7


  • Учителю
  • 'Сөз және оның мағынасы' қазақ тілі 4-сынып

'Сөз және оның мағынасы' қазақ тілі 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 4 сыныпқа арналған қазақ тілінен "Сөз және оның мағынасы" тақырыбында құрастырылған ашық түрде берілген сабақ жоспары. 4 сыныпта сабақтастықты ұйымдастыруға, орта буынға дайындық деңгейлерін анықтау, бағыттауға әсерін тигізуді көздейді. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау техн
предварительный просмотр материала

Сөз және оның мағынасы

Сынып: 4

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты:

1) Оқушыларға көп мағыналы сөздер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету;
2) Жұппен, топпен жұмыс істеуді, ой жинақтауды, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауды, шапшандыққа, тақырыпты қорытындылауға, сыни тұрғыдан ойлауға үйреніп, көшбасшылық қабілеттерін дамытады.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауаптар

Сабақ барысы:

І. Психологиялық ахуал

ІІ. Топқа бөлу

ІІІ. Тақырыпқа шығу

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Оқытуды ұйымдастыру формасы: топпен, жұппен, жеке дара.

Сабақтың көрнекілігі: стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

Кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Мұғалім оқушыларға сабақтың өту тәртібімен, ретін түсіндіреді. Журнал бойынша оқушыларды түгендейді. Оқушыларды топқа бөледі. Мұғалім оқушыларға өткен тақырып бойынша қысқаша сұрақтар қойып, үлестірмелі қағаздарды таратады.


Мұғаліммен амандасады. Кезекші оқушы үй жұмыстарын жинап, мұғалім үстеліне қояды. Оқушылар топқа бөлінеді. Үлестірмелі қағаздардағы тапсырманы орындайды.

Жаңа сабаққа дайындық

Өткен тақырыптан алған білімдерін тексере отыра, сұрақтар қойылады:

  1. Сөз дегеніміз не?

  2. Мағына дегеніміз не?

  3. Мәндес сөздер дегеніміз не?

  4. Қарама-қарсы сөздер дегеніміз не?

Мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар сұрақ-жауап арқылы жауап береді.

Жаңа тақырып

Берілген тапсырманы тексеріп орырып жаңа тақырыпқа шығамын. Тақтаға мына сөйлемдерді жазамын: а) Марат атты суарды.

ә) Асан садақпен атты.

Үлестірмелі қағаздағы жауаптарын оқып отырып, көп мағыналы сөздердің ережесін шығарады. Тақтадағы сөздерді оқып, көп мағыналы сөздерді табады.

Бекіту

Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасына көңіл аудартам.

2-жаттығу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын таптырып, сөйлем құратамын.


4- жаттығу. Берілген сөздерден көп мағыналы сөздерді таптырып, сол сөздердің мағыналарынан сөйлем құратамын

Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасына көңіл аударады.

2-жаттығу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып, сөйлем құрайды.


4- жаттығу. Берілген сөздерден көп мағыналы сөздерді тауып, сол сөздердің мағыналарынан сөйлем құратайды.

Сергіту сәті

Сергіту сәтін ұйымдастырады

Сергіту сәтін жасайды

Қорытынды

Әр топқа көп мағыналы сөз беремін. Әр мағынасына сөйлем құратып, суретін салдырамын.

Берілген көп мағыналы сөздің мағыналарын тауып, сөйлем құрайды. Сол сөйлемге сай топпен суретін салады.

Үй жұмысы

5-жаттығу. 62 бет. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаздырамын. Сөз және оның мағыналарын қайталатамын

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады. Сөз және оның мағыналарын қайталайды.

Бағалау

Оқушыларға алдарындағы түрлі-түсті қағаздар арқылы бағалатамын.

Алдарындағы түрлі-түсті қағаздармен бір-бірін бағалайды. Мұғалімге күнделіктерін әкеліп бағаларын қойдырады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал