7


  • Учителю
  • Баяндама 'Жеке тұлғаны қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта пайдаланудың ролі'

Баяндама 'Жеке тұлғаны қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта пайдаланудың ролі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жеке тұлғаны қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау

стратегияларын сабақта пайдаланудың ролі



«Білім саласы халықаралық

стандартқа

сай болу керек»


Н. Назарбаев


Білім беруде мектеп мұғалімдеріне қойылатын заманауи талаптар -оқушылардың білім дәрежесін әлемдік деңгейге көтеру, сол мақсатта оқытудың жаңа үлгілерін пайдалану керектігі айтылады. Бүгінгі таңда оқытудың ең тиімді технологиясы ретінде -сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы, оның стратегиялары кеңінен қолданысқа енуде. Сын тұрғысынан дегенге сын деп ойлап қалмау керек, ол шыңдалған ойлау негізі.

Сонымен, сын тұрғысынан ойлауды біз қалай түсінуіміз керек ? Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтар қойып, оларға жауап іздеу, қандай мәселе болса да, өз пікірлерін айтып, дәлелдеу, басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыру. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы көптеген стратегиялардан тұрады. Әрбір мұғалім сол стратегияларды тақырыпқа лайықтап таңдап алып, тиімдісін ғана пайдаланса, жақсы нәтижеге жете алады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Енді бұл кезеңдерге жеке-жеке тоқталып өтсек.

Қызығушылықты ояту. Бұл -сабақтың ең маңызды кезеңі. Бұрын, дәстүрлі сабақтарымызда «бүгін кім кезекші?» , «сабақта кім жоқ ?» , «отыр» деген бұйрықты сөйлемдер айтуды көбірек пайдаланушы едік. Ал, қазір сын тұрғысынан ойлау стратегиялары бізді мұндай сұрақ-жауаптардан құтқарды. Біз оқушыларды алдын ала психологиялық даярлық жасата отырып, сабаққа жақсы көңіл-күй туғызатындай сөздер пайдаландық. Мысалы Әдебиеттік оқудан «Түйе мен тышқан» моңғол ертегісін өткен кезімде, оқушы назарын сабаққа аудару мақсатында мынадай өлең қатарларын пайдаландым :

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын !

Балалар хормен осы өлең қатарларын айтқан кезде, сабаққа деген қызығушылықтары оянды.

Мағынаны ашу кезеңі. Бұл -сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының ең күрделі кезеңі. Бұл жерде пән мұғалімінің сабақ беру шеберлігі де есепке алынады. Оқушылар да, мұғалім де бүгінгі сабақты бұрынғы өткен сабақтармен байланыстыра алу керек. Тіл сабақтарында эссе жазу, топтастыру, болжам кестелері т.б. тәсілдер мағынаны аша түседі. Бірақ бұл тәсілдер тиімділікті, тақырып төңірегінде пайдалануды қажет етеді. Мысалға 2 сыныптың Дүниетану оқулығында «Су.Судың қасиеттері» деген тақырып бар. Сонда «су» деген сөзге топтастыру әдісін пайдалануға болады. Сонымен қатар жұптық, топтық тәсілдер де жақсы нәтиже көрсететініне көзіміз жетіп келеді. Топтық әдісте әр топқа бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалар бере отырып, топ мүшелерінің пікірі тыңдалады. Бұл жерде өз беттерінше ізденіске, өз беттерінше пікір айтып, бір шешімге келуге оқушыларды үйрете аласың. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына «мағынаны ашу» кезеңінің маңызы зор.

Ой толғаныс - бұл да сабақтағы аса маңызды кезең. Бұл кезеңде мұғалімнің берген білімінің нәтижесі қорытындыланады. Балалар оқыған тақырыптары бойынша ойларын түйіндей алады, бір-бірінің пікірлерімен санаса отырып, егер топпен жұмыс жасап отырған жағдайда бір шешімге келе алады. Бағалау парақтарын пайдалана отырып, бірінің білімін бірі бағалай алатын дәрежеге жетеді. Оқу сабақтарында эссе жазып, өздерінің ой-пікірлерін білдірте алады.

Мен тиімді әдіс ретінде «Еркін жазу» технологиясын көбірек пайдаланамын. Еркін жазу ой толғаныс кезінде пайдаланылады. Оқушы жаңа ақпарат туралы не білгендерін әлі де нені білуге , үйренуге мүмкіндіктері бар екендіктерін қағаз бетіне түсіріп беру керек. Бұған бір ғана оқушы емес, барлық оқушылар да қатыса алады. Олар өздерінің ой-пікірлерін толық жазып болғаннан кейін, басқаларға оқып таныстырады. Кімнің жазған жұмысы мазмұнды болса, сол оқушы марапатталады, бағаланады.

Венн диаграммасы - бастауыш сынып мұғалімдерінің көбірек пайдаланатын стратегияларының бірі. Қазақ тілі сабағынан сөз таптарын өткенде, әдебиеттік оқудан ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жасауда Венн диаграммасының маңыздылығы ерекше. Екі кейіпкердің немесе екі түрлі тақыпытардың ұқсастықтары талдана келе, ортақ қасиеттері айқындалады. Бұл әдіс оқушыларды талдауға, жинақтауға, салыстыруға үйрететіні анық.

Саусақпен санамалап айта берсек, стратегиялар өте көп. Бірақ бастауыш сынып бағдарламаларына сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының төмендегі көрсетілген стратегиялары тиімдірек :

  1. Топтастыру, бұл - жүйелі ойды құруға арналған

  2. Бес жолды өлең - оқушы өз ойын тұжырымдап айта отырып, берілген тақырыпқа анықтама береді.

  3. Венн диаграммасы - жоғарыда дәлелдеп өткендей, ойды жинақтауға арналған.

  4. Эссе - белгілі бір тақырыптың төңірегінде қағазға түсіретін оқушының ой-пікірі, шағын шығарма жұмысы

  5. Кубизм - қайталау сабақтары кезінде пайдалануға болады, сұрақтарға жауап іздеу мақсатында жүргізіледі.

  6. Ой қозғау - оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға баулиды. Оқушыларға тақырып бөлімдерін бөліп беріп, түсініп алу тапсырылады. Көздерімен оқып шығып, тақырып туралы түсінгендерін айтады, мұғалім толықтырып, қорытындылайды.

Бұл әдістерді қолдануды мен өз тәжірибемнен алып отырмын. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары жеке тұлғаны қалыптастыруда көп көмек болды. Балалар еркін сөйлеуге, сабақта өздерін еркін ұстауға үйренді. Дәлірек айтсақ, бір-біріне пікір айтуға, ойласа келе, бір шешімге келуге дағдыланды. Оқушылардың бұлай қалыптасуы мұғалімнің жұмысына да көп көмегін тиігізді. Оқушылар уақыт алмай, берілген тапсырманы тез орындай алу дәрежесіне жетті. Өздерінің берген жауаптарына сеніммен қарады, әуелі өздеріне сенді. Керек десеңіз, мұғалімнің пайдаланып жатқан жаңа технологиясының да мазмұнын түсініп отыратын дәрежеге жетті. Сондықтан мұғалімнен күн сайын жаңа технологияны өзгертіп отыруды іщтей талап етті, жақсы жаңалықтар күтіп отыратын болды. Сабаққа деген қызығушылықтары артты. Берілген тапсырманы ұмытпай орындап келуге асығатын дәрежеге жетті.

Оқу мазмұнын жаңғырту - заман қажеттілігінен туады. Қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы. Бала ауызша айту, жалаң түсіндіру, көрнекіліксіз сабақты қабылдамайды. Бастауыш сынып баласының көкейінде «болашақта елімізді жасаушылардың біріміз» деген сенімді ойлар осы кезден қалыптасқан. Болашақты жасау үшін олар оқу керек, жақсы оқу керек екенін түсінеді. Көп тілді меңгеруге тырысады. Дарынды оқушы болғысы келеді. Сондықтан әрбір мұғалім бүгінгі ұрпақтың келешегіне кедергі болмай, олардың жан-жақты білімді болуына атсалысу керек. Ол үшін мұғалім теориялық біліммен қаруланған, теориялық білімін практикамен ұштастыра білетін дәрежеде бола білгені жөн. Мұғалім жақсы жаңалықтардың жаршысы болған жөн.

Мен ұстаздық еңбегім үшін мақтана аламын. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық мақтаныш бар ма?
«Баланың бақыты - жақсы ұстаздың қолында» .Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім - тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын.

Біз ХХІ ғасырдың көшіне ілесіп келеміз. Біздер, жас ұрпаққа білім беретін ұстаздар, өмірдің қиыншылықтарына мойымай еңбек етіп, еліміздің болашағын жасауға атсалысып келеміз. Біздің мақсатымыз - өмірде кездесіп жататын қиыншылықтарға төзе білетін, болашақты жасай алатын білікті де білімді ұрпақ даярлау.




Найзатай Нұргүл

Сақтапберген Әлжіков атындағы №144

орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылы

Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектеп














Жеке тұлғаны қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау

стратегияларын сабақта пайдаланудың ролі







Найзатай Нұргүл Тыныштыққызы




















Қызылорда қаласы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал