7


Әдебиеттік оқу ' Мұғалима'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Мұғалима. Қадыр Мырза Әли

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Қадыр Мырза Әлидің «Мұғалима» өлеңінің мазмұнын ашу. Автор туралы мәлімет беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың тілдік қорын, сөз байлығын, ой-қиялын дамыту. Тәрбиелілігі: Әдептілікке, ұзтазын сыйлауға, елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Жаңа әдістер, СТО, АКТ, СКТ, ойын

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен танысу. Амандасу. Сабаққа дайындық

ІІ. Психологиялық дайындық /3мин/

Балалар қазір қай мезгіл? Күз мезгілі.

Күзде қандай мерекелер болады? Білім күні. Мұғалімдер мерекесі. Тілдер мерекесі

Балалар мен сендермен сабақ өткізіп отырғаныма өте қуаныштымын.

Ал енді сендердің көңіл күйлеріңді білгім келіп тұр. Ол үшін қазір менімен бірге ілесіп айтыңдар

1-қатар қазақша 2-қатар орысша 3-қатар ағылшынша

1 2 3

Ха,ха, ха

1 2 3

Хи, хи, хи

1 2

Ха, ха

1 2

Хи, хи 1 ха 1 хи



Күлкі адамға ұзақ ғұмыр сыйлайды. Сендер үш тілде жақсы санап, белсенділік таныттыңдар. Осы көңіл-күймен жаңа сабақ бастаймыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар біз сіздермен бүгін «Білім әлеміне саяхат жасаймыз. Ал саяхатқа шығу үшін біз мына үш қақпаның тапсырмаларын орындауымыз керек.

  1. қақпаның тапсырмасы: Мақал -сөздің мәйегі. Біз бұл аялдамада мақалдар айтып, жұмбақтар шешеміз.

Мақалдардың ізін жалғастыру үлестірме қағаздарда

Жұмбақтар үш қатарға беріледі

1.Білімнің жол басшысы,

Шәкірттің қол басшысы /мұғалім/

2.Шәкіртке жаны ашыр,

Мейірман кім жаны асыл? /ұстаз/

3.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. /ұстаз/

Олай болса балалар бүгінгі өтетін сабағымыз кім туралы екен? /Мұғалім/

Ия, Қадыр Мырза Әлидің «Мұғалима» өлеңімен танысамыз

1Дәптермен жұмыс /2мин/

Күннің жадын жазу. Сабақтың тақырыбын авторын жазу

2.Оқулықпен жұмыс

Өлеңді іштей оқу. /1мин/

Сергіту сәті: Музыка тыңдау /2 мин/

2 қақпаның тапсырмасы Оқушылар мұғаліммен СКТ жасайды /10 мин/

1.Авторы:Қадыр Мырза Әли / слайдтан автор туралы толығырақ көрсету/

2. Тақырыбы: Мұғалима / көрнекілік әдісін пайдалану/

3.Жанр түрі: өлең



4. Идеясы: Мұғалім еңбегін бағалау, құрметтеу

5.Шумақ: 3 шумақ

6. Тармақ: 12 тармақ

7. Буын -7буын

8. Өлең ұйқасы: қара өлең

9.Көркем сөздер: кластың анасы /балалар пікірі/

10. Сөздік: Бір тал шашы ағарған. /бұл жерде: уайымдаған, қайғырған/

11.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Ұстазды құрметтеу, ұзтаздан өнеге алуға тәрбиелеу

3- қақпа тапсырмасы. Дауыстап оқу

Орамал тастау арқылы үш қатардан оқушыларға оқыту.

ІVҚорытындылау

Рефлекция /3 мин/

Оқушылар сабақ ұнады ма?

Сабақ ұнаған болса стикерлеріңді күннің астына, ал егерде түсінбеген болсаңыз бұлттың астына қойыңыз.

V.Үйге тапсырма:1. Мұғалима өлеңін жаттау.

2. Менің мұғалімім тақырыбына эссе жазу. /2мин/

VІ.Оқушыларды бағалау: сабаққа жақсы қатысқан 4-5 оқушыны бағалау /2мин/



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал