- Учителю
- Өзін өзі тану. Күш -бірлікте.
Өзін өзі тану. Күш -бірлікте.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп__Октябрь орта мектебі_____
Мерзiмі 30.09.2015
№ 15
Тақырып : «Күш-бірлікте»
Құндылық ақиқат
Қасиеттер басқалардан жақсы қасиетте көре білу , шындық айту, кішіпейілділік
Мұғалiм : Закарина Куралай Кадетаевна
Класс 2
Оқушылар саны 8
Сабақтың мақсаты:: Бірлікке жету жолы арқылы өзіндік пікірін қалыптастыра отырып,ақиқат құндылықтарын ашу.
Міндеттері: «Бірлік »туралы түсінік бере отырып , басқалардың жақсы қасиеттерін көре білуге үйрету;
-кішіпейілділік қасиеттері арқылы көпшіл болу іскерліктерін дамыту;
-шындықтарды айту қасиеттерін аша отырып,бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу;
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәті
«Табиғатқа саяхат»
Сыныпты топқа бөлу
-
Ынтымақ тобы
-
. Бірлік тобы
2.Үй тапсырмасын тексеру.
14-сабақ. Жағдаяттарды шешу.
- Тілес Бейарысты байқамай қағып кетте..........
-Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды..............
Оқушылар өз өмірлерінен мысалдар айтады.
Сабақ барысын талдау:
-
Дәйексөз.
« Бірлік болмай, тірлік болмас»
Халық даналығы
(Кезекпен оқылады)
-
Әңгiмелеу
Мұғалім сыйы
А. Байтұрсынов аударма мысалы «Аққу,шортан Һәм шаян» (Крыловтан)
Жүк алды Шаян, Шортан , Аққу бір күн.
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін -дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Асылы жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк онша ауыр емес,
Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Біріңғай тартпаған со, бәрі тегіс.
Жігіттер бұдан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас,
Біріңнің айтқанына бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Сұрақтар:
-
Мазмұны бойынша сұрақтар
Бұл мысалдың кейіпкелері не істемек болды?
2.Құндылығын айқындайтын сұрақтар
Олар жүкті орнынан неге қозғалта алмады?
3.Өмірмен байланысты сұрақтар
Сыныппен бірігіп атқарылатын жұмыстың нәтижесі қандай болар еді?
(мысал келтіреді)
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ынтымақ тобы бірлік тақырыбына постер құрастыру.
Бірлік тобы мақалдың жалғастыру(мағанасын ашу)
Ынтымақ түбі- .....
-
Топпен ән айту.
«Елімізді сүйеміз»
Сөзі: Қ Мырза Әли
Әні Д Ботбаев
-
Үй тапсырмасы.
«Өмірлік сый»саханалап қойылымға дайындалу 61-62 бет
-
Соңғы тыныштық сәтi.
Оқушылар көздерін жұмып сабақты ой елестерінен өткізеді (ақырын музыка ойнап тұрады)
Педагог стилі:
Уақытты ұтымды пайдалану: