7


  • Учителю
  • Рефлекциялық есеп тәрбие жұмысы

Рефлекциялық есеп тәрбие жұмысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп»

Мемлекеттік мекемесінің 1 « Г» сыныбының 2014-2015 оқу жылында жасаған жұмыстарының қорытынды есебі.



Жалпы оқу жылын 17 оқушымен бастаған болатынбыз. Оның 10 қыз бала, жетеуі ұл бала. Екінші тоқсан аяғында Аққыстау орта мектебінен Қали Әсем атты қыз бала келіп қосылып оқу жылын 18 оқушымен тәмәмдадық. Жыл басында жалпы тәрбие жұмысын жоспарлар жасалынған болатын. Сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізіп отырдық.

Сыныпқа даму жоспары бойынша «Оқушыларды мәдениеттілікке тәрбиелеу» деп тақырып алған болатынмын. Өз сыныбымды толық түрде мәденинттілікке тәрбиеледім деп айтсам артық болмас. Өз сынып оқушыларымды мақтан тұтып, риза болып отырамын. Әрине өздерініе де айтып қуантып отырамын. Олар менің «Жарайсыңдар балалаларым» деп айтқан бір-ақ ауыз сөзіме төбелері көкке жетіп қуанады. Ең алғаш тәрбие ол сәлемдесуден басталатыны анық. Кей оқушыларым мектепке кіріп келе жатып өзге мұғалімдерге, қызметкерлерге амандаспай қалып жатады олар өз қателіктерін біліп сол күні немесе келесі күні соны айтып мұңайып келіп отыратын кездері көп болды. Оқушыларымды ертерек келіп әдейі соны бақылап тұрамын кім амандасады кім амандаспайды. Сол мәселені арнайы уақыт тауып талқылаймыз. Қазіргі күні оқушыларым амандасудың үлкенге жол берудің өзгелерге көмектесудің мейірімділіктің не екенін түсінді, және сол қасиеттерді толық бойларына дарыта алдым.

Сыныпта мерекелік күндер арнайыланып жоспарланып сол жоспар бекітілген болатын. Сол бағыт бойынша Қазіргі күні «Қош бол сүйікті Әліппем» «Жаңа жыл, жаңа бақыт!» «Төрлет Әз Наурыз!» атты тәрбие шаралары өткізілді.

Тәрбие шарамыздың әрқайсысы да өз ойымшада ата-аналардың пікірлері бойынша да өз деңгейінде жақсы өтті деп айта аламын. Ең алғаш «Қош бол сүйікті Әліппем!» онда оқушылар өте белсене қатынасты. Сыныпта 18 ата-ана болса тек бір жатахана тәрбиеленуші ата -анасы келе алмай 17 ата анам толық қатысып мені бір қуантты.

Тәрбие шарамды Хан сарайы көрінісін сомдап алған болатынмын Ханзада мен ханшаймның бағындағы тіршілік бейнесін сомдатық. Оқушыларым Әліппемен қоштасқандарын түсініп кей қыздарым көздеріне жас алып бәрімізді тебіренткен болатын. Осылайша Екінші тоқсанның аяғында Әліппемен қоштасып ендігі үшінші тоқсанда Ана тілін тосқан болатынбыз. Осы аптаның екіншісінде біз тағыда шара өткіздік онда біздер Құтты 2014 жылымызды құрметпен шығарып салдық. Енді бұл шарамызда музыка жағынан қыйындық көріп шарамызда дыбысымыз өте жәй болған. Бырақ ондада оқушыларым өте жақсы қатысты. Біріміз мыыстан болып Аппақ қарша қызымызды қуып, Қаршақыз бізден көмек сұрап, Аяз атасы оны паналатып ақыры мыстанның мақсаты орындалмай біз оны түзу жолға салған болатынбыз. Осының алдыңғы аптасында Әліппемен қоштасқандағы бірде бір нөмерді біз қайталамадық. Жаңа ән,жаңа би жаңа қойылым. Оқушыларым жаңа заманауи Флешмоб биін тамаша билеп бәріміздің көңіл күйімізді көтерді.

Аманжол Шұғыла атты қызым Аяз атаға хат жазып оны оқуда ценари бойынша өтірік жылау керек болған ол кезде Шұғыла шындап жылыап біз оны қойдырта алмай бір қызық болған. Бұл шарада да оқушыларым толық қамтылды.

Бұл шаралардың алдында Тәелсіздікке Елбасына арналған сынып сағатымыз өтті мұнда ата-ана шақырмай өзіміз өткізуді жоспарладық. Шақырмасақта 2 ата-анам келіп қатынасып жақсы деген баға беріп кетті. Оқушыларым Елбасына арналған өлеңдңрін, тақпақтарын Тәуелсіздік туралы жырларын айтып би биледі. Соңы гимнмен қорытыланды.

8- Наурыз мерекесіне аналарымызға шағын концерттік бағдаоһрлама ұйымдастырылды. Соқыр ана көрінісін қойып ананың қадірін, құдіретін түсіндірдік. Өлеңдер айтылып би биленді. Өзіміз қолдан дайындаған ашық хатымызбен сыйлығымызды табыстадық.

Келесі күні қыздар арасында көктем аруы сайысын өткіздік. Мұнда қыздарымыз түгелдей қатысты. Біл сайысқа қыздарым үлкен дайындықпен, үлкен ізденіспен келгенін байқадым. Бұл шара жоспардан тыс откізілді. Шара 5 кезеңді қамтыды. Таныстыру, қолымнан бәрі келеді, қолдан жасалынған киімдер(сән үлгісі). Тәтті тағам, және өз өнерін көрсету. Қыздарымыз бірінен бірі қалыспайды шешім шығару әділқазы алқаларына қыйын болғаны белгілі. Сайыста Төлемәс Альмира «Көктем аруы» атағын жеңіп алды. Сыныпта әр аптанын сәрсенбісінде үлкен үзіліс уақытында сынып сағаттары өткізіліп тұрады. Сынып сағаттың ата ана қатысқаны өте аз екенін мойындаймын. Және әр күні үзіліс уақытында барлық оқушылармен көңілді Флешмоб биі биленіп тұрады. Әр аптаның Дүйсенбісінде Гимн айтылады. Оқушылар түгелдей оқушы, мектеп тәртібін жақсы біледі. Және соны орындайды. Сыныпта жоспарлы екі ашық сабағым өтті. «Юю дыбысы мен әрпі» «Отбасы» тақырыбында. Қазіргі кезде оқушылар топпен жұмыс жасап жүр. Ең алдымен сабақ басында топ басшысын сайлап аламыз. Топтың да өзіндік ереже,қағидалары бар. Осы төртінші тоқсанда 5 бірінші сыныптар арасында үш зерттеу сабағы болып өтті. «Жусан», «Шығыс жұлдызы», «Ғарышкерлер» тақырыбында. Біз бұл сабақтарда 3 оқушыны толықтай зерттеу болатын мақсатымыз. «А» деңгейіне Төлемісқызы Альмира. «В» деңгейіне Ғизат Тұрар, «С»деңгейіне Елеусін Асланбекті таңдап алған болатынмын. Бұл жерде Елеусін А өз деңгейін сақтай алды тіпті өзін оданда жақсы етіп көрсете білді. Ал Ғизат Т өзін жоғары етіп көрсетті. Альмира өзінің жуастығына жайлылығыны байланысты өзін оданда асыра көрсете алмады. Сабақ жақсы өтті, барлық оқушылар толық қамтылды. Оқушылар өте жақсы қатынасты. Сыныпта 5 ата-ана жиналысы, 5 сынып сағаты өткізілді. Ата-аналарым мектеппен жақсы байланыста. Үнемі келіп, сабаққа қатысып, менімен пікірлесіп тұрады. Жалпы оқушыларым бірінші сынып бағдарламасын толық түрде меңгерді. Және өздері мәдениетті, үлкенді улкен, кішіні кіші деп сыйлай алады. Өзгелерге қамқор. Ең бастысы тәртіпті. Жыл бойына ешқандай тәртіп бұзылмады. Өз оқушыларыммен мақтанамын және олардан күтер үмітім зор.



Сынып жетекшісі : Жұмағалиева Райымгүл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал