7


  • Учителю
  • Открытого урока на тему 'Мектеп'

Открытого урока на тему 'Мектеп'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы

Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Алипбаева Айгүл Айтуқызы

Тақырыбы: Мектеп
Мақсаты:
1. Оқушыларға мектеп туралы, оның жұмысы, мектептегі үйірмелер жайында түсінік беру. Достары жайында әңгімелету.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін мектепке деген сағыныш сезімдерін ояту.
3. Өздерінің білім алып отырған білім ордасын құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, мектептегі жұмыс түрлері
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
- Мектептегінің бәрі біздікі екенін дәлелдеңдер.
- Мектепке оқушылар не үшін келеді?
- « Мектеп - білім ордасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Суреттері бойынша әңгімелеу.
- « Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ
Түсіндіру.
- Мектеп - балаларға білім беретін мекеме. Оның басшылары бар. Балалардың сауатты болуына, қазағымыздың болашағын ойлап, қазақ даласына алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин.
- Осы ұстазымыздың қандай өлеңін жатқа білеміз?
Жатқа сұрау
- Жарайсыңдар, біздің білім алып жатқан мектебіміз қалай аталады?
(оқушыларға слайдтан мектеп суреті көрсетіледі)
- Осы мектепке келерде қандай көңіл-күйде боласыңдар?
- Қуанамыз, қуанышты көңіл - күйде боламыз.
- Олай болса, « Мектебім - қуанышым» тақырыбына берілген мәтінді оқиық.
Мұғалім оқиды. Оқушыларға оқыта отырып түсіндіріледі.
Мектептің сыртқы көрінісі туралы не делінген?
Достары жайында не айтады?
- Өз достарың туралы не айтар едің?
Сергіту сәті
Үлкенге де сіз ---------------------- Мектебің - мынау класың
Кішіге де сіз------------------------- Осында он жыл тұрасың
Барша жанды құрметтеп ------- Тарыдай болып кіресің
Бас иеміз біз. ----------------------- Таудай болып шығасың.

Бала құқығы туралы конвенция
- Балалар, дүниеге келген әр баланың өз құқығы бар.
Бала құқығын азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің
негізгі заңы Конституция қорғайды.
(Слайд көрсетіледі)


Мектеп ережесімен таныстырылады.
1Лицей шәкірттері осы мектептің ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға және оның талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті.
2 Лицей шәкірттері мектептің ережесіне сай бірыңғай мектеп формасын киюге міндетті.
3. Өзі білім мен тәрбие алып жатқан білім ордасының намысын қорғауға міндетті.
4. Әрбір оқушы салауатты өмір салтын сақтауға, таңғы дене жаттығуларынан қалмауға міндетті.
5. Сабақтан себепсіз қалмауға, кешікпей келуге міндетті.
6. Мектепте және мектептен тыс уақытта гимназия шәкірті деген атқа лайық болып, ана тілін шұбарламай, таза, көркем сөйлеуге тиіс.
Ойын « Мен жақсы оқушымын»
- Мен жақсы оқушымын, себебі сабақтан кешікпеймін.... (Әр бала өз ойын айтып шығады)
Мақал айту. Оқу - білім туралы

ІҮ Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабағымыз не туралы өтті?
- Мектеп не үшін қажет екен?
- Баланы не қорғайды екен?
- Конституция дегенді қалай түсінеміз?
- Мектептің қандай ережесін білдік?
- Оқушы қандай болуы керек?
М. Мақатаевтың « Мектебім» әні.

Мектебім - айтар әнім
Сан рет қайталадым
Сан рет қайталадым
Өзіңнен алғанымды
Өзіңе қайтарамын.
Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын
Мәңгілік оқушың боп
Қалуға ұялмаймын.

Ү. Үйге тапсырма
« Мектебім - қуанышым» тақырыбына шағын әңгімелеу
ҮІ. Бағалау
Оқушыларды , мадақтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал