7


  • Учителю
  • Другие методич. Материалы 'Әке - асқар тауым' ашық тәрбиелік шара

Другие методич. Материалы 'Әке - асқар тауым' ашық тәрбиелік шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әкем - асқар тауым


Сабақтың мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту,

ұлттық салт -дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге

деген бала махаббатын ояту.

Тәрбиелік міндеті: Адамгершілікке, ынтымақтыққа, кішіпейілдікке, ізеттілікке, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық міндет: Отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасай білу керектігіне оқушының ойын жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: Әке туралы нақыл сөздер,шарлар,гүлдер т.б

Сабақтың барысы:

І. а) Ұйымдастыру жұмысы (сынып оқушыларының тәрбие сағатына дайындықтарын қадағалау)

б) келген қонақтарды қарсы алу

ІІ. Кіріспе.

ІІІ.Әдеби-монтаж.

ІҮ. «Әке-асқар тауым» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)

Ү. Әкелерге балаларына байланысты сұрақтар қою.

ҮІ. «Әке мен бала» (көрініс)

ҮІІ. Қорытынды.

Хормен :

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты әкелерге шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін!

Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,

Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:

Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

Мұғалім сөзі:

«Ана-сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар,мұңайтар күн,қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын,сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелер, бүгінгі сіздерге арналған «Әкем - асқар тауым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке-отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-берекесі, ынтымағы үшін әкенің әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі ,мейір-шапағат көзі-әке. Әкенің бұл рөлі бала-шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас- қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді.

«Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызыметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо.

Құрметті әкелер сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға мол бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Хор : «Әке туралы жыр»

******

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Бүгінгі той,қуаныш пен мереке.

Ал, әкелер, өздеріңе арналған.

*****

Әкем менің- асқар тауым, тірегім,

Бәрінен де сен қымбатсың білемін.

Қанат қағып кетсем алыс қияға,

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

**************

Атамның ән-күйі ғажайып,

Әжемнің әлдиі ғажайып.

Анамның мейірімі ғажайып,

Әкемнің пейілі ғажайып.

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

**********

Әкем шытса қабағын-

«Байқа ,балам» дегені.

Алған көп-ақ сабағым,

Жақсы көрем мен оны.

Бойға қуат береді,

«Әй, жарайсың»дегені.

Мен әкемнен әр кезде,

Соны естігім келеді.

***************

Шаршасада сыр бермеген әкешім,

Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.

Өзіңде үлгі,ісіңде үлгі ұлыңа,

Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін

********

Арайлы ақ тілекпен,

Ән жолдаймын өзіңе.

Сағынышты сазды жүрекпен,

Сыр арнаймын өзіңе.

*********

Құтты болсын әкежан бүгінгі күн,

Ақ дастарқан,көл көсір думан күнің.

Арамызда, әкетай аман жүрші,

Ақ жүрекпен ақ тілек арнайды ұлың.

Ән: «Әкелер» Орындайтын:

*******

Атам менің М. Әлімбаев.

Атам менің төрт-ақ класс бітірген,

Айыра алмайды бөлшекті де бүтіннен.

Білмейді ол ендікті де бойлықты,

Сонда да атам ой керемет, ой мықты!


Қиқаң-қиқаң қозғап қойып арқасын,

Жатқа айтады Европаның картасын.

Жатқа айтады Европаның картасын,

Өзен-көлін, орман-нуын, тау-тасын...


- Бәрін, ата, қайдан білдің оқымай,

Жаным атам, қайдан білдің оқымай?!

- Жауынгерлік жас шағымда ер күнде,

Жаяу жеттім Москвадан Берлинге.

Жорықтарда ой мен қырын сүйгенбіз

Европаның азаткері, біздерміз!

*********

Перзент жыры

Т. Айбергенов

Сен менің мәңгілікке өлмес атым,

Атымды ап алыс жылға жалғасатын.

Әкеде өсиет бар өмір жайлы,

Балада қасиет бар алға асатын.


Сен менің ұшар басым биіктеген,

Жолыңа тапқанымды үйіп-төгем.

Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің,

Қай нәрсе сол жүректен сүйікті екен?


Сен мені өскен сайын ойландырып,

Заңдарын табиғаттың ойға алдырып.

Бір қадам басқан сайын өзің мені

Барасың шежіреге айналдырып...

*********

Перзент үнемі ата-анасының қас-қабағына қарап, олардың қасында өзін кішік санап, күлімсіреп, жай сөйлеуі керек.

**********

Перзент ата-анасының ақысын ескермей, айтқандарын істемей, оларға қарсы шықса, ондай кісі үшін ешқандай қайыр, жақсылық жоқ. Алла Тағала мұндай адамдарды қатты азаптайды. Өйткені ата-анаға қарсы шығу Алла Тағалаға қарсы келумен тең. Әрі ондай перзент үшін бұл дүниеде де, ақыретте де бақытты өмір болмайды

*********

Алла Тағала қаласа барлық күнәні кешіреді. Тек қана ата-анасына зұлымдық жасап, оларға азап көрсеткен кісілерді кешірмейді және мейірім жасамайды.

«Әке- асқар тауым» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)

********

«Әке-асқар тау, ана- қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат,ең қымбат адамым ол-сіз менің сүйікті әкешім.Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман-сау болуыңызды тілеймін. Сізге мына өлең шумақтарын арнаймын.

Сізсіз әке-ең ақылды,ең шыншыл,

Сізсіз әке-ең жақыным,ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың,қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала -жүрек тілегін.

*******

«Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. Сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты, балалар. Алайда өмірдің есігін көзін тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше, бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.

*******

Әке. Әке - әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек.

********

Әке, әке, әке! Осы үш әріп мейірімді әрі естір құлаққа жағымды. Иә, солай. Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы. Алақанымен аялап, әрқашан шуағын шашып күлімдеп, жаман қылық жасасаң ақырын ғана ақыл айтатын - осы әке. Әкені ардақтап, құрметтеп, жаман жағынан емес, жақсы жағынан көрініп риза етуіміз керек. Ренжітпей бізді қалай аялайды, бізде солай аялап қадірлеуіміз керек. Әке әрқашан бізге ыстық,біз үшін әкенің орны бөлек. Әкеміз бізді үлкен болып борышын өтейді деп ойлайды, үміттенеді. Біз әкеміздің үмітін ақтауымыз керек. Міне төрт жылдан кейін мектеп бітіреміз. Сонда әкеміз «Міне, біздің баламыз мектеп бітірді, үлкен азамат болды, ертең үлкен мамандық иесі болады» деп ойлайды. Ал, ертең мектеп бітіргенде сауатсыз, әрі тәртіпсіз болып шықсаң, онда сенің ата-анаңның үмітін ақтамағандығың. Сен тәртіпсіз болсаң «Оған әкесі тәртіп үйретпеген, өзі кішкентай кезінде солай тәртіпсіз болған» деп айтады. Сен сол арманын ақта. Мен әкемді жанымдай жақсы көремін. Әкем үшін жүрегімді жұлуға, өмірімді қиюға бармын, себебі ол мені өсірді. Менің әкелерге тілейтінім:

Қыстай суық денсаулық,

Жаздай ыстық махаббат.

Күздей шат көңіл,

Көктемдей күлімдеп жүре беріңіздер дегім келеді.

**********

Әке - асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке - сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке - бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз - отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

*******

Әке - ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну - аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.

Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.

**********

Әкешім жол сілтейтін ақылшымсың,

Анашым ұл-қыз таптың батырсың шын.

Құрметтеп өздеріңді сыйламасам,

Өмірде перзент деген атым құрсын.

***********

Менде азамат атанармын өсейін,

Өзің құсап сан түйінді шешейін.

Ұл әкеге тартпай туса қорлық қой,

Қартайғанда менде орныңа көшейін.

********

Көкке өрмелеп көңілің,

Нұрға толсын өмірің.

Бақытты бол, жан әке,

Ұзақ болсын ғұмырың.

********

Асқар тау әкешім бар сүйенішім,

Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.

Қабақ шытса балалық қылығыма,

Ешқашан болмақ емес ренішім.

********

Көмегімен біздерді мәпелеген,

Ардақты жан өмірде әке деген.

Бақыттымын өмірде әкем барда,

Сол бастаушым-биікке жетелеген.

**********

Асқар тауым аман жүр,аяулы әкем,

Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.

Кіп -кішкентай жүрегім сендіреді,

Мен өзіңді,әкетай,бақытты етем.

Әкелер тілегі тыңдалады.

Жағдаяттан шығу:

1. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз . Ол «ән тыңдап отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

2. «Ура , әке, мен « бес» алдым. Балаңыз өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай ата - анасына айтып жатыр. Жылдар өте берді , сіз мұндай қуанышты сөздерді барған сайын сирек естисіз. Сыныпқа көшкен сайын үлгерімнің кеми беретіні неліктен деп ойлаймыз ?

3. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті ,сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Бұрынғыдай емес , ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз ?

4. Қызыңыз мектептен келіп анасына « сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» десе , анасы «сенсіз де басым ауырып тұр , мазамды алма» депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз ?

5. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Бірде класс жетекшісі үйге телефон соқты. « Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған-ды»


Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас.


Әке балаға қарыз,

Бала далаға қарыз.

Әке балаға сыншы.


Әкеден - ақыл, анадан - мейір.


Әкеден безген ұл болмас,

Анадан безген қыз болмас.


Әке жүрегі таудан үлкен,

Ана жүрегі теңізден терең.


"Әкем бар" деп мақтанба топқа түсері жоқ болса.

"Балам бар" деп мақтанба жаман туған боқ болса.

"Ағайыным бар" деп мақтанба дос-дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса (Төле би).


Әкемнің өлерін білсем өнерін сатпас па едім.


Әкенің жақындығы жездедей-ақ.


Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгеңде қайтпексің?


Әкең өлседе әкенді көрген өлмесін.

Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.


Әкесі қоңыз атанғанның баласы доңыз атанады.


Әкесі құрдастың баласы құрдас.


Әкесі оқ атпағанның баласы боқ атпайды.


Әкесі сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.


Әке тұрып бала сөйлесе - ер жеткені,

Шеше тұрып қыз сөйлесе - бой жеткені.


Әке ұрған ұл оңар,

Шеше ұрған қыз оңбас.


Сайына қарай саласы,

Әкесіне қарай баласы.

Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық.


Бір бала бар -атаға жете туады,бір бала бар - атадан өте туады, бір бала бар- кері кете туады.

Көрініс

Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде , қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа бере малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,- дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол - сенің көзің, мен сенің екі көзіңді ойып аламын!- дейді.

- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат,- дейді жігіт.

Сөйтіп әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:

- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.

Біз сіздерге осы достардың достығындай достық пен ауызбіршілік, адалдық тілейміз.


Ой қорғау. Бүгінгі әке қандай

1 - көрініс. Бала 4 - сыныпта. Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді:

- Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады. Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі:

- Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған?

Балаларға: - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?

Әкелерге: - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар?

2 - көрініс. Бала 8 - сыныпта.

- Әке, сіздің қолыңыз бос па? Сізге бір нәрсе айтайын деп едім.

Әке: - Иә, не айтайын деп едің?

- Әке, маған сынып жетекшім: «Ертең ауданда әкелер слеті болады. Соған сізге қатыссын»,- деп еді.

- Жұмыстан келіп, дем алып жатқаным жаңа ғана. Қаншама қағазым бар жазатын. Ай, бара алмаймын - ау, бара алмаймын.

Балаларға: - Сіздерге әкенің әрекеті қалай әсер етті?

Әкелерге: - Сіз балаңыз үшін әкелер слетіне барар ма едіңіз?


3 - көрініс. - Әкесі жұмыста отырады. Баласы тәртіпсіздік жасап, милицияға ұсталады. Милиция әкесіне телефон соғады. Әкенің монологы:

Бұл дүние не боп кетті,

Не боп кетті, ой, балам,

Сені ойламай неге ғана

Тек жұмысты ойлағам?!

Анасы бар, қамқоры ғой

Қарайды деп ойлағам.

Ұлға әке тәрбиесі керегіне

Қалайша ден қоймағам?!


4 - көрініс: Бір - бірімен түсініскен әке мен бала.

- Балаларға: Шығармашылық жұмыс.


Сабақ Ф. Оңғарсынованың «Әке» өлеңімен аяқталады:

Әкем - біреу, анам да біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.

Олар барда мереке, көрген емен,

Қабақтарын шытқанын, түнергенін.

Менің досым әкесін жек көреді,

Бір - біріне бітпейді өкпелері.

Дос тапса да, адамдар таппаса да,

Әке - жалғыз, табылмас ақшаға да.

Жақсы әкесін бере ме басқа бала?!

Әке - білек, саусағы - балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана - тамыр, бойымен бәріне де

Тіршіліктің жылуы таралады.

Хор : Жойылсын соғыс



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал