- Учителю
- Сабақ жоспары Тақырыбы: Кім жүйрік? тәрбие сағаты (3 сынып)
Сабақ жоспары Тақырыбы: Кім жүйрік? тәрбие сағаты (3 сынып)
Садуева Ақжол Базыловна
«Бақыршық орта мектебі» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі
ШҚО, Жарма ауданы, Әуезов кенті.
Тақырыбы: Кім жүйрік - сол алда
Мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, Өз -өздерін емін- еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру.
Ойлау қабілеттерін ,зейінін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Отанын, ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз:
Бүгін сіздер 2 сынып оқушыларының «Кім жүйрік сол алда» атты сынып сағатына қош келдіңіздер.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап қаралықта.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па?
Халқымыз жан-жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі-ол білім. Олай болса бүгін 2 сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салады. Сынып 2 топқа бөлінеді. Әділқазылар алқасын сайлау.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанама?
Білім өнер жарысып
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
«Кім жүйрік, сол алда» -атты сайысымызды бастайық.
І айналым «Біліміңді шыңда» (сұрақтарға жауап беру)
ІІ айналым «Қас-қағым сәтте» ( берілген сұрақтарға Қ, Т әрпінен бастап жауап беру)
ІІІ айналым «Ойлан тап» (Ертегі беріледі. Сол ертегіні көрсету.)
І V айналым «Кім тапқыр» (сиқырлы сандықта берілген сөздермен сөйлемқұрау және суретін салу)
Қорытынды
Әділ-қазылар алқасына сөз беру. Марапаттау.
Кім жүйрік ойға, сол ал
2 «б» сыныбы
Сынып жетекшісі: Садуева А.Б.
2013-2014 оқу жылы