7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы (1 сынып)

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Өсімдік табиғаттың негізгі бір бөлігі бола тұра, оның басқа тіршілік иелерінің дамуына әсері. Өсімдіктердің жануарлар тіршілігінде алатын орнын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, ойын.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Психологиялық кезең:

Күндей жылы бол!

Алмадай тәтті бол!

Доптай көңілді бол!

Айнадай жарық бол!

Жүзік сияқты әдемі бол!

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Сұрақ - жауап.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Пікірлесу:











  1. Өсімдік табиғаттың негізгі бір бөлігі бола тұра, оның басқа тіршілік иелерінің дамуына әсері.

  2. Жануарлар өсімдік арасында өмір сүреді, оның түрлі мүшелерін қорек етеді, баспана - ұя ретінде де пайдаланады және тұқым өргізу, көбеюі де осы өсімдікпен байланысты.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

  • Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы (1 сынып)Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы (1 сынып)Дүниетану пәнінен сабақ жоспары Өсімдіктердің жануарлар тіршілігіндегі маңызы (1 сынып)

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Жануарлар өсімдіктерді қорек, баспана ретінде пайдаланады. Бірі гүлдің шырынын жинаса, бірі өсімдік жемісін жейді. Ал ағаш қуыстарына құстар ұя салады.

Ағаш қуысын баспана ететін аңдар да бар. Мысалы, тиін қуысқа құрғақ шөп төсеп жылы үйшік жасайды. Күздей жинаған азығын қыста қорек етіп, аязды күндері сонда паналайды.

Көк құс ұясын адам бара алмайтын құздың басына салады екен. оның түр−тұрпаты шымшыққа ұқсас болады. Көк құс ұясын өсімдік тамыры мен мүктен салады. Ол ұя кәдімгі тостағанға ұқсайды. Бұл тостағанды биік жартастың қуысына орнатады. Ол тығыз әрі берік болады.

Ү. Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста,

Емін - еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үш бұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

ҮІ. Сабақты қорыту:

  • Біз не білдік?

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау:

?! 1. Суреттерге қарап, қай жануарлардың өсімдікпен қоректенетінін айт.

2.Өсімдіктің жануарларға азық, баспана ретіндегі пайдасы туралы әңгімеле.

  1. Өсімдікпен қоректенетін тағы қандай жануарларды білесің, атап шық.

Көк құстың ұясын тамыр мен мүктен салуының себебі қандай?

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

ҮІІІ. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал