7


ӘДебиеттік оқу Үш би

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Үш биМақсаты: 1.Оқушыларды заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.2.Ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту 3.Адамдардың еңбегін құрметтеуге,еңбекшілдікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: Суреттер, дидактиқалық ма
предварительный просмотр материала

Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы»КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Дюсебекова Дариға Рахимжановна


Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Үш би

Мақсаты: 1.Оқушыларды заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін

кеңейту.

2.Ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту

3.Адамдардың еңбегін құрметтеуге,еңбекшілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, дидактиқалық материалдар.

Сабақтың барысы:

I. Бағыт беру этапы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Өткенді еске түсіру.

  • Өткен сабақта қандай сөздермен таныстық?

  • Заттың атын білдіретін сұрақтар. (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)

  • Заттың қимыл - іс әрекеті. (Не істеді? Не қылды? Қайтті?)

  • Заттың сынын - сапасын. (Қандай? Қай?)

  • Заттың санын. (Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?)

  • Ал, балалар

  • Кім? Кімдер?,- деген сұрақтар кімге қойылады?

  • Адамдарға

  • Ендеше балалар, өмірде ең жақын адам кім?

  • Ана.

  • Топтастыру


Аяулы Жылы


АНА


Жұбаныш Ақыл


  • Домалақ ана өлеңін жазған кім?

  • Тұманбай Молдағалиев

  • Домалақ ананың шын аты кім?

  • Нұрила

  • Ол қай жерде дүниеге келген?

  • Түркістанда

  • Ол нешінші ұрпағы?

  • Қожа Ахмет Иассауидің алтыншы ұрпағы

  • Неше жасында көріпкел, әулие атанды?

  • 10 жасында көріпкел, әулие атанды.

  • Домалақ ананың қасиеттерін кім айтады?

Топтастыру.


Көреген Әулие Ұлы



Нұрила Домалақ ана Ақылды


Қасиетті Таза Адал

4.Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Тынығып дем алайық

II. Іске асыру этапы.

  • Балалар бүгін өтетін тақырыбымыз ел билеген адамдарға байланысты. Қазір сендермен Нұрлан Оразалин ағамыздың жазған «Үш би өлеңімен танысамыз.

Жаңа сабақ

  1. Үш би

а) мәнерлеп оқу

ә) тізбектей оқу

б) мазмұнын талдау

  1. Түсіндіру.

Бұрын елімізді билер басқарған. Ол кісілер жасынан оқыған білімді болған. Би болып елімізге, жерімізге, көлімізге, пана болған. Елдің туын ұстаған. Елдің намысын қорғаған. Қалың қазақ ол кісілерді қастерлеген құрметтеген.

  1. Ұлы жүз

Төле би - ақылды, әділ адам болған.

  1. Орта жүз

Қазыбек би - тапқыр, ел басқарған, шешен атанған.

  1. Кіші жүз

Әйтеке би - шешендігіне қоса, ел басқарған.

Қазақтың бұл үш биі - халық қамын ойлаған.

  1. Оқушылар тізбектей оқиды.

  2. Сұрақ - жауап

1.Бұрын елімізді кімдер басқарған? (Билер).

2.Ал, балалар қазір елімізді басқаруды қалай айтамыз? (Президент).

3.Билер кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).

4.Бұрын елімізге, жерімізге, көлімізге пана болған, еліміздің туын ұстаған, намысын қорғаған, қамқор болған кімдер? (Үш би).


  1. Сергіту сәті

1,2,3 - шебер бала біз

4,5,6 - жалқаулық артта қалды

7,8 - білім мен еңбек егіз

9,10 - тапсырманы орындау жөн.

  1. Суретпен жұмыс

Суретке қарап, құстардың санын анықтаңдар Неше? Нешеу? Қанша?

  • Көгершін нешеу?

  • Қарға нешеу?

  • Көбелек нешеу?

  • Бала не істеп тұр?

  • Тауық нешеу?

  • Балапан нешеу?

  1. Дәптермен жұмыс

Берілген сандарды сөзбен жазыңдар

15,16,19,16,18,20,28,29.30

139-жаттығу.

Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар

Бір дегенім - білеу

Екі дегенім - егеу

Үш дегенім - үскі

Төрт дегенім - төсек.

  1. Ойын: «Ойлан тап»

Шашылған буындарды тауып сөз шығар.

Ік, өр, кер, бөр, ес, бес, өтір. (бөрік, өрік, өтірік, есік, бесік)

III. Қорытынды.

  • Төле би қандай болған?

  • Қазыбек би қандай болған?

  • Әйтеке би қандай болған?

  • Не үйрендік? Не білдік?

IV.Бағалау:

V.Үйге тапсырма: Үш би өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал