7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ы дыбысының орнын анықтату, ауызша әңгімеден кейін с

Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ы дыбысының орнын анықтату, ауызша әңгімеден кейін с

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 29.09.2015ж

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ы дыбысының орнын анықтату, ауызша әңгімеден кейін сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға үйрену. Сурет бойынша әңгіме құруға үйрету;

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, шыбын, сыпырғыш, қарлығаш, сиыр суреттері, кеспе әріп

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сөздік, көрнекілік, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

Сабақты жұмбақтан бастау:

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс)

Жұмбақ шешуі - ыдыс. Ыдыс сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтқызу (Ы - ы - ды -ы - ы - с).

Оның таңбасын көрсетіліп, әрпімен таныстыру. Дауысты дыбыс екені айтылады.

Мұғалім кеспе әріптердің көмегімен буындар құрастырып, оларды сынып оқушыларына оқыту (ыл, ыс, ыр, ыс, ыш, ыс).

Оқулықтың 34-бетіндегі жазылған буындарды оқып, жаттықтыру жұмысы жалғасады. Хормен, тізбектеп оқыту.

«Сушылар» диалогын оқыту

Су, суар, суару, суарушы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Көркем етіп жазайық.

Дәптермен жұмыс

Жазу дәптеріндегі ы әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру. Қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жасау. Ы әрпін үлгідегідей жол аяғына дейін жазу. Сиыр, бұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Ы дыбысының орнын табу. У, ы дыбыстарын қосып, буын, сөз құрау.

Оқулық бетінің соңына қарай баспа түрінде өткен әріптер берілген. Оларды жазба түрінде дәптерге көшіріп жазу.

Жазу дәптерінідегіы әрпіне байланысты қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары орындалады.

Оқушылар жазу дәптеріндегі ы әрпін үлгі бойынша жазады. Шырша сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөзді көркем етіп үлгідегідей көшіреді.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың баған түрінде берілген сөздерді тұтас оқуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ондағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастырып, оқушылар төмендегі мәтінді толықтырып оқиды.

Талдау-жинақтау әдісін пайдаланып, мәтінді сөйлемге, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау жұмысы ұйымдастырылады. Бас әріппен жазылатын сөздер жөнінде ұғымды қалыптастыру жұмысы жалғасады.

Тапқышбектің тапсырмасын орындау. Бос торкөзге тиісті әріптерді қою.

Оқулықтағы Тапқышбектің логикалық тапсырмасы орындалады. Дәптердегі берілген кісі аттарын үлгідегідей көшіріп жазғызуға болады. Өздері білетін кісі аттарын жазуға мүмкіндік жасап, шығармашылыққа баулу керек.

Бүгін біз қандай әріппен таныстық?

Арыс не суарды?

Асыл мен Ырыс кімдер?

Олар не істеді?

«Әліппе серігімен» жұмыс. Ы дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.

ІҮ. Сабақты бекіту.

Оқушыларға әріптер таратылып,сол әріптерден басталатын сөздер тауып айтады.

Л

А



о

У

С









р

Ш

Ү. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал