7


  • Учителю
  • Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдану

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді сабақтың жоспары

20.02.2015

Математика

3 «в» сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Көбейту және бөлу

Мақсаты

16*5, 80:5 түріндегі көбейту, бөлуді меңгереді.

Күтілетін нәтижесі:

Есептеу дағдылары жетіледі, қисынды ойлауға жетіседі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, қима қағаздар, тапсырмалар жазылған парақшалар, таза парақшалар, фломастерлер.

Оқыту әдістері:


Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, СТО, АКТ, көшбасшылық, оқытуды, оқуды бағалау, талантты, дарынды балалармен жұмыс.

Сабақ кезеңдері

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1-кезең Проблеманы айқындау

Топтарға бөліну


Ойсергек СТО

Амал таңбалары

арқылы топтарға бөледі.

Әр амалға мысалдар құрайды.

Топқа бөлініп отырады,

ережені еске түсіреді.

Топтарда бірлесе қосынды, айырма, көбейтуді, бөлді құрайды.

Үй тапсырмасын

тексеру

«Қарсы топ тапсырмасы»

СТО:

Бірлескен ізденіс

«Ұстаз тапсырмасы»

а) Бір-біріне қосындыны санға бөлу, көбейтуге байланысты тапсырмалар дайындауды тапсырады.

ә) Өткен сабаққа

байланысты тапсырма ұсынады: 18*4, 48:2,

26* 3, 84:4;

Тапсырмаларды топтарда талқылай отырып,

мәндерін бірлесе шешеді.

Тапсырмаларды топтарда талқылайды, тақырыбын анықтайды, бірлесе мәнін табады, қорытынды жасайды.

2 - кезең

Проблеманы шешу.

Жаңа тақырыпқа бағыттау.

«Бірлескен зерттеу.»

«Болжау» стратегиясы

Сергіту сәті

АКТ-дан тапсырмалар ұсынады:

16*5, 80:5


Музыка қосады.

Тапсырмаларды зерттейді, топтарда бірлескен талқылау жүргізеді, ұсыныстарын айтады, шешімдерін жариялайды: 16*5= (10+6)*5=80

80:5= (50+30):5=16

Музыка әуенімен билейді.

3-кезең

Проблема шешімін қолдану. Оқулықпен жұмыс

«Ойлан, қолдан»

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс.


Жеке жұмыс

Оқулық тапсырмаларына назарларын аудартады.

1-тап. Көшбасшы оқушыларға оқытады.

2-тап. Досыма көмек. Дарын- ды, талантты балалардың көмегіне жүгіндіру.

3-тап. Есеп туралы білімдерін еске түсіртеді.

4-тап. «Жекпе-жек» ойыны арқылы орындатады.

Тапсырмаларға шолу жасайды. Оқиды, өз тұжырымдары мен салыстырады. Дарынды, талантты оқушылар жаңа тақырыпты үйрете тұрып, тақтада орындайды. Есепті дауыстап оқиды, сөз- дік жұмысын жүргізеді, талқылайды, шартын, сұрағын анықтайды.

Мысалды орындауға бір-бірін тақтаға жекпе-жекке шақырады, жарыса орындайды.

Қорытындылау

Кері байланыс

«Алақан»

әдісі




Бас бармақ-не істедік?

Балан үйрек-не білдік?

Ортан терек- не ұнады?

Шылдыр шүмек-не түсінб-к?

Кішкентай бөбек- кімнің көмегіне жүгінеміз?

Алақан сұрақтарына жауап жазады., бір-біріне рахмет айтады.

Бағалау

Сабақ барысындағы мұғалімнің оқыту үшін бағалауы.

Топ басшысының оқытуды критериалды бағалауы.

Үйге тапсырма

№ 5,6. 50-бет, қосымша 7-тапсырма


Сабақты мұғалімнің өзіндік талдауы.

3 «В» сыныбында 25 оқушы оқиды. Оның 10-ы қыз, 15-і ұл. 1 оқушы денсаулығына байланысты үйден оқиды, 1оқушы тыңдаушы, 1 оқушы денсаулығына байланысты дене шынықтырудан босатылған. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 58% болды.

Математикадан өткен ашық сабақ тақырыбы: «16*5, 80:5 түріндегі ауызша көбейту және бөлу».

Мақсаты: оқушылар екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту, бөлуді меңгереді;

Күтілетін нәтиже: есептеу дағдылары дамиды, қисынды ойлауға жетіседі, топтық жұмыс барысында білімді өз бетімен игеруге деген құлшыныстары артады, бір-біріне үйретуге, көмек беруге, бағалауға жаттығады.

Сабақ заманауй оқудың жеті модулі:

  • оқытудағы жаңа тәсілдер,

  • сыни тұрғыдан ойлау,

  • оқуды және оқытуды бағалау,

  • АКТ,

  • талантты және дарынды балалармен жұмыс,

  • орта білім берудегі басқару мен көшбасшылық модулдерінің кіріктіру негізінде өткізілді.

Сабақ 3 кезеңнен құрылды.

І проблеманы айқындау кезеңі. Бұнда оқушылар топтарға бөлініп, топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріп, өткен білімді пысықтады. Осы кезеңде, көшбасшылық (топ басшысын сайлау), сын тұрғысынан ойлау (ойсергек барысында амалдар туралы білімдерін еске түсірді, қарама-қарсы топтарға тапсырмалар құрап ұсынды), оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер ( топтық жұмыс, бірлескен ізденіс) модульдері қолданылды.

ІІ проблеманы шешу кезеңі. Бұл кезеңде жаңа тақырыпқа бағыттау жүреді. Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін қолдана отырып, АКТ-дан тапсырмалар орындай отырып, жаңа сабаққа өтті. Тағы бір модуль талантты, дарынды оқушылардың көмегімен жаңа тақырып барысында алған білімдерін бекітті. Осы кезеңде бірлескен зерттеу, болжау, ой қорыту, салыстыру әдістері қолданылды.

ІІІ проблема шешімін қолдану кезеңі. Бұл жерде оқулық тапсырмаларымен жұмыс болды. Оқушылар өз болжауларын оқулық ережесімен салыстырып, дұрыс екендігіне көздері жетіп, өзін -өзі яғни оқуды бағалау модулі іске асырылды. Оқулықтан есеп шығару, бірнеше амалды өрнектің мәнін табу барысында жаңа білімдерін бекітіп, екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту, бөлуге машықтанды. Ал санның бөлігін табу, шамаларды өрнектеу барысында бұрын алған білімдерін еске түсіріп пысықтады, сол себепті бұл тапсырмаларды оқушылар жеке жұмыс ретінде және ауызша орындады.Осы кезеңде тағы да орта білім берудегі көшбасшылық, талантты, дарынды балалармен жұмыс, оқуды және оқыту үшін бағалау, оқытудағы жаңа тәсілдер, модульдері және «Ойлан, қолдан», жеке, жұптық, топтық әдістері қолданылды.

Қорытынды оқушылармен кері байланыс жүргізу арқылы «Алақан» әдісімен жүзеге асты. Оқуды бағалау топ басшысының крийтериалды бағалауы тыңдалды.

Бастауыш сынып мұғалімі Кусайнова Г. И.








Сабақ барысындағы белсенді әрекеттер


Ой қозғау, жағдаяттан шығу



Топтық жұмыстың нәтижесі


Білімді дәлелдеу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал