7


  • Учителю
  • Сынып сағаты тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!

Сынып сағаты тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан!

Мақсаты: 1) Білімділік: Жас ұрпаққа отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. 2) Дамытушылық: Ойларын жүйелі жеткізе білуге, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. 3) Тәрбиелік: Отанын, туған жерін қорғай білуге, патриоттық скзімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, плакаттар

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі көрнекілік.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Бірінші қыркүйек күнімен

Аңқыған жұпар иіс гүлімен

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен

Сылдырла, сыңғырла тағы да

Шақыра білімнің бағына

Қоңырау әсем саз әлемі

Өзіңді күтеміз сағына

Мұғалім сөзі: Оқушылар бүгін сіздер алғашқы рет мектеп босағасынан аттап, білім алуға келіп отырсыңдар. Қадамдарың сәтті болсын дегім келеді. Қазір біз алғашқы сабағымызды бастаймыз.

  • Көңіл-күйлерің қалай?

  • Мектепке келген сендерге ұнадыма?

  • Алда, біздің талай білім жолында қызықты да мазмұнды күндерді бірге өткіземіз.

  • Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

Балалар бүгін халықаралық білім күнімен шын жүректен құтықтаймын. Өздерің сияқты мыңдаған бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. (сурет көрсетіледі.)

Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым - қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз - Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.

Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар. Біздің тәуелсіздігімізді растайтын нышандар, яғни, рәміздеріміз бар. (суретін көрсету.)

Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадір-қасиеті майдангерлердің де, соғыс қасіретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілік 45-жылдың көктемінде сақталып қалды.

Жау келгенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда қираған шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын арнаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне біз мәңгі қарыздармыз.

Ажал оғын шашқан аждаһадай айбарлы жаумен айқасу үшін Маңғыстау түбегінен алты мыңнан астам азамат аттанған. Сол боздақтардың төрт мыңдайы от ортасынан оралмай қалды. Соғыс салған сойқан ішінде із-түзсіз кеткендері қаншама!

Маңғыстау топырағынан майданға аттанғандар арасында есімдері беймәлім қалған ерлер болғанына күмән жоқ. Соғыстың аласапыран дүрмегі наградаға ұсынған талай қағазды қалтарыста қалдырған да аян. Маңғыстаудай маңғаз түбектен аттанған боздақтар соғысқа награда үшін келмегендерін, ел шебін қатыгез жау тырнағаннан тезірек босатып, ел-жұртына аман-есен оралуды ғана ойлағандарын айту керек. (батырлардың суреті.)

Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Маңғыстау облысында да ұлттар бір-бірімен тығыз байланыста. (ұлттар достығы суреті.)







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал