7


  • Учителю
  • Кіріктірілген бақылау жұмысы (4 сынып ІІ- жартыжылдық)

Кіріктірілген бақылау жұмысы (4 сынып ІІ- жартыжылдық)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Рудный қаласы. № 19 орта мектеп



Кіріктірілген бақылау жұмысы.

4 сынып ( ІІ-жартыжылдық)





Бастауыш сынып мұғалімі: Жұмабекова Жанат Сейілхановна

2011 - 2012 ж

Кіріктірілген бақылау жұмысы. 4 сынып ( ІІ-жартыжылдық)

Түйеқұс

14 Түйеқұс - ең ірі құстың бірі. Оның биіктігі 2,5 метрге, салмағы 136 23 килограмға дейін жетеді. Мойны мен басы мамықсыз. Аяғы екі 31 саусақты және жақсы дамыған, қанаты нашар жетілген. Қоразысының 41 түсі қараға тең, қанат, құйрық қауырсындары ақшыл. Ал мекиенің реңі 52 қоңырқай болады. Түйеқұс 5 - 6 - дан, кейде 30-40 -тан топтасып 53 жүреді.

61 Түйеқұс Африкада кездеседі. Көбінесе қуан даланы мекен етеді. 69 Өсімдік ұрығы, жемісі, өркен бүршіктерімен бірге ірілі-ұсақ 75 жәндіктермен көректенеді, солардың бойындағы ылғалмен сусындайды.

84 Түйеқұс - ең жүйрік құс. Егерде ең жүйрік деген жануарлардың 94 жарысын өткізсе Түйеқұс өзімізге таныс ат, тазы, түлкі, қоян сияқты 103 әйгілі желаяқтардың бәрінен озып кетер еді. Оның бір айлық 112 балапанының өзі сағатына 50 километр жылдамдықпен жүгіре ді екен.

121 Түйеқұс ұясын жерге салады. Оның бір жұмыртқасының тұрғы 20 131 сантиметр, ал салмағы 1,5 килограмға дейін жетеді. Қоразысы мен 139 мекиені жұмыртқаларын күні - түні кезектесіп басып 40 шақты 145 балапан шығарады. Оның балапаны күркетауықтың балапанына 147 ұқсайды екен.



Сұрақ - тапсырмалар:

І.Оқу құзыреттілігі.

Оқуы және оқығанды дұрыс түсінуі.

  1. Мәтінді оқы. Мұғалімнің тоқтатқан кезде, оқып келген жерді таяқшамен белгілеп қой. Мәтінді әрі қарай оқып аяқта.

  2. Дұрыс жауапты сызып қой.

Түйеқұ ұясын қайда салады?

А) ағашқа

Ә) жерге

Б) тау арасына

  1. Мәтін қай жанрға жатады?

А) ертегіге

Ә) әңгімеге

Б) ғылыми статьяға

  1. Құсты сипаттап тұрған сын есімдерді тауып жаз.

Түйеқұс ең - ------------------------------------------------------

Мойыны мен басы - - - - - - - - - - - - - - - - - -- -------------

Қоразының түсі - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Қанат, құйрық қауырсындары - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Мекейенің реңі - ------ --------------------------------------------



  1. Түйеқұстың балапаны туралы оқып білгеніңді жаз.

*6. Мәтіннің мазмұнына қатысты 2 сұрақ құрастыр.



---------------------------------------------------------------------------------------------------

ІІ. Қазақ тілі

  1. Берілген сөйлемде сөз таптарын анықта.

Өсімдік ұрығы, жемісі, өркен бүршіктерімен бірге ірілі - ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

Сөз

Сөз табы

Өсімдік


ұрығы


жемісі


өркен бүршіктерімен


бірге


ірілі-ұсақ


жәндіктрмен


қоректенеді




  1. Берілген сөздерді сөз құрамына талда.

Қауырсындары, балапанының, жылдамдықпен, жүйріктігін, қоразысы.



  1. Берілген сөйлемде бірыңғай сөйлем мүшелерін сыз.

Егерде ең жүйрік деген жануарлардың жарысын өткізсеТүйеқұс өзімізге таныс ат, тазы, түлкі, қоян сияқты әйгілі желаяқтардың бәрінен озып кетер еді.



  1. «Түйеқұс» сөзін септеп жаз:

А.с -------------------------------------------------------

І. с -------------------------------------------------------

Б.с -------------------------------------------------------

Т.с -------------------------------------------------------

Ж.с- -----------------------------------------------------

Ш.с -----------------------------------------------------

К.с -------------------------------------------------------



  1. Берілген сөздердің әріптерінің орнын ауыстырып басқа сөз құрастыр:

Өркен -

Ақшыл -

Кетер -



*6. Мағынасы жуық сөздер жаз:

Жүйрік -

Желаяқ -

Қораз -

ІІІ. Математика

  1. Есепті шығар:

Түйеқұстың балапаны 50 км/сағ жылдамдықпен жүгірсе, ол 500 километр қашықтықты неше сағатта жүгіріп өтеді?

  1. Өрнектердің мәнін тап. Оларды өсу ретімен орналастырып Түйеқұстың қандай қимылды орындай алмайтынын тап.

13666 + 70235 = Й 4100 : 25 = Ұ 8424 * 500 = Ы

136 * 50 = М 38 * 99 = А 270 * 19 = Л

62089 - 20448 = А 90001 - 5233 = Д 81000 : 90 = Ш



  1. Өрнекте:

136 кг = . . . г 50 км = . . . м

2 м 5 см = . . . см ½ сағ = . . .мин

200 мм = . . . см қаңтар + ақпан = . . . күн

  1. Үш түйеқұс100 жұмыртқа басып отыр. Бірінші және екінші түйеқұстардың астында 75 жұмыртқа,ал екінші және үшінші түйеқұстардың астында 70 жұмыртқа. Әр түйеқұстың астында неше жұмыртқа бар?

  2. Есепті шығар:

Түйеқұс бір күнде 300 г жеміс, 200 г ет, 100 г өркен бүршіктері қажет болса, онда бір айда 3 түйеқұсты асырап шығу үшін қанша ақша жұмсалады? Бағасы 100 г. жеміс - 150 теңге, 100 г. ет - 120 теңге, 100 г.өркен бүршік - 90 теңге.



*6. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды.

Олардың қаншасы қалды?





ІV. Дүниетану

  1. Түйеқұс немен қоректенеді?

-------------------------------------------------------------------------------------


  1. Қуан далада өсетін өсімдікті белгіле.

А) жапаргүл, қоянбұршақ, күреңот;

Ә) боз, жауқазын, қазжуа;

Б) бидай, сұлы, арпа.

  1. Мәтіннен тауып белгілі:

Түйеқұс балапаны қай құстың балапанына ұқсас келеді?

  1. Айрмашылығын тап:

Түйеқұстың қоразысы мен мекиенінің айырмашылығын жаз.

  1. Түйеқұс туралы нақты, ғылыми мәліметті қандай кітаптан іздер едің?

А) энциклопедия

Ә) сұрыптамалар

Б) жануарлар туралы көркем әңгіме жинағы


*6. Берілген мәтіннен қандай жаңа мәлімет алғаныңды жаз.



Бағалау критерилары:



Тексеру бағыты

Ұпай саны


Оқу құзыреттілігі. Оқу және оқығанды дұрыс түсінуі.


1

Оқу техникасы. Мәтінді оқу жылдамдығы.

«іштей оқу» оқу шапшаңдығы 100 с/ мин құрайды.

5


95 - 100 с/мин

4


80 - 95 с/мин

3


75 - 80 с/мин

2


75 с/мин төмен

0

2.

Ақпараттық құзыреттілік. Мәтіннен ақпаратты тауып оған дұрыс жауап беру.

2

3.

Коммуникативтік құзыреттілік. Мәтіннің қай жанрға жататынын анықтай білу.

1

4.

Ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілік. Мәтіндегі ақпаратты дұрыс қолдана отырып,сөйлемді сауатты жалғастыру.

4

5.

Ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілік. Мәтіндегі ақпаратты дұрыс тауып алу.

3

*6.

Ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілік. Ақпаратты тауып қорытындылай білу.

5


Жалпы ұпай саны:

20


Қазақ тілі.


1.

Сөйлемде сөз таптарын анықтай білу.

8

2.

Сөз құрамына талдай білу.

5

3.

Сөйлем мүшелерін анықтай білу.

4

4.

Септеуді білу.

7

5.

Әріптердің орнын ауыстыра отырып басқа сөз құрастыра алуға.

3

*6.

Мәтіннен ақпаратты дұрыс тауып, оларға мағынасы жуық сөздер жазуға.

3


Жалпы ұпай саны:

30


Математика


1.

Қозғалысқа байланысты есепті шығара білуге.

4

2.

Өрнектің мәнін таба білуге.

9

3.

Өлшем бірліктерін өрнектей білуге.

6

4.

Есеп шығаруға

4

5.

Ойлау қабілетін анықтауға

3

*6.

Ойлау қабілетін анықтауға

5


Жалпы ұпай саны:

31


Дүниетану


1.

Ақпараттық құзыреттілік. Мәтіннен ақпаратты тауып оған дұрыс жауап беру.

5

2.

Дүниетану пәнінен алған білімін қолдана білуге.

3

3.

Мәтіннен ақпаратты дұрыс таба білу

3

4.

Мәтіннен ақпаратты дұрыс таба білу

2

5.

Керекті материалды таба білу

3

*6.

Дұрыс жауап беру үшін ақпаратты қорытындылай білу

5


Жалпы ұпай саны:

21

Бағалау қағидалары:

Ана тілі

Ұпайы

Баға

19 - 20

5

17 - 18

4

15 - 16

3

15 төмен

2



Қазақ тілі

Ұпайы

Баға

28 - 30

5

25 - 27

4

22 - 24

3

22 төмен

2



Математика

Ұпайы

Баға

30 - 31

5

28 - 29

4

26 - 27

3

25 төмен

2



Дүниетану

Ұпайы

Баға

20 - 21

5

18 - 19

4

16 - 17

3

15 төмен

2










 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал