7


Открытый урок по математике

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: ІІІтоқсан 6 . 03 .2015 45 минут Пәні: математика 2- сынып Сабақтың тақырыбы Уақытты өлшеу .Секунд Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты Уақыттың жаңа бірлігі секунд туралы жаңа мағлұмат беру. Уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды анықтау., күнделікті өмірде уақыттың
предварительный просмотр материала



ІІІтоқсан

6 . 03 .2015

45 минут

Пәні: матема

тика

2- сынып

Сабақтың тақырыбы

Уақытты өлшеу .Секунд

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Уақыттың жаңа бірлігі секунд туралы жаңа мағлұмат беру. Уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды анықтау., күнделікті өмірде уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерінің қолдануын ұғындыру,екі амалмен шығарылатын есепті талдау және шешу.

Күтілетін нәтиже

а\ уақыттың өлшем бірліктері туралы біледі

ә\ Уақыттың өлшем бірліктерін өмірде қолдана алады

б\ логикалық ойлауы мен математикалық тілі дамиды

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

«Деңгейлік тапсырма»

"Тез ойла !" ойыны

"Бес саусақ" ,бағдаршам

«Кім тапқыр?»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі "Көңілді күн" әуеніне билеп көңілдерін көтереді .Сынып оқушыларымен жағымды ахуал тудырып алу.

Барлығы: Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Күндей болып әрқашан,
Күлімсіріп жүрейік!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №7 187-бет

Өткен материалды пысықтау

"" ойыны ойналады

У - 42 + 20
А - 100см = ....м
Қ - 1000 м=... км
Ы - 15 -6
Т - 4 жүзд 2 онд 3 бірл

Балалар қандай сөз шықты ? Уақыт

Уақыттың өлшем бірліктерін атайық

(сағат, мин,ғасыр ,жыл ,күн ,ай ,мүшел )
Сонымен бірге уақыттың жаңа өлшем бірлігі - Секундпен танысамыз.

Жұмбақ шешу

Үш тілі бар

Тықылдаған үні бар (сағат)

Жауабы : сағат

Бейнеролик көрсету сағатқа байланысты

1 минутта - 60 секунд бар. Яғни, сонда секунд уақыттың ең кіші өлшем бірлігі екен.

(Сағаттың макеті арқылы секундтық тілмен 1 секундты көрсету.)
Сағатта 3 тіл бар, 1 - Сағаттық, 2 - минуттық, 3 - секундтық. Қазіргі техниканың даму деңгейі 1 минуттанда аз уақыт ішінде көптеген қимылды жасап үлгереді екен.
1 секундта адам 1 қадам жасайды, инелік 30 - 50 рет, шыбын 115 - 117 рет, маса 500 - ге жуық қанат қағады екен
Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма. Суретпен жұмыс

Слайд арқылы сағат түрлерін ,көліктерді кестені көрсетемін

№2тапсырма Топтық жұмыс Нүктелердің орнынына сәйке уақыт бірлігін қойып, сөйлемдерді оқы.
Біз - 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз.
Пойыз - 48 сағат жолда болды.
Ұшақ - 3 сағат ұшты.
Сабақтың ұзақтығы - 45 минут.
Оқушы 60 м қашықтықты жүріп өтуге 38секунд жұмсады.
№3 тапсырма. Жұптық жұмыс «Кім тапқыр?»
1. Еліміздің Ата заңы қай күні, қай айда атап өтіледі?
2. Жеңіс күні ше?
3. Наурыз мейрамы ше?
4. Халықаралық әйелдер мерекесі ше?
5. Жаңа жыл қай айдан басталады?
6. Көктем, жаз, күз, қыс айларын ата.

«Үйреніп алайық» Қолымыздағы саусақтарымыз, ондағы буын сандары арқылы да жыл мезгілдері мен ай аттарын, олардың ұзындықтары мен күннің ұзақтығын білуге болады екен.
Бір жылда он екі ай бар, төрт саусақтағы буын саны да - 12. әр саусақтың буын саны - үш - үштен, олай болса төрт саусақ, жылдың төрт мезгілін білдіреді.
Сұқ саусақ - көктем(наурыз, сәуір, мамыр)
Ортаңғы саусақ - жазмаусым, шілде, тамыз)
Аты жоқ саусақ - күз(қыркүйек, қазан, қараша)
Шынашақ - қыс(желтоқсан, қаңтар, ақпан)

4 - тапсырма Топтық жұмыс Есепті шығар:
Бүркіт - 46 жыл
Жапалақ -?, 31 жыл қысқа
Қарға -?, 44 жыл ұзақ
Ш: 1) 46 - 31=15 15+44=59
Жауабы: қарға 59 жыл тіршілік етеді.
5 - тапсырма. «Кел, ойнайық!»




- Суретте барлығы неше сәбіз бар?
- Осы сәбіздерді 3 қоянға тең бөліп бер.

-Сол сәбіздерді қояндарға 3-тен бөліп бер
- Неше қоян сәбіз алды?
ІІІ. Шығармашылық тапсырма



Деңгейлік тапсырма І деңгей

Уақыт өлшем бірліктерін жазып шық

......................................................................................................

І І деңгей Салыстыр :

1 сағат * 60 мин 1 тәул * 23 сағ 2 с * 2 сағ

ІІІ деңгей Өрнекте:

1 мин 30 сек=90 сек 1 сағ 4 мин=64 мин
Қорытынды : «Уақыт қадірі »атты өлеңді үнтаспалдан тыңдау

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек.

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Сондықтан балалар уақытытмызды тиімді пайдалана білейік.

Кері байланыс «Бес саусақ»"

Бес саусақтарын параққа бастырып ,бүгінгі сабақта не ұнағандарын жазады .

Үйге тапсырма: 189-бет № 4(а)

Бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтаймын


Оқушылар қимыл арқылы көрсетеді .

Үйге берілген тапсырманы тексеріп шығады


Әр тапсырманы орындап,шыққан сөзді оқиды

Өз ойларын ортаға салады


Шешуін табады

Бейнеролик көріп өз ойларын ортаға салады, мағлұмат алады



``Бағдаршам "әдісі бойынша жаңа сабақты меңгергендерін білемін

Жасыл -бәрін түсіндім

Сары -көмек керек

Қызыл -түсінген жоқпын



әр топ орындап ,бір -бірлерін "Басбармақ " арқылы бағалайды

Тапсырманы дұрыс орындаған топтарға шапалақ соғылады .


Есепті топпен шығарады

Қояндарға сәбіздерді бөліп береді


Әр топ өз жауаптарын ұсынады


Деңгейлік тапсырманы орындап,

Интербелсенді тақта арқылы қателерін тексеріп ,

смайликтер арқылы өздерін бағалайды.




Кері байланыс парақшасын толтырып ұнаған тұстары мен қиын болған тұстарын жазып шығады .











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал