7


Ашық сабақ Ою- өрнек түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ою - өрнек түрлері және

дайындау реттілігі

Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Мақсаты:

1. Ою - өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;

2. Оқушыларды халқымыздың салт - дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой - өрісін дамыту;

3. Оқушыларға ою - өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, өрмекші әдісі, проблемалық әдіс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, тарих, әдебиет.

Көрнекілігі: ою - өрнек түрлерінен жасалған буклет, слайд, видео роликтер, оюлардың үлгілері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша өрмекші әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1. Ең көне ою - Қошқар мүйіз

2. Бұл оюға қарасақ қазақтың кең даласы елестейді - сұлама

3. Магиялық ою - Тұмарша

4. Түйе баласына қатысты ою - Ботагөз

5. Өте кең тараған ою - Сыңар мүйіз

6. Аспан әлеміне қатысты ою - Жұлдыз

7. Тұскиізге салынатын өсімдік тектес ою - Қызғалдақ

8. Аққу оюы нені бейнелейді - Махаббатты, адалдықты

9. Қос дөңгелек оюы нені білдіреді - Әділеттіліктің бейнесі

10. Тасбақа оюы нені білдіреді - Мәңгі өмір

Ою - өрнектер туралы видео роликке назар аударыңдар (слайд - ою ролик көрсету)

ІІІ. Жаңа сабақ

Проблемалық сұрақтар

• Ою дегеніміз не? (Ою дегеніміз - бұйымға түсірілген өрнекті кесу арқылы өңдеу)

• Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу)

• Ритм дегеніміз не? (Ою - өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны ритм дейміз)

• Орнамент дегеніміз не? (Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы - сәндеу, әсемдеу, әшекейлеу)

• Симметрия дегеніміз не? (Симметрия дегеніміз - ою - өрнектің екі жағының тең болуы)

• Колорит деген не? (Бұйымға салынатын ою - өрнектің бояу түрлерінің бір - бірімен үйлесіп, жарасым табуы - колорит деп аталады)

Жайлаудың шырынды шөптерінің арасында, тау етегінде ауыл сұлап жатты. Алау түтіні, қойлардың маңырағаны, иттердің үрі, балалар күлкісі - осының бәрі ауылға жақындағанда естіледі. Міне, киіз үйлерде тұр. Қазақ халқы көшпенді ел болып, жаз - жайлауда, қыс - қыстауда заман ағымына сәйкес киіз үйде тұрмыс құрып өмір сүрген. Сол ата - бабаларымыздан қалған асыл мұра - қазақтың киіз үйі.

Бүгін көп қызықты заттар көріп, ою - өрнек туралы білуіміз үшін және шығармашылық жасау үшін киіз үйге кіріп - шығуға шақырамыз.



а) - Қане, бірінші киіз үйге кіріп көрейік.

«Өнер - таусылмас азық, жоғалмас байлық»,- дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы - ою - өрнектер.

• Ою - өрнек не үшін қолданылады? (Ою - өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек)

• Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою - өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында - өру, тігу, құрау, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс - аяқтарға, киім - кешектерге безендіріліп салынған)

Кезінде өнертанушы В. Чепелев «қазақтар тек ою - өрнек әлемінде өмір сүрген сияқты»,- деп атап көрсеткен.

Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа оюланған қажетті бұйымдар өте көп.

ә) - Ал, енді білейік, қандай ою түрлері бар. Ою - өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200 - дей түрін анықтаған.

«Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?» - деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:

Таудың бұлағынан,

ойдың құлағынан

Апамның киізінен

Ешкінің мүйізінен, - деген өлең жолдары жоғарыда айтылғандардың дәлелі.

б) Әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою - өрнегінің шебері - оюшы.

- Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінге жеткен. Бізде ою ойып көрейік.

Мына оюлардың қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд - қағазды бір бүктеу әдістерін көрсету)

IV. Сарамандық жұмыс

• Балалар, мүйіз оюын қиып үйренейік. Қию алдында, қайшымен жұмыс

техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.

1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.

2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме

3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.

5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

- Жарайсыңдар, енді жұмысымызға кірісейік. Мына мүйіз оюын қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд - қағазды бір бүктеу әдісін көрсету)

1) Топпен жұмыс

Оқушылармен бірге ою қию

2) Слайдтан оюдың түрлерін көру

3) Сұраққа жауап

- Қазақ оюының кең тараған түрі (мүйіз оюы)

- Қыз есімімен аталған өрнек (ботакөз)

- Гүл оюы нені бейнелейді? (қуаныш)

- Үзілмейтін бағыт, мәңгілік нышаны не? (дөңгелек оюы)

V. Сабақты қорытындылау.

- Ою - өрнек қанша топқа бөлінеді? Және қандай?

- Ою дегеніміз не?

- Симметрия дегеніміз не?

Менің білетінім Менің үйренгенім Менің үйренгім келеді



VІ. Бағалау

Оқушылардың белсенділігімен, сабақта жинаған жұлдыздарын есепке ала отырып бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Бүктеу, қырқу тәсілдері бойынша ою - өрнек түрлерін орындап келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал