7


  • Учителю
  • Баяндама 'Ата –анамен бастауыш мұғалімі ынтымақтастығы – тұлғаны қалыптастырудағы басты бағыты'

Баяндама 'Ата –анамен бастауыш мұғалімі ынтымақтастығы – тұлғаны қалыптастырудағы басты бағыты'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Қармақшы аудандық білім бөлімі

«Коммуналдық мекемесі

№274 орта мектебі»

Баяндама

«Ата -анамен бастауыш мұғалімі ынтымақтастығы

- тұлғаны қалыптастырудағы басты бағыты»



Бухарбаева Гулнабира Серикбековна,

бастауыш пәні мұғалімі


Ата -ана мен бастауыш мұғалімі

ынтымақтастығы - тұлғаны қалыптастырудың басты бағыты



«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай

көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына,

туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

Егеменді елдің ертеңі оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді.

Н. Ә. Назарбаев


Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған.
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Ұстаз бен ата-ана арасындағы байланыс бала тәрбиесіндегі өзекті мәселе болып тұр. Елбасының тәрбие мен педагогиканы түбегейлі өзгертіп, ұлттық педагогиканы дамыту қажеттігіне көңіл аударғаны қуанарлық жағдай. Тәрбие болған жерде білім, өнеге сөзсіз қалыптасады. Ал тәрбие қайдан келеді? Ең бірінші - отбасынан, қазақ «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс өте тығыз болуы керек. Ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған. Әрине, жаңа ғана мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршін үшін мекептегі әрбір іс-әрекет тосын, әрі қызық.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептің ата-аналарымен жүргізілетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады. Біріншіден, ата - аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын, үйі деп санап өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету. Екіншіден, ата-аналарды жанұяда баламен өзара жылы қарым- қатынаста болуға үйрету. Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестіктері жанұя тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата-аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімінің, мейірімділікпен сыйластықтың қажеттілігіне біледі. Мектептің ата- аналармен жүргізетін жұмысы баланың мектепте және жанұяда, тұтас білім берушілік ортада тәрбие алуына жағдай жасауға бағытталған.

Жанұя - саналылық пен ынтымақтастықтың және болашақтың бастаулар негізі. Осы тұрғыда мектебімізде оқушы, ұстаз, ата-ана ынтымақтастығы жүйелі түрде жұмыс жасайды. Біздің негізгі мақсатымыз әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс - шаралар барысында оқушы, ұстаз, ата- ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсатқа жету барысында алдыма атқарылуға тиіс негізгі іс шараларды міндеттедім.

Сынып жетекшінің міндеті:

Ата-аналармен тығыз байланыста болып, қоғамдық жұмыстарға тарта отырып, балаға үлгі - өнеге көрсетуге қалыптастыру;

Ата-аналар жиналысын өткізу;

Ата-ананың міндеті:

а) Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

ә) Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

б) Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

в) Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы мен байланыста болу;

г) Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу-тәрбиесі -шараларына қаржылық көмек көрсету;

ғ) Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткіземін. Ондағы мақсатым- ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Өзімнің тәжірибемде ата-аналар жиналысын баяндамалар, сауалнама, тренинг, дөңгелек үстелмен жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіп отырамын. Мысалы: «Бала тәрбиесіндегі ата - ананың ролі», «Бала тәрбиесі - баршаға сын», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Үйірмеге қатысудың пайдасы», «Мен қандай ата - анамын?» т. б.

ғ) Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Мен ең бірінші сыныпта ата-аналар төрайымын және сынып ата-аналар комитеті мүшелерін сайлап аламын. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен бірлесе отырып шешімін табуға тырысамын.

І. Оқушының жанұясына барып тұру.

Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда мен өз оқушымның үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысамын. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелесу барысында, мен оқушымның мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар аламын.

Ата-аналарды мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Бастауыш сыныпта ата-анамен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.Кейбір бала бойындағы дарындылығын, талантын көрсете алмайды. Сондай жағдайда ата- анамен бірлесе отырып баланың мектептен тыс кездегі іс-әрекетін байқап, ашылуына мүмкіндік туғызуға болады.

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата- аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Осы міндеттерді шешу барысында мектепте жоспарлы түрде ата-аналар апталығы, ата ана, ұстаз, оқушы атты айлықтар жүргізіледі. Ата аналар ұйымы ашық есік күндерінің кезекшілігін жасап, ата-аналардың мектеппен жүйелі түрде байланыс жасауына және мектеп оқушыларының материалдық-әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне көмек беріп отырады. Сынып жетекшілер мен ата аналар тығыз байланыста болып,сынып сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға ықпал жасайды. Мектепте жыл сайын Отбасы мерекесі қарсаңында «Менің жанұям»қабырға газеттерін шығару үрдіске айналды. Менің сыныбым бұл іс-шараға белсене қатысып жүр. Сонымен қатар «Мен қандай ата-анамын?» тақырыбында дөңгелек үстел, «Мен және менің отбасым» атты спорттық сайыстар ұйымдастырылады. «Ардақтайық ананы» атты мектепішілік сайысқа менің сыныбымнан Нұрғазиев Ақерке анасы Нұрғалиева Айнұрмен қатысып, 1 орынға ие болды. Мұндай іс- шаралар ата-анамен баланың арасын одан әрі жақындата түседі. Қаламыздағы көлемді іс-шара «Алтын күз»мерекесінде карнавалдық киімдерді насихаттау және әртістік қабілетін көрсету тапсырылған болатын. 2014 жылы қыркүйекте мектеп табалдырығын енді ғана аттаған оқушым Ибрагимов Бекзат топты жарып 7-9 жас арасынан жүлделі 3 орынды иеленді. ЦРТДиЮ мекемесі «Ұлы жеңіске-70 жыл» мерекесіне орай ұйымдастырған «Забава» қалалық балалар шығармашылығы фестиваліне сынып оқушыларым белсене қатысты. Бейбітшілік композициясы өте сәтті шығып, 1 орынға ие болды. Сыныбымда талантты оқушылар да бар. Сурханбаев Ғазиз мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі. «Забава» фестивалінде, «Соқыр ана» пьессасындағы бала ролін ерекше сомдағаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Жалпы қойылым 1 орынға бағаланды.Сонымен қатар үлгілі тәртібімен, үздік оқуымен мектебіміздің мақтанышы болып жүрген оқушылар аз емес. Солардың бірі көп балалы отбасынан Абдулхай Заманай 2013-2014 оқу жылында облыстағы президенттік жаңа жыл шыршасына қатысты. Елбасының атынан ноутбук пен энциклопедия сыйлығын алып қуанышпен оралды.

Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасын орындау үшін, сондай-ақ есірткіге қарсы қоғамдық насихатты және бұқара қауым арасында есірткіге иммунитет қалыптастыру мен полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде отбасылар арасында «Әкем, анам, мен - берік отбасы!» тақырыбында Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың қазан айында, отбасылық сайысын өткізілді. Бұл сайысқа сыныбымның оқушысы Ақылбекұлы Дидардың ата -аналары Үйреков Ақылбек, Елдияр Феруза, әжесі Әсем топ жарып, жүлделі 2 орынға ие болды. Ал Болатбекова Айша ата - анасымен осы сайыста ынталандыру сыйлығын қанжығасына байлады. Әрине, бұл да тұлғаның қалыптасуына, танымайтын қоршаған ортаға бейімделуіне, араласуына ықпал етпей қоймайды. «Әке көрген, оқ жонар..» деп дана халық бекер айтпаса керек.

Мектепішілік, қалалық, аудан, облыс көлемінде ата- аналар мен балаларды біріктіре отырып жұмыс жасау, түрлі шаралар өткізу, оқушылар мен ата-аналар арасында көзге көрінбейтін белгілі бір бәсекелестікті туғызады. Ата- ана мен балалар бір біріне түрткі болып, өзара біз неге мұндай шараларға қатыспасқа, біз неге көрінбейміз деген ой тудырады. Мұндай бәсекелестік ата ананың мектеппен байланысын арттыра түседі. Мұндай ата-аналар өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді. Мен сыныбымда ата - аналармен жеке әңгімелер жүргізіп, баламен ата-ана арасындағы қарым қатынасты анықтау барысында сауалнамалар алып, қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын жүргізіп отырамын. Мектепте мектеп өміріне белсене араласып, көпке үлгі болар ата аналар жылына бір рет марапатталып, арнайы құттықтауларға ие болады.

Қорытынды

Бала тәрбиесі бүгінгі таңда барша ата-аналар мен мұғлімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, бала жанұяда өсіп тәрбиеленеді. Сондықтан оның алғашқы тәрбиешісі-ата-анасы. Ендеше ұл-қыз өсіріп отырған әр ата-ана жауапкершілік сезімін жоғалтпауы керек. Баланы әуел бастан-ақ қандай жағдайда болсын шыншыл әрі әділ болуға баулу-басты міндеті.

Қорыта келе, ата-ана мен мектептің бірлескен ортақ мақсаты-жас ұрпақтың бойында адамгершіліктің алау сезімін маздатып, жан-жақты дамыған, мейірбан, қамқор, белсенді, ата даңқын жалғайтын, қыран құстай самғайтын рухы асқақ азамат тәрбиелеу.





































Қармақшы аудандық білім бөлімі

«Коммуналдық мекемесі

№274 орта мектебі»

Баяндама

«Ата -анамен бастауыш мұғалімі ынтымақтастығы

- тұлғаны қалыптастырудағы басты бағыты»



Бұқарбаева Гүлнәбира Серікбекқызы,

бастауыш пәні мұғалімі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал