7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу 'Жолбарыспен айқас' 4-сынып

Әдебиеттік оқу 'Жолбарыспен айқас' 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Әдебиеттік оқу

4 сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Жолбарыспен айқас «Қамбар батыр» жырынан үзінді

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.

Күтілетін нәтиже

Оқушы өзін -өзі реттейді. Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Негізгі идеялар

түрлі тапсырмалар орындауда топтық жұмысқа қалыптастыру, еркіндік атмосферасын құру, оқытудың жаңа тәсілдерін оқыту үдерісінің тәжірибесіне енгізу.

Тапсырмалар

Диалогтық оқыту,пайым,ұтқырлық,тәртіп, зерттеу әдістері,АКТ

Салыстырулар мен сипаттаулар, «Идеал тапсырма»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Ой ашар

«Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың? Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

ІII.Мағынаны тану


Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?

1.Оқулықпен жұмыс:

  1. Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

  2. Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?

  3. Сөздік жұмыс: мына сөздерді қалай түсінесің?

Мазар - зират, мола.

Пешене - бақ, маңдай, тағдыр.

Шері - жолбарыс

Даусы жерді көшірді - даусы айналаны жаңғыртты.

2.Топтық жұмыс :

Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?3. Жұптық жұмыс:

1. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап.

Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.

Көріктей ашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.

Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды.

Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.

  1. Қара қасқа аттың сыртқы түр - тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы.

Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?

(Мойның алтын табақтай,

Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе - тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,

Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)

IVСергіту сәті

Ү Жеке жұмыс:1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.

Қара қасқа ат

әсірелеу

мойны

алтын табақтай

құлағы

қамыстай

Төрт аяғы

қазықтай

тұяғы

төңкерген кеседей

сұлулығы

сүмбідей





VІ. Рефлексия. Кері байланыс

-Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?

Кейінгі тапсырмалар

Батырлар жыры жайлы мәліметтер жинастыру

Кейінгі оқу

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу сурет салу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал