- Учителю
- 'Түбір мен қосымшаның жазылуы'
'Түбір мен қосымшаның жазылуы'
Мектептің атауы: С. Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің атауы: Гульмара Бостанова
Сыныбы: 3 «Г»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың өту мерзімі: 02.02.2015ж
Қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты:Көп мағыналы сөздер жайында мәлімет алады.
Әдіс-тәсілдер: «Кубизм», «Кім жылдам?» , «Ой қозғау», « Сен маған, мен саған» , «Ыстық орындық», «Уақыт шеңбері»
Модульді ендіру: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, 2.Сыни тұрғыдан ойлау, 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, 4. Оқуда АКТ- ны пайдалану, 5. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқу нәтижесі: Көп мағыналы сөздермен танысады.
Дереккөздер: «Атамұра» оқулығы, ноутбук , флепчарт, түрлі суреттер, стикерлер, кубик, А4 форматы
Қ/с
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Дереккөздер
1
2 мин
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, пазлдармен топқа бөлу.
1 шумақ өлең жолдарын айтады, пазлдар арқылы топқа бөлініп отырады.
пазлдар
2
4 мин
Үйге берілген тапсырманы « Ыстық орындық» әдісі бойынша сұраймын.
Балалар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Әр топ өздерін бағалайды.
орындық
3
8 мин
«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.
Берілген сұрақтарға жауап береді . Топтар бірін-бірі бағалайды.
кубик
4
3 мин
«Кім жылдам?» ойынын ойнау арқылы 14- жаттығуды орындатамын.
Мағыналары бір-біріне жуық сөздерді табады, өз -өздерін бағалайды.
құмсағат, оқулық, А4 форматы.
5
5 мин
Инсерт әдісі бойынша берілген ережені оқиды
Ережені оқиды, Ү-маған белгілі, +-мен үшін жаңа, ?-не айтылғанын түсінбедім, !-өте қызықты, ол туралы достарыммен әңгімелесуім керек.
құмсағат.
6
6 мин
Өзіндік жұмыс арқылы 15- жатығуды орындатамын.
Көп нүктенің орнына мағынасы жуық сөз тауып жазады, өздерін бағалайды.
Бағалау парағы
7
2 мин
Сергіту сәті
Қимыл іс-әрекет арқылы көрсетеді, көңіл күйлері көтеріледі.
Ноутбук, ұялы телефон
8
8 мин
«Ойлан, жұптас» ойыны арқылы 16- жаттығуды жазу
Өлеңді оқиды, әңгімелейді.Өз-өздерін бағалайды.
А 4 форматы
9
5 мин
«Сәйкестікті тап!» ойынын жүргізу арқылы , 17-жаттығуды орындайды.
Көшіріп жазып, мағынасы жуық сөздердің астын сызады. Топара бағалайды.
A4 форматы
10
2 мин
«Білім биржасы» ойыны арқылы ережелер орындайды,талқылайды.
Кеспе карточкаларын алп, сұрақтарға жауап береді, тиісті ұпайларын алады.
Сурет,кеспелер.
11
1 мин
Үйге тапсырма беру: 18- жаттығу
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
күнделік
12
1 мин
Бағдаршам бойынша кері байланыс жасау
Жасыл түс-Түсіндім
Сары түс-Қиналдым, бірақ орындадым
Қызыл түс-Маған көмек керек!
Бағдаршам
Тексердім: Г. Құдиярова