- Учителю
- Открытый урок ' Щ щ дыбысы мен әрпі'
Открытый урок ' Щ щ дыбысы мен әрпі'
Жамбыл обылыс, Талас ауданы, Қаратау қаласы
А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Сембекова Макпал
Сабақтың тақырыбы: Щ щ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Щ дыбысының жазба, баспа түрімен таныстыру, оны дұрыс дыбыстату.
Дамытушылығы: Сөздерге дыбыстық талдау жасату мақсатынды сөздік қорын, ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Әдісі: Түсіндіру, жұмбақ шещу, сө, сөйлем құрау
Пәнаралық байланыс.: Дүниетану
Көрнекіліктер: Щеткалар, суреттер, кеспе әріптер
Өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушы назарын сабаққа аудару
Ә) Өткен сабақты еске түсіру.
1. Қандай дыбыспен таныстық?
-Э дыбысымен таныстық
2. Э дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?
Схема бойынша оқу
Эле- ва- тор
Эки- паж
Экс-ка-ва-тор
Электр
3. Э дыбысы қандай дыбыс түріне жатады?
-Дауысты дыбыс.
Б) Өлеңдерді жатқа сұрау.
Фонетика әлеміне саяхат.
А,С,Е,Р,О,Т,Ш,Л,Ы,И,Б,Й,Д,З,У,Ж,Г,К,Қ,Ң,Ғ,І,Ә,Ө;
А Е
О
Ө І
Ә
И
С Т Й М Н Ң К Д З Ш Г Ж
ІІ. Жаңа сабақ.
«Ой қозғау» Жұмбақ шешу.
Тіс кірлесе тазартар
Киімнің кірін азайтар
Бәтеңкеңді жаңартар.
Бұл не? (Щетка)
Киімің болса шаңы бар,
Тазалап оны арылтар
Қажет заттың аты не?
Басында қандай әрпі бар? (Щетка)
Щетка сөзі қандай дыбыстан басталады.
Қане , балалар бәріміз щ-щ- деп айтып көрейікші, қалай айтылып тұр?
-Дыбысымыз кедергіге ұшырап шығып тұр, олай болса дауыссыз дыбыс екен.
Ал мынау Щ дыбысының таңбасы.
Щ дыбысы қандай дыбысқа ұқсастығы бар?
-Щ-Ш ұқсас. Айырмышылығы бар ма?
-Щ дыбысының аяғы бар.
Суретпен жұмыс.
-Тақтадан қандай заттарды көріп тұрмыз?
- Щеткалар
- Щеткалардың бәрі бірдей ме?
-Олардың атқаратын қызметтері әртүрлі.
-Бірі тіс тазартады
-Бірі киім тазартады.
-Бірі аяқ- киім тазартады.
Ұқыпты ,таза жүруіміз үшін осы щеткаларды қолдана білуіміз керек.
Деніміз сау болу үшін тазалықты сақтайық.
ІУ. Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздан Щ дыбысын тауып алайық Оқулығымызда біз көріп отырған щеткалардың суреттері берілген.
Әліппедегі сөздерді тізбектете оқимыз.
Щетка, ащы, тұщы ,борщ.
Бұл сөздерде Щ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі.
-Сөздің басында, ортасында , аяғында кездеседі.
Барлығымыз әліппедегі мәтіннің тақырыбын оқиықшы.
-Балқаш
-Балқаштың не екенін білеміз бе?
-Балқаш- Қазақстандағы үлкен көл. Ол Республикамыздың оңтүстік -шығысында Балқаш- Алакөл ойысынды орналасқан. Балқаш көлі Батыс Шығыс болып екіге бөлінеді.. Оның тұздылығы да біркелкі емес. Батыс жақ бөлігінің суы тұщы болып келеді, шығыс бөлігінің суы ащы болады.
Енді осы мәтінді оқимыз.
Осы мәтінде Щ дыбысы кездесетін сөздер бар ма?
-Ащы, тұщы
Щ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
-Сөздің ортасында.
Сергіту сәті. «Щеткалар»
Дәптермен жұмыс. Щ дыбысы төр элементтен тұрады.
Ауада жазу
Дәптерге түсіру
Сөздер
Жуан
Жіңішке
Инелік
Жолбарыс
Әтеш
Қазақстан
Таға
Әже
Ілгіш
Қорыту.
«Табиғатқа саяхат»
-Қазір қай мезгіл?
-Қыста табиғат қандай өзгеріске түседі?
-Шана тебеміз
-Аққала жасаймыз.
Олай болса, біздер де аққала жасайық. Аққаламыз әдемі шығу үшін әр бөлігінде берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.
-Аққаланың өзі неше бөліктен тұрады?
-Үш бөліктен тұрады.
-Щ дыбысы басталатын сөздер
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Щетка
Щет-ка
2. Осы сөздерге дыбыстық , буындық талдау
ІІ қатар ІІІ қатар
Ащы тұщы
А- щы тұ-щы
3. Сөйлем ойла
Сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Щ дыбысы
-Біздің аққаламыз қалай болып шықты, балалар?
-Әдемі, аппақ болды.
-Біз де щетка түрлерін үнемі пайдалансақ әдемі, аппақ таза болып жүреміз. Енді балалар, сендер бала- бақшада тазалық туралы жаттаған өлеңдерің бар ма? Қане кім айтады?
-Үйге бүгінгі өткен Щ дыбысына байланысты сөздерді оқып қайталып келесіңдер.
Бағалау. Әрбір сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға аққала тапсыру