7


  • Учителю
  • Разработка по начальному классу на тему 'Бастауышпен қоштасу'

Разработка по начальному классу на тему 'Бастауышпен қоштасу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекше
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі бас ием бастауышым!

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.

Ақсандықты ашайық

Шашу, шашу шашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың.

Бастаңғысын жасайық.,

(Ортаға үлкен апа шығып, шашу шашады, батасын береді).

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Гүлзада

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн.

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса

4 - сынып оқушыларының «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі бас ием бастауышым!» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.


Жанат: Білім деген қауыздан гүл ашылған,
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы,
Бастау алар бастауыш сатысынан.


Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншамызда?
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,
4 - сынып оқушыларын ортамызға


Оқушылар сахнаға келеді.

Гүлзада:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

Мен бүгін осы кешті жүргізуді 4 - сынып оқушылары Мырзахан Марал мен Бақытжан Шыңғысханға тапсырамын.

Екеуі бірге: «Сәләметсіздер ме?»

1-жүргізуші: Марал

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппемізді ұсынған сүйікті ұстаздарымызға және балғын балалық шағымыз өткен бастауыш мектебімізге рахмет айтып, қоштасқалы тұрмыз.

2-жүргізуші:Шыңғысхан:
Олай болса кешімізді ары қарай жалғастырайық!

Фатима: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.


Нұрымжан: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.


Аяжан: Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.


Нұрберген: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби - еркелер.


Фатима: Сарқылмас

Нұрымжан: ұлылықтың

Аяжан: бастауысың,

Бәрі бірге: саған мәңгі бас ием бастауышым! атты бастауышпен қоштасу

кешімізге қош келдіңіздер.

Балнұр: Мектеп неткен бақытқа толы бүгін,
Жарқын сәтпен қоштасу тіпті қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.


Марал: Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін алғашқы

сөз кезегі білім ордамыздың басшысы Нәлібаева Ляззат Машбекқызына беріледі.

Шыңғысхан: -балалар айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар,өзімізді таныстыра кетсек артық болмас еді.......
Қаракөз: 4 сыныпты 29 бала бітіргелі отыр
Ералы: Сыныптың орта жасы - 9 жас
Аяжан : --- қыз бен ---- ұл,------ оқу озаты мен - екпінді
Ерасыл: - 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып,мыңдаған сабақтар оқыдық.
Қызжібек: -қаншама ережелер жаттап, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шештік.
Нариман: - басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасты.
Гүлжазира: - үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
Бақытжан: - 6560 дәптер жазып тастаппыз
Салтанат: - 4 жылда 6600 қоңырау соғылды.
Сәкен: - тау-тау оқылған кітап беттері
Фатима: - бірнеше ашық сабақтар мен тәрбие сағаттар болды.

Нұрымжан: - реніштер мен қуаныштар, қызықты оқиғалар болды.
Оқушылар хормен : Бұған тек әлділер ғана шыдайды.

2-жүргізуші: Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.

1-жүргізуші: Марал:

Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.

Бекарыс: Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.


Ақниет: Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Нұрмұхаммед: Мектебім - білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.


Қызжібек: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


1-жүргізуші: Марал.

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Әбсадық Балнұрдың орындауында «Аяулы мектебім» әнін қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші: Шыңғысхан.

  • Марал , дүниедегі адамға ең жақын, ыстық жанның бірі кім деп ойлайсың?

1-жүргізуші.Марал.
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол шәкірттің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

2-жүргізуші.Шыңғысхан,
-Дұрыс айтасың. Ұстаз еңбегі ұлы еңбек. Сондықтан ұлы ақын Абай атаның

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кепес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.-деп айтуында терең ой жатыр. Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едіңдер?

М. Ринат: Ұстаз - дана


Е. Ринат: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.


Марал::

«Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Келесі тамашалайтын бөлім «Жүректен-жүрекке» деп аталады. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Ералы: Нұр жүзіңнен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден,
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

Нариман: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім...
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Әлімжан: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Мерей: Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса төбем өсіп көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.

Ерхан: Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Хор: «Ұстазым»


1-жүргізуші. Марал.
Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.

2-жүргізуші: Шыңғысхан:

1-жүргізуші. Шыңғысхан.
Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға және мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Ыстық лебізімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.


2 - жүргізуші: Марал.

Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен сіздерді марапаттаймыз.

«Ең көрікті де ақылды басшы» номинациясымен мектеп директоры Нәлібаева Ләззат Машбекқызы

марапатталады.

Сакен: Мектебімізге бас болған,
Ұжымды ол басқарған,
Жаңалықтың жан ашыры жақсы адам,
Лаззат апай үміт күтеді жастардан.


2- жүргізуші: Шыңғысхан. «Шебер ұйымдастырушы» номинациясымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлібекова Гүлнар апай марапатталады

Дильназ: Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Біздің де көкірегімізде із қалыпты.
Гүлнар апай неткен мықты төзімдісіз,
Әр сыныптың білім пайызын екшелейсіз.


1 - жүргізуші: Шыңғысхан: «Тәрбие ісінің майталманы» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Биімбетов Ұлан ағай марапатталады.

Салтанат: Жұмыста ылғи қайсарлы,
Көрмейміз мұндай жайсаңды.
Ұжымның мықты ұстазы,
Ұлан ағайды айтсаңшы.

2-жүргізуші Шыңғысхан: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Байкенжеева Гүлнар апай марапатталады.

1 - жүргізуші: Марал. «Ұлағатты ұстаз» номинациясымен еңбек пәнінің мұғалімі Абдуллаева Жаңыл апай марапатталады.

2-жүргізуші: Шыңғысхан: «Инабатты» номинациясымен орыс тілі пәнінің қыр - сырын үйреткен ұстаздарымыз Ахметова Гүлсім апай мен Беркимбаева Гүлзира апайлар марапатталады.


1-жүргізуші: Марал. «Алтын қалам» номинациясымен сурет пәні мұғалімі Шахан Үсен ағай марапатталады.

2-жүргізуші: Шыңғысхан: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Өтеев Азамат ағай марапатталады.


1-жүргізуші Марал: Аға буын өкілі, яғни, бүгінгі ардагер ұстаздар. Ұстаздарымызға рахмет айта отырып, сіздердің құрметіңізге арналған арнауымызды қабыл алыңыздар қадірменді ардагер ұстаздар!

Нейла: Ұрпақтар сабақтастығы
Осы ғой терең түйсінсең
Ардагер ұстаздардың да
Еңбегі ерең біз үшін


Тұрғаш апайға Ұстаз деген ұлық ат - сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе - бет сен келесің.


Меруерт апайға: Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.

Жұмагүл апайға: Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді,
Бізге үйреткен тәрбие мен тәлімді.
Жұмагүл апай ісіңізден бақ тауып,
Шығардыңыз талай талант өнерді

Ұ - ұлағатты Балдырғандарға баянды, сырын төккен ұстазым!

С- салмақты Шәкіртіне аяулы, нұрын төккен ұстазым!

Т- танымал Есейіп ертең кетсем де, шәкіртпін ұстаз алдында.

А - ардақты Білім -ойдын сұлуын, асу еткен ұстазым!

З - зиялы Жүрегінің жылуын, шашу еткен ұстазым!

Хор: «Ұстазым»

1-жүргізуші: Марал: Ата-ананың аялы алақаны мен жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Сондықтан да аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын дей отырып ата - аналарымызға арналған жыр шумақтарын тыңдаңыздар.

Бақытжан: «Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,
Үлпілдетіп балапандай самғатты.
Мейірімімен мәпелеген біздерді,
Ата - аналар аманбысыз ардақты.

Дильназ: Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген,

Е. Ринат: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.


1-жүргізуші: Марал: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2-жүргізуші: Шыңғысхан: Иә, дұрыс айтасын Марал! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

Ералы:

-Ата, ата, арман деген не?

Ата: Нұрымжан:

-Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

Ата: Нұрымжан.

- Дос табу оңайма?

Аяжан:

- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Ата: Нұрымжан:

-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Ата: Нұрымжан:

-Үйдегі алтын қазығың кім?

Қаракөз:

- Ата, үйдегі алтын қазық әке.

Ата: Нұрымжан:

- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің, қарындасың-қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.

Ата: Нұрымжан:

- Өмір сүру үшін не қажет?

Аяжан:

- Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.

Ата: Нұрымжан: - Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

Ата: Нұрымжан.

-Адамға ақыл беретін кімдер?

Ералы:

- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.

Ата: Нұрымжан.

-Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата - ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

2-жүргізуші: Шыңғысхан:

Соңымыздан еріп келе жатқан 3 - сынып оқушыларына білім кілтін табыс ету сыныбымыздың үздік оқушысы Мырзахан Маралға тапсырылады.

Марал:


Құрметті жас түлек! Сіздің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сізге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз. Аспаныңыз ашық болсын!

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Бастауышым- балбұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


3 сыныптың құттықтау сөзі

Не жетеді көңілдің байлығына,

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Ізбасары ниеттес боп қолын бұлғап,

Сәттілік тілеп тұр ғой сіздерге кеп.


Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Келешкте ел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табыңдар орын мықты

Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам - бәрінен биік пенде.

Болашағың жарқын болсын өмірде,

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.


Риза болшы ұстаз қауым ардақты

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де

Бастауышты орта буын жалғапты.


Ақырын жаймен жүретін

Жымиып ақырын күлетін.

Әдеппен бәрін сыйлайтын.

4 - сынып жарадың!

-Мерекелерің құтты болсын!


2-жүргізуші: Шыңғысхан. Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға Төрехан Ақниетті шақырайық.

1-жүргізуші: Марал. Ендігі тілегіміз 11 - сыныпты бітіргелі отырған аға - әпкелерімізге арналады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы - жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқанын баяндады. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сіздер қайда жүрсеңіздер де туған ауылымыздай келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңызды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңызды мақтан етуге тиiссiздер. Туған жеріміздің мәрте­бесiн арттыратын сіздерсiздер. Қадамдарыңызға сәттi сапар, өмiрлерiңізге құтты қадам тiлейміз.

Сіздерге үш тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат болыңыздар. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарыңызды қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүріңіздер және үміт күтіп отырған алтын белгі иегерлері үмітеріңіз ақталып, 42 мектетің алды болсын деп тілек білдіреміз.


Алтынбек: Енді бәрі ҰБТ - ны уайым ғып,

Жүріп жатыр оған қызу дайындық.

Ата - аналар таңдап оқу, мамандық,

Келер күннің ойлап жатыр жайын нық.


Дильназ: Ал,түлектер,сендерге көп айтарым
Барлық істе болсыншы тек қайтарым.
ҰБТ-дан уздік шығып,олжамен
Мектеп аты,ұстаз аты биiктерде самғасын.


Әлімжан: Өмір атты ұзақ жолда талмаңдар
Бақытты бір жолаушы боп самғаңдар.
Алтын ұян берген білім-тәліммен
Ұстаздардың ақ ниетін ақтаңдар.


Балнұр: Өмірде жансың бақтарың,

Таза болсын арларың.

Ұлттық тесте сүрінбей,

Жүз жиырма бес балды ақтағың.


Нұрберген: Қыран болып ұшыңыз,

ВУЗ - ға барып түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш.

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз,

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен,

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын.

Сапарларыңыз оң болсын.


Көрініс: «5 сыныпқа бірге барам»
----------------:Достар менің де сендерге арнар тілегім бар.5 сыныпқа бара жатырсыңдар ,сабақты 2 мен 3-ке оқымаңдар,қастарыңа тек 5 пен 4 ерсін. 2 мен 3-тің керегі жоқ
1,2 мен 3 бейнесіндегі қыздар кіріп келеді: -бізді неге апармай жатырсыңдар,біз де ереміз
-------------сендер кімсіңдер?
Үшеуі:- мен сұлу да сымбатты баға «1»-мін.Мынау менің аққу мойын апам «екі»,ал мынау томпақ әпкем «3»
Бәрі: -біз сендерді ертпейміз
Үшеуі:-неге, біз де барамыз.
Балалар ақылдасады.
---------------:-жақсы бағалар,біз сендерді ертіп апарамыз,бірақ баға ретінде емес.Сендер үнемі бізбен бірге болатындай етіп жарыстарда, ғылыми жобаларда иемденетін орындарға айналдырамыз. Айналғыларың келе ме?
Үшеуі:Әрине,бірақ ол үшін біздің тапсырмамызды орындаңдар
(1-ден басталатын құс,ән аты. 2-ден басталатын қала аты... 3 санының көбейту кестесі)
Бағалар орындарға айналады.(І орын, ІІ орын, ІІІ орын)

2-жүргізуші: Шыңғысхан.

Есімде ұстазымның алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны,
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны,
Енді міне сағымдай боп өте шықты.
4жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Ендігі арнауымыз 42 әріпті танытқан алғашқы ұстаздарымызға арналады

Салтанат: Сен менің әкемдейсің анамдайсың,
Мен үшін армандайсың алаңдайсың.
Гүлзада апай сенен артық ақылшым жоқ,
Адалдық пен парасаттан жаралғансың.
Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеудеге намыс отын жаға алатын,
Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз,
Шәкірттердің жүрегіне жол табатын.


Нұрмұхаммед: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын ақылын,
Мәңгі ,мәңгі есімде қалады.


Қаракөз: Көрінетін биіктен асқақ іспен,
Баулитұғын білімге жас кішіден,
4 жыл бойы біліммен сусындатқан,
Қоштасқалы күн келді алғашқы ұстазыммен

Жанат апай анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.


---------- Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсамда көре тұғын белестер.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

1-жүргізуші: Марал.

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де - дей отырып сөз кезегін алғашқы ұстаздарымыз Гүлзада апай мен Жанат апайға береміз! (Жанат, Гүлзада тілек)

2-жүргізуші: Шыңғысхан. 4 - сынып оқушыларының ант беру рәсімін тамашалаңыздар.

Жанат апай:

-Түлектер сендер енді 5 - сынып оқушысы боласыңдар. Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде, достарыңа, ұстаздарыңа тік қарап тұрып, осы антты бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?
-дайынбыз
-тақта алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты қиынды да , оңайды да қағып алуға,орындауға ант етесіңдер ме?
-бір-біріңе бауырдай қарап,дос болуға,қиындықта тастамауға ант етесіңдер ме?
-мұғалімді ашуландырмауға,арттарыңнан жаман сөз айттырмауға ант етесіңдер ме?
-мектеп коридорында үзілісте жүгірмеуге, шуламауға ант етесіңдер ме?
-білімнің тұңғиық,түбіне сүңгуге ант етесіңдер ме?
- Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!!!!

Хор: Ән: «Сыныптастар, құрдастар»
(«Армандастар» әні әуенімен)

1. Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз,
Ұстаздар-ау, жақсы істі қоштасаңыз
Үлкен сынып балалармен достасамыз
Сыныптастар, құрдастар.
Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,
Бәріміз де өмір жолын бастап едік
Білімменен алға2
Ұмтылайық, ұмтылайық біз достар.

2. Білімменен көрсетелік біздер қызмет,
Білім берген ұстаздарға көп-көп рахмет
Көрсетпесін өмір-өзен еш тауқымет,
Сыныптастар, құрдастар.
Қайырмасы:

1-жүргізуші. Марал. Қанаттарын қатайды,
Биікке енді самғандар.
Білім жолы сара жол,
Ізденіндер талмандар - дей отырып, диплом тапсыру рәсімін бастаймыз.

(Оқушыларға дипломдар табыстау рәсімі).
Жұмыста ылғи қайсарлы,
Көрмейміз мұндай жайсаңды.
Ұжымның мықты басшысы,
Ляззат апайды айтсаңшы.

Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің директоры Нәлібаева Ляззат Машбекқызына беріледі.

(диплом тапсырылады)

2-жүргізуші: Шыңғысхан.

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі сөз кезегі директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлібекова Гүлнар апайға беріледі.


2- жүргізуші: Шыңғысхан. Әкемдей мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Ұлан ағай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып. - дей отырып, келесі сөз кезегін директодың тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Беимбетов Ұлан ағайға беріледі.


1-жүргізуші: Марал. - «Ана дегеніміз- әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген екен Расул Гамзатов. Олай болса жарық дүние сыйлаған ат - аналарымызға сөз кезегін береміз. (Ата - аналар сөйлейді)

1-жүргізуші: Марал.

Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.

Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған - барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты. Ендеше, мына қорапшаның ішіндегі өздеріңіз қалаған жүрекке, жүректен шыққан жылы лебіздеріңізді бір ауыз сөзбен жеткізулеріңізді өтінеміз!

2-жүргізуші: Шыңғысхан. Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сеннен нәр алдым, көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,

Бәрі: РАХМЕТ САҒАН, БАСТАУЫШ МЕКТЕБІМ!

1-жүргізуші. Марал. Өсті міне бойымыз,
Өсті, міне ойымыз.
Сіздердей аға, әпкелер,

Бәрі: ҮЛГІЛІ ШӘКІРТ БОЛАМЫЗ!
1-жүргізуші. Марал. Тұрғали Нұрымжан мен Гүлзада апайдың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.


Гүлзада апай: Жолдарыңыз болсын, бастауыш сыныпты аяқтағалы отырған түлектер!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады).

Жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал