестволық оқу!

4. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы туралы
1. Өлеңнің тақырыбы не? (Адамдық)
2. Жыр жолдарының идеялық мазмұнын ашу (Білім-ғылымға, өмірге деген құштарлық)
3. Осы өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті? Кім болуды армандайсыңдар?
4. Сұлтанмахмұттың көздеген мақсаты не?
5. Ауыспалы мағыналы (эпитет, теңеу) сөздерді теріп жазу. (Көрде тыныш жату, жарық күнде сәуле қуған, алуға күнді барып белді буған, толған айдай балқып туған, ойында оты барлар, надандықты тебу)

5. Әдебиет теориясынан түсінік беру
Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаөарман - ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын, сезім-күйін жырға қосады.
1. Ақынның тұлға мен Адамдық дуэті
2. Ақын мен оқушы дуэті.
«Мен!» - ол сенің тұлғаң, ішкі менің.

6. Өлең құрылысын талдау:
1. Үш шумақты өлең
2. Төрт тармақты шумақ
3. Үш бунақты шумақ
4. Он бір буынды өлең жолы
5. Қара өлең деп аталатын асқақты ұйқас: (а,а,б,а)

7. Абай мен Сұлтанмахмұт дуэті:
Монитордан Абайдың он жетінші қара сөзінің мәтіні көрсетіліп, Сұлтанмахмұт идеясымен үндестігін тану.

ІҮ. Ой түйін. «Мен Адаммын!» (Антонимдік ассоциация құру)
- Балалар, әрбір адамның да кемшілігі болуы мүмкін. Алайда, ерік-жігеріміз мықты болса - алмайтын қамал жоқ. Өзіміздің кемшілік-қателерімізді жөндеуге ешқашан да кеш болмайды. Олай болса, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді антонимдік жұп арқылы топтастырайық:
Ақылды - ақымақ,
Білімді - надан,
Еңбекқор - жалқау т.б.

Ү. Сабақты қорытындылау.
- «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген, балалар. Қандай тілек жақсы?
(Оқушылар жақсы тілектерін ортаға салады)

ҮІ. Сабақтың прологі:
Адамның өміріндегі мақсаты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны, жақсы мен жаман ойды ажыратып, тура жолын - әлемдегі өз орнын табу. Абай да: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан» - дейді.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңін жаттап келу.

ҮІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал