- Учителю
- Зат есім
Зат есім
Мұғалімі : Наурызбаева Гульнур Маратовна
Мекен-жайы:Атасу кенті
Мектебі : № 132 ОМ.
Сыныбы: 2 «Б»
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы : Зат есім,оның сұрақтары
Мақсаты : Білімділік: Оқушылардың зат есім жөнінде алған білімдерін тиянақтау, тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорын молайту;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жасампаздыққа, өз бетінше жұмыс істеуге , еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, көркем жазу мәдениетін дамыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.
Сабақтың түрі: бекіту
Көрнекілігі: слайдтар,сюжетті суреттер, интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдері: ойландыру,сұрақ-жауап,проблемалық түсіндіру,талдау-көрнекілік.
Б а р ы с ы
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын аудару.
Кел,балалар,ойлайық,
Ойлайық та бойлайық.
Қандай сабақ болса да,
Мақсатқа жетпей қоймайық.
Көркем жазу минуты . ҮҮҮ үүүү - дыбысы келетін сөздерді тақтаға жазу.
(Оқушылар өздері мысал келтіріп отырып жазады,дауысты,жіңішке.)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 327 -жаттығу. «Ұста» тақырыбында әңгіме құрау.
ІІІ .Миға шабуыл.- Сонымен ,балалар, ағаштан түйін түйетін адамды кім дейді? (Ұста)
- Темірден,металлдан неше түрлі бұйым жасайтын адамды кім дейді? (Зергер)
-Матадан неше түрлі киім тігетін адамды кім дейді? (Тігінші)
- Осы сөздерге қандай сұрақ қойдық?
- Не себепті ?
- Ендеше, осыған байланысты қандай ереже білесіңдер?
ІҮ.Түсіну. Суретпен жұмыс: Суреттегі заттарды атай отырып,сұрақ қою.Қорытынды жасау.
Ү. Қолдану: 1-тапсырма.Көп нүктенің орнына кім? сұрағына жауап беретін сөздер жазу.Ережені қорыту.
1 қатар 2 қатар 3 қатар
.... .... ....
.... лер .... дер .... тар
.... .... ....
(Дәрігерлер,бишілер,сәбилер)(мұғалімдер,әйелдер)(бастықтар,ұшқыштар,қазақтар)
2-тапсырма.Суреттегі аң-құстардың аттарын қатыстырып сөйлемдер құрау.Пайдасын айтып өту.
Сергіту сәті. Тырс-тырс-тырс! Жапырақ жылайды,
Жаңбыр кеп жауады. Жардан су құлайды.
Тамшылар тамады.
Тырс-тырс-тырс!
ҮІ.Бекіту. 1. Дидактикалық ойын.
Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) дамыту.
Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен қайшы , бор , телефон , алма, ермексаз, кілт т. б заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.Мысалы:
-Мынау не? Кім берді?
- Бұл бор.Сабина берді.
2.Есте сақтау диктанты: Мақалды жатқа жазып,мағынасын ашу,зат есімді табу. Дос сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Досы көпті жау алмайды,
Білімі көпті дау алмайды.
3. Семантикалық картаны белгілеу:
Сөздер
кім?не?
не істеді?
қанша?
қандай?
Оқулық
+
Жүзді
+
Жиырма
+
Бес
+
Сұлу
+
Барды
+
Ұстаз
+
Әдепті
+
ҮІІ.Қорытындылау. - Сонымен бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-
Не білдіңдер?
-
Зат есім деген не екен?
ҮІІІ. Бағалау
ІХ.Үйге тапсырма: 1.122 бет.332 жаттығу.
2. Зат есімге байл.мақалдар жаттап келу.