- Учителю
- Тәрбие сағаты 4 сынып 'Күз- жомарт'
Тәрбие сағаты 4 сынып 'Күз- жомарт'
Тақырыбы: Күз - жомарт
Мақсаты:
Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1 жүр: Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Жарысқа түскен әр сыныпқа
Сәттілік тілеңіздер!
2 жүр: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Және де бүгінгі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекесіне қатысушы сайыскерлер!
1 жүр: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
2 жүр: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1 жүр: Күз-жомарт, күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 жүр:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)
1 жүр: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
2 жүр: бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Сән үлгісі
4. Күзгі дастархан
5. Көкөністерден, жемістерден бейне жасау
6. Өз өнерін көрсету. (вальс, ән орындау дуэтпен)
1 жүр: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
2 жүр: Ол үшін әр топтың басшысы шығып қоржыннан асық алуы тиіс. Сол алған асықтағы белгіленген нөмір бойынша сайысқа түседі. Сонымен таныстыру кезеңі
Жарқын дауыспен айқайлап,
Танысып өтсек әр жұппен.
1 жүр: Келесі сайысымыз викториналық сұрақтар.
1.Кубик жасау үшін неше шаршы керек?
2. Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр. ?
3. Тонна мақта ауыр ма? 1 тонна темір ауыр ма? (тең).
4. Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?
5. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (жүз 100).
6. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
2 жүр: Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық. Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға ән айтушы топты шақырамыз.
2 жүр:
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
Сондай ән туғызған қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.
1 жүр: сайыскерлеріміз дайын болса ортаға шақырамыз. (музыка ойнап тұрады сайыскерлеріміз ортаны айналып өтеді
1 жүр:
Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың - дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық. Ортаға 1 номерлі --------- топты шақырамыз.
2 жүр:
Күзгі дастархан сайысына кезек береміз. Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, дәмін татайық.
Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!
1 жүр: келесі кезектегі сайысымыз көкөністерден, жеміс жидектерден бейне жасау.
Сергіту сәті
2 жүр: міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Күз ханзадасы мен ханшайымын» анықтайтын уақыт жетті.
1 жүр:
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Қараңдаршы көзің тоймас.
Күз деген бір жақсы уақыт
Ойда, қырда, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып.
Ал, балалар, кім біледі?
Неге айтамыз «Алтын күз» деп.
Ердос: «Алтын күз» деп
Біз айтамыз сол үшін де,
Сары алтындай, сары қауын
Көп піскен соң бақ ішінде.
Гүлсая: Жаңа піскен алма баққа
Көзің тоймас қарасаң да,
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қайың, талға
Мұны көріп күзді қалай,
Теңемессің сары алтынға.
1 - жүргізуші: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.
2 - жүргізуші: Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
1 - жүргізуші: «Еңбек етсең емерсің» деген осы.
2 - жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Кешімізде бейнематериалдар, слайдтар пайдаланылды.