- Учителю
- қазақ тілі пәнінен ашық сабақ'Есептік және реттік сан есім' (3 сынып)
қазақ тілі пәнінен ашық сабақ'Есептік және реттік сан есім' (3 сынып)
Күні:20.04
Тақырып: Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімдік: Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін толықтыру.
Есептік сан есімдермен таныстырып, олардың ерекшелігін
меңгерту. Берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беру.
Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі
тапсырмалар беру.
Ә) Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеу. Қазақ
халқының асыл мұрасы мақал-мәтел үлгісінде тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру. Ынта
қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру.
Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Ана тілін жетік біліп,
оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Ой-толғаныс ,
ұжымдық талдау, ой қорыту, танымдық ойындар,
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, сурет, таблица, сандар.
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен сәлемдесу),
Өткенді пысықтау.
( оқушылардың назарын тақтаға аудару)
1. Сан есім деген не?
2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді?
3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
4. Сан есім қатысқан мақал - мәтелдерді айт (3 топ)
5. Сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыр
7. Сандар сөйлейді:
1.550 жыл нені білдіреді? Биыл Қазақ хандығына 550 жыл
2.1941-1945 жылдар? Ұлы отан соғысын ың басталуы және аяқталуы, биыл 70 жыл
Сан есімді қатыстырып, өзің туралы айт (екі сөйлем)
мына құпия сандардың мағынасын ашу керек.
к+3 1+лікте, түсіндіру
ЕРЕЖЕ:
1. Тыныштықты сақтау.
2. Бірін-бірі тыңдау.
3. Өз ойын ашық айту.
4. Уақытты үнемдеу.
Балалар, сонымен біз сан есім туралы өткенді есімізге түсірдік. Ендеше әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз. Бүгін біз сабағымызда Сан есімнің мағыналық түрлері соның ішінде есептік сан есім және реттік сан есім туралы өтеміз:
Ендеше дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.
Сурет бойынша жұмыс (санау)
Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз, тоғыз жүз бір. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
Есептік сан есім
Дара күрделі
Реттік сан есім
ншы ыншы
нші інші
алтыншы екінші тоғызыншы бесінші
(оқушылар шығып жазады түсіндіреді).
Жеті, тоқсан бір, елу бесінші, елу, он екінші, алпыс алтыншы
(оқушыларға мысалдарды оқыта отырып, өздеріне ереже шығарту)
Соңында мұғалім өзі ережесін айтып береді.
Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді. Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім деп атайды: екі, алты, жеті.
Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім деп атайды: екінші, алтыншы, жетінші.
Реттік сан есім есептік сан есімге -ыншы, інші, ншы, нші, жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
18-жаттығу көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
Бір қатар - бірінші қатар, үш орын - үшінші орын
*Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеу. *Әр қатардағы сан есімдерге сұрақ қой. Олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндір. 19-жаттығу Тақтада балалар орындайды, реттік сан есімдерді сөз құрамына талда. Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшаның екі түрлі -ншы, ыншы, болу себебін түсіндіреді
Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы,
отызыншы
(Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған жаттығу.)
Есептік және реттік сан есімдерді екі қатарға бөліп жаз.
Бір, тоғызыншы, мың, он бірінші, жиырма, бес, отыз бесінші, жетпіс тоғыз, сексен сегізінші.
Есептік сан есім: бір, мың, жиырма бес, жетпіс тоғыз
Реттік сан есім: тоғызыншы, бірінші, отыз бесінші, сексен сегізінші.
Математика пәні бойынша ой қозғау:
1.Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (түйеқұс ұшпайды)
2.Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (бір адамның)
«Кім шапшаң?» ойыны. Сан есімді тез табу.
1. Жеті атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға қырық үйден тию.
3. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
5. Білгенің бір тоғыз, білмегенің - тоқсан тоғыз.
6. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
Мақал -мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді орнына қой.
/ Неше ?/ --------- рет өлше, /неше?/ -------- рет екс.
Жігіт адамға /неше?/ ------ өнер де аз.
Ер /неше?/ ------ рет өледі,
Қорқақ /неше?/ ------- рет өледі.
Киелі сандар сөйлейді мысал келтіріңдер
3, 5,7
Үш би, үш жүз, үш жұрт, үш бақыт;
Бес қару, бес дұшпан, бес асыл іс;
Жеті ата, жеті қазына, жеті күн.
«Цифрды тап» логикалық ойын
Шекілдеуік- ш+2+лдеуік Күшік- к+3+ік Тіктөртбұрыш- тік+4+бұрыш Сөнбес- сөн+5 Малты- м+6 Жетісай- 7+сай Сегізкөз- 8+көз Тоғызқұмалақ- 9+құмалақ Қонақ- қ+10+ақ Желтоқсан- жел+90 Түбір тү+1 Бірқазан 1+қазан Алтынай 6+н+ай Алтынгүл 6+н+гүл Елубай 50+бай Күш к+3
Әзілді - логикалық сұрақтар.
1. 1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4 - ке көбейтіңіз!
3) Оған 18 - ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2 - ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7 - ні алыңыз!
6) 3 - ке көбейтіңіз!
7) 6 - ға бөліңіз!
Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады. Осы 1 саны есептік пе әлде реттік пе? есептік
Семантикалық карта
Сөздер ---------- есептік -------- реттік
алпыс
сегізінші
он алтыншы
отыз
он тоғызыншы
қырық
үшінші
екі
үш
бесінші
1. Есептік сан есім нені білдіретінін белгілеңіз
А) Заттың санын топтап көрсетеді
В) Заттың санын жинақтап көрсетеді
С) Заттың санын білдіреді
Д) Заттың реттік санын білдіреді.
Е) Заттың түрін білдіреді
2. Сан есімнің сұрағын табыңыз
А) кім? Не? В) қандай? Қай? Д) неше? Қанша?
С) кімнің? Ненің? Е) кімге? Неге?
3. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңыз. ...... қырлы, ............сырлы
А) Төрт, үш В) Сегіз, бір Д) Тоғыз, алты С) Екі, бес Е) алты, жеті
4. Дұрыс жазылған сан есімді көрсетіңіз
А) Жиырмабес С) 5 сынып Д) 7-қазан В) 25 ке толды Е) он алты
5. Тиісті сан есімді қой. Жеті рет өлшеп ...рет кес.
А) бір В) біреу С) жетінші Д) бірінші Е) жеті
6. Есептік сан есімді белгілеңіз
А) алтау В) сегізінші Д) ондаған С) бес-бестен Е) үш жүз
7. Күрделі сан есімді көрсетіңіз
А) жеті В) жиырма бір Д) екі С) тоғыз Е) бес
8. Сан есім дегеніміз не?
А) Заттың түсін білдіреді В) Заттың санын білдіреді
С) Заттың реттік санын білдіреді. Д) Заттың түрін білдіреді
9. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды белгіле. А) -дай, -дей, - тай, - тей В)лы, -лі, - ды, -ді Д) ыншы, інші, ншы, нші
Мұғалім қортындылайды. Балалар жаңа тақырып бойынша сұрақтарың бар ма?
Үй тапсырмасы.
Еңбектерін бағалау.