7


ӘДебиеттік оқу 'Шал мен бала'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Бердібек Соқпақбаев

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.

Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен, жұпта, топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Үлкендерді сыйлауға, бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Болжау» әдісістратегиясы, топтық пікірлесу, танысу картасы

Сабақтың көрнекілігі: мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, «Сырсандық», Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық көңіл-күй.

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

-Балалар, мына үш түрлітүсті жапырақшаларды таңдайық.

Әр таңдаған түс бойынша топтасып отыру.
-Балалар, қазір алдарыңдағы жапырақшаларға , әрқайсысың бойларыңдағы жаман қылықтарыңды, жағымсыз қасиеттеріңді бір сөзбен жазып, қобдишаға салып қоямыз.

( мыс еріншектік, жалқаулық, т.б.) Бойымыздан осындай жаман қылықтан арылып, жақсы көңілмен бүгінгі сабақты бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Ж. Молдағалиев «Ар-ұят туралы» өлеңін жатқа мәнерлеп айту.

-Жұбан Молдағалиев туралы не білеміз?

Әр топқа ақын өміріне қатысты сөздер жазылған топшамалар таратылады. Сол сөздер арқылы ақын өмірі жайлы айтылады.


1920ж,5 қыркүйек Мемлекеттік сыйлықтарының иегері
Батыс Қазақстан обл «Қыран дала»

Орал қаласында «Байқоңыр баспалдақтары»
ескерткіш
орнатылды Ж. Модағалиев атында
кітапхана

Тайпақ аудан
Жыланды ауылында
«Мен Қазақпын» дастаны «Айттым сәлем» «Қыран дала»

1920 жылы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында туған.
Әр бала жатқабілетін, қазақрухынасқақтатқан "Мен қазақпын" дастанынжазған дара тұлға - ұрпағынаөлмесмұрақалдырды.
"Жесіртағдыры", Айттымсәлем", "Қыран дала", "Сел", "Байқоңырбаспалдақтары "т. б дастандары, том-том туындылары, ЖұбанМолдағалиеватынғасырдан-ғасырғажеткізебереді.
Біз, ұрпақтары, ЖұбанағаесімінҚазақстан мен ҚСРО Мемлекеттіксыйлықтарыныңиегеріболғаныүшінемес, біртуаріріҚазақболғаныүшінардақтаймыз.
1991 жылымамырайындаҚұрайлысайда Ж. Молдағалиевкеескерткішорнатылған. Орал қаласында Ж. Молдағалиев атындағы кітапхана бар.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Қызығушылықты ояту.

«Кім кінәлі?» мәтінін оқып беру. Оқушылардан мәтін мазмұнын зейін қойып тыңдау сұралады.

Кім кінәлі?

Алмас пен Думан тату достар еді. Екеуі сыныптас, бір партада қатар отыратын.

Үзіліс кезі. Мектеп ауласында доп қуып жүрген Алмас байқамай ағаштың бұтағын сындырып алды. Бұл уақытта күзетші атай осы маңда болатын, сынған бұтақты көріп, Алмастың жанына келді:

Бұтақты сен сындырдың ба? - деді.

Мен емеспін... - деді Алмас бірден.

Неге екенін, оның жанындағы тұрған Думан өз-өзінен қызарып кетті.

Күзетші енді Думаннан:

-Әлде, сындырған сенсің бе? - деп сұрады.

Ол үндемеді.

Онда кінәлі сен болдың ғой, мойныңа алуға батылың жетпей тұр - ә? - деді күзетші Думанға тесіле қарап.

Думан кінәлі досына бір қарады да, бұрылып жүре берді.

Досын ренжітіп алған Алмас қатты қапаланды. Оның соңынан:

Тоқтай тұршы... - деді дауыстап.

Күзетші кімнің кінәлі екенін іштей сезді. Бірақ үндемеді.

- Оқыған мәтіндегі болған оқиғаға баға бере отырып, Алпамыстың бойында сол сәтте қандай қасиет табылмай қалды деп ойлайсың? Алдарыңыздағы қағазға өздерің жоғары санайтын қасиеттерді жазып, «Сырсандыққа »салып қояйық. Сол қасиеттер ішінен өз топтарыңа ат қойыңдар.

-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар? -Осы өздерің таңдаған тақырыптардың негізінде, яғни адам бойынан табылатын адами қасиеттер туралы болмақ.

Мәтінмен, автормен таныстыру.

2. Мағынаны тану.

Автор туралы әңгімелеу.

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обласы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесті бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды.

Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек» повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.

Мәтінмен жұмыс .

Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу).

1-бөлім. Көмек.

2-бөлім. Жол көрсету.

3-бөлім. Сыныптас.

4-бөлім. Алғашқы кездесуді еске алу.

1-бөлімді оқу.

- Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?

- Бала неліктен шалға көмек берді?

- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?

2-бөлімді оқу.

- «Бейтаныс баланың көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді» - осы сөздердің астарында не жатыр, қалай ойлайсың?

- Бала шиені ұрушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?

- Қалай ойлайсың, ары қарай оқиға немен жалғасуы мүмкін?

3-бөлімді оқу.

- Оқиғаға тағы кім қосылды?

- Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басында осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?

- Осы жерде сен үшін ең қызығы не болып тұр?

Әңгіме немен аяқталуы мүмкін? Сенің олай ойлауыңа не себеп?

4- бөлімді оқу.

Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме? Неліктен? Қалай ойлайсың?

-«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі ғой» дегенді қалай түсіндің? Бұл сөздің мәтіндегі оқиғаға қандай қатысы бар? Дәптеріңе жазып ал.

Топпен жұмыс.

Мәтіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру.

1 топ: Мәуленге сипаттама

2 топ: Ақсақалға сипаттама

3 топ: Сашаға сипаттама

Сергіту сәті.

Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі- мүсінші, екіншісі-мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Ал саз болса, кез келген икемге көнуі керек. Сонсын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.

Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?

Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге стикермен жапсыру.

Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі, бұл мүсіннің авторы өздерің!

3. Ойтолғаныс .

-Ал сенің сыныптастарыңның ішінде Саша мен Мәулен сияқты достарың бар ма? Жалпы, сыныптастарыңды жақсы танисың ба? Ендеше біз бүгін «Танысу картасын» толтырып көрелік.


Танысу картасы


Сыныптың еркесі


Батыр жігіт

Суретші

Спортпен шұғылданады

Ең адал дос

Қыс айында туған


Үздік оқушы

Өте жақсы билейді

Көп оқиды

Ұқыпты жан

ІҮ.Қорытынды.

Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?
Мәулен шалға неліктен көмектесті? Ойыңды айт. Дәлелде.
а) Мәулен өз кінәсін мойындағандықтан көмектесті.
ә) Сашаның атасы болғандықтан көмектесті.
б) Сашаның атасы Мәуленді «көргендінің аты көргенді -ау» дегенін қалай түсінесің?
Ү. Үйге тапсырма.

-Мәтінді оқу, сыныпта айтылмай, мән берілмей қалған қандай жайттар бар екен қарастырып келу.

- Мәтіннің соңғы сөйлеміндегі мақалды пайдаланып шығарма жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал