7


  • Учителю
  • Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Малта Сыныбы: 3

Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Малта Сыныбы: 3

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров.Малта

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ілияс Жансүгіров туралы түсінік беріп,өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын,ойлау,сөйлеу,есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сауатты,көркем жазуға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,ағылшын тілі,дүниетану

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойындар,СТО

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық сәт.

-Армысың , сұлу күн!

-Армысың ,ашық аспан!

-Қайырлы күн, баршаға!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:1.Сұрақтарға жауап алу.

1.Қатқан нан мәтінінде не туралы айтылады?

2.Серёжаның әкесі кім болып жұмыс істейді?

3.Ол қанша жыл нан пісіріп келеді?

4.Әкесі пісірген ыстық нандар қайда жеткізіледі?

5.Серёжаның әкесі алғаш рет жұмысқа бармай қалады.Себебі неде?

6.Асханадағы үстел үстінде қандай нандар тұрады?

7.Балалар нанды қалай жеп отырды?

2. "Нансыз өмір жоқ" тақырыбында жазған шығармалары

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Сөзжұмбақ шешу арқылы.





ІV.Сабақты түсіндіру.Ілия Жансүгіров туралы түсінік беру.

1894 жылы Алматы облысы,Ақсу ауданында дүниеге келген. Ақын,қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Алғашқы өлеңдер жинағы "Сағанақ" деп аталады. «Күйші», «Дала», «Құлагер» поэмалары жарық көрген. "Жолдастар" романын жазған.

Оқулықпен жұмыс жүргізу:

1.Мәнерлеп оқу

2.Тізбектей оқу

Малта туралы түсінік беру:

Малта-езілген құрттың ұсақ түйіршіктері.Ол әрі жұмсақ әрі дәмді ас

саналады.Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын,әрі тамақ яғни қорек болып саналады.Батырлар елді,жерді қорғап аттан түспей жүрген кездерде малтаны ауыздарына салып тағам еткен.

Сергіту сәті: «Танцующий бобер»

Құрттың түрлері

1.Жас құрт

2.Ыстық құрт

3.Сықпа құрт

4.Езген құрт

5.Малта

6.Ақмалта

7.Құрт-май

8.Құрт-көже

9.Ақлақ

10.Ақ тұшпара

Ойын. «Шатасқан буындар»Жауабы: Малта,Жұмыршақ,Пісірді,Айран,Сөре,Сыбанып.

Сөздікпен жұмыс:

Жұмыршақ-кедір-бұдыры жоқ,жұп-жұмыр.

Сөре-бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.

Өре-құрт,ірімшік,жеміс-жидек тағы басқа тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре.

Шым-шым су-ыстық су.

Сыбану-жеңін түру.

Суретпен жұмыс жүргізу.

Сабақты бекіту: ББҮСабақты қорыту: - Біз бүгін кімнің өлеңімен таныстық?

-Малта дегеніміз не екен?

-Оның қандай пайдасы бар екен?

Үй тапсырмасы: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу

2. "Қыс азығын жаз жина" тақырыбына шығарма жазу

Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал