7


  • Учителю
  • ӘДебиеттік оқу пәнінен 'Қолғабыс' тақырыбының жоспары 4 сынып

ӘДебиеттік оқу пәнінен 'Қолғабыс' тақырыбының жоспары 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Қолғабыс. Мәдіхат Төрежанов.Мақсаты: Оқушыны Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шы
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қолғабыс. Мәдіхат Төрежанов.

Мақсаты: Оқушыны Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, ссбаққа зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. (оқушыларды топқа бөліп, қима қағаздар тарату арқылы бөліктерге бөліп сұрау). Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? Қайроштың досының аты кім? (Шеген) Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады? Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің анаңа деген сезімің қандай? Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Тақтадағы суретке қарап не айтар едің? (еңбек еткен балалар жайлы суреттер). Мәдіхат Төрежановтың қандай әңгімелерімен таныспыз? Қәне, кім есіне түсіреді? («Бұлбұлдың әні, « Өз ізі»)

Ү. Жаңа сабақ: Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс. Бидайық - көп жылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік. Арғын мен атасының арасындағы диалог сөзді тауып оқы. Диалог деп нені айтамыз?

Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін диалог деп атайды.

Атасының немересіне риза болған сөзін тауып оқы.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Оқушыларды екі топқа бөліп, мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, мына сөзжұмбақты шешу. І топ.

  1. Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды? (торсыққа)

  2. Арғын мен атасы қайда келді? (Көктомарға)

  3. Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады? (қыранға)

  4. Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдайды? (шалғы)

  5. Арғын атасынан не сұрап ішті? (қымыз) (тоқым)

ІІ топ.

  1. Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? (қолғабыс)

  2. Атасы Арғынға не ұстатты? (тырнауыш)

  3. Атасы шөпті немен шапты? (шалғы)

  4. Шөпті неге тиеді? (арба)

  5. Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білуді не дейді? (өнер). (қағар)

ҮІІ. Қорыту. Сонымен, «Тоқым қағар» деген сөз шықты. Осы шыққан сөзді қалай түсінесің? Ол нені білдіреді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал