7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік

Тәрбие сағаты Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!

Мақсаты: тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Әр елдің, әр адамның адамгершілік , достық, ынтымақ-бірлік бейбіт өмір, жарасымды тіршілік иесі екендігін жас ұрпақтың санасына жеткізу; Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарына жету барысында өздерінің елі, халқы үшін өмірін, жастығын қиған аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі тұта отырып, оқушыларға елжандылық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, қанатты сөздер, слайд.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, Отандастар! Қайырлы күн, ұстаздар , оқушылар!

2-жүргізуші: 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші: Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Ол баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

1-оқушы:

Тәуелсіздік - ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Махамбеттер,кешегі өткен Қайраттар,

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.



2-оқушы:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлады.

Тәуелсіздік - 11 әріп құраған,

Сан ғасырлар бар қазаққа бол арман.



3-оқушы:

Тәуелсіздік - қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек жан-тәніңмен ұғып біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал талдайық, жеткенінше қызыл тіл.

4-оқушы:

Т әріпі білдіреді теңдікті.

5-оқушы:

Ә әріпі әдептілік , әлдікті.

6-оқушы:

У әріпі уайымсыз уақытты.

7-оқушы:

Е әріпі егемендік ,елдікті.

8-оқушы:

Л әріпі дейді лағып лепірме.

9-оқушы:

С әріпі сенімділік секілді ең.

10-оқушы:

І әріпі ілтипат пен ізет қой.

11-оқушы:

З әріпі зиялылық тілек қой.

12-оқушы:

Д әріпі шақырады достыққа.

13-оқушы:

І әріпі іркілмей тек шындықты айт.

14-оқушы:

К әріпі дейді күн бол көктегі.

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.



1-жүргізуші: Иә, сонымен, Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?



15-оқушы:

Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі, сыртқы саяси мәселелерді өзі шеше алатын мүмкіндігі бар елді Тәуелсіз мемлекет деп атаймыз.



2-жүргізуші: Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Ел тәуелсіздігі үшін жүргізілген күрес жолында көптеген адамдар - саяси қайраткерлер, қолбасшылар, ғалымдар, қатардағы бұқара өкілдері құрбан болды. Олар халық жүрегінде мәңгі сақталады.



16-оқушы:

Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова сияқты азаматтардың еңбегі сіңді.



1-жүргізуші: Иә, осындай аға-апаларымыздың арқасында Тәуелсіз мемлекет болдық, ендеше бір сәт осы азаматтарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық.



Слайд көрсету.



17-оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.



18-оқушы:

Әділдік пен шындықты,

Өтірік жала еткен күн.

Надан жасаған шындықтан,

Адамдар азап шеккен күн.



2-жүргізуші:

Міне, содан бері 29 жыл өтті, 29 желтоқсан өтті. Аяулы ер-азаматтарымыз Ләззат, Ербол, Қайрат, Сабира, Жамбыл, Ертай, т.б аға-апаларымыз толық ақталды.



1-жүргізуші:

Бұл ереуіл Қазақстанның егемендігіне ғана жол салып қойған жоқ, дүние жүзіндегі саясаттың өзгеруіне ықпал етті. Арман орындалды. Еліміздің көк байрағы Астанамызда желбіреп тұр. Өз елтаңбамыз, өз әнұранымыз бар. Тәуелсіз мемлекетімізді басқаратын өз елбасымыз бар.

Слайд көрсету.



2-жүргізуші:

Мен - Қазақпын, биікпін, байтақ елмін!

Қайта тудым, өмірге қайта келдім!

Мен, мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.



1-жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!



«Жетекшіміз Нұр Отан» әні орындалады.



2-жүргізуші:

Қазағымның қайсар рухы асқақтай бер! Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік баянды болғай!

































































«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі»КММ





















1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы.

М.Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

























Тарих пәні мұғалімі: Жұмаханов Қ.А

Бастауыш сынып мұғалімі: Сасенова П.К



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал