- Учителю
- Математикадан кіріктіру сабағы 6 саны және цифры
Математикадан кіріктіру сабағы 6 саны және цифры
Математика 1сынып
37-нші сабақ күні_______________
Тақырыбы: 6 саны және цифры
Мақсаты:
-
оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру;
-
геометриялық фигуралар жөнінде алған білімдерін бекітуге және зейіндерін дамыту;
-
таза, әдемі жазуға жаттықтыру. Бір- бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой туғызу, ойын түрлерін пайдалану
Пән аралық байланыс: күнделікті өмірмен
Көнекіліктер және ТҚЖ: интерактивті тақта, заттық суреттер топтамасы
Қолданылатын технологиялар: ойын технологиясы
Сабақтың типы: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. 1-5 сандарының құрамы қайталанылады. Ойындар:Кімнің үйі? Не өзгерді? Көршісін ата. Сандар реті.
ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтамен жұмыс. Тақтаға 5 тікұшақтың суреті ілінеді. Неше тікұшақ көріп тұрсыңдар? Тағы бір тікұшақ ұшып келеді. Нешеу болды? 6 саны қалай шықты? Тақ не жұп екенін анықтау.
Қорытынды: «5-тен кейін 6 тұрады» Сан сәулесіндегі орнын көрсетеді. 5+1=6
Бестен кейін тұрағым,
Есікте мен тұрамын.
Кім болмаса ашатын,
Сол орында тұрамын (6 саны , құлып)
Сан тізбегі бойынша тура және кері санау.
ІV. Сергіту сәті .
Оқулықпен жұмыс. 62-63бет. Оқулықпен жұмыс.№1 тапсырма. Назар аудару. 5 қызыл, бір үшбұрыш бар. Мысалдар төртігін құрастырылады. Қосуға кері амал азайту. Амалдардың компонентерін атау.
-
5 қызыл 1көк
4 қызыл
2 көк
5+...=6
4+...=6
...+5 =6
...+4 =6
6-...=...
6-...=...
6-...=..
6-...=..
Неше қызыл үшбұрыш салынған? Көк үшбұрыш нешеу?Барлығы нешеу? Өрнектерді жазыңдар. Неліктен соңғы бағанда тек екі өрнек болды?
Дәптермен жұмыс.
6 цифрын жазу. Баспа және жазба түрімен таныстыру. №1оқулықтан көшіреді.
№2 берілген нүктелерді дәптеріңе қайталап сал. Нүктелерді сызық арқылы қос. Бұл фигураларды қалай атауға болады? (бесбұрыш, алтыбұрыш)
Ауызша. №3 тапсырма «Көршісін тап» ойыны
№4 Фигураларды ата. Кесінділерді өлше және салыстыр. 1-сәуле, 2-3-үшбұрыш, 4-8 бұрыштар, 5- шаршы, 6-түзу, 7 -төртбұрыш, 9-10- кесінді.
№5Үлкен текше неше кіші текшеден құралған? 8 кіші текше.(практика жүзәнде көрсету)
Дәптермен жұмыс. №3 «Математикалық жаңбыр» нәтижесін жазу.
Геометриялық фигуралар жөнінде алған білімдерін бекітуге және зейіндерін дамытуға арналған №4 тапсырманы өздік дұмысы ретінде орындайды. Суретті бояп, әр түрдегі фигуралардың санын санап, санын осыған арналған торкөзге жазады.
Үлгерімі жақсы оқушыларға: торкөздерге тура осындай суретті қайталап салу тапсырмасы беріледі.
V. Сабақты қорыту. Қандай санмен таныстық?