7


Лепті сөйлем 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, С.Оразалин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Акимова Гулшат Аманқызы

Күні: 26.11.2015ж

Пәні: қазақ тілі

Класы: 2

Тақырыбы:

Лепті сөйлем

Мақсаты:

Лепті сөйлем адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін, өзіне лайық айту мәнері бар екенін меңгеруге жағдай жасау. Өлеңдер арқылы тілдерін дамыту. Көркем жазуға. Сыни ойлауғы, ынтымақтаса жұмыс жасауға баулу. Өз ойларын еркін жеткізуге, жүйелі сөйлеуге машықтау.

Күтілетін нәтиже:

Лепті сөйлем әр түрлі көңіл -күймен айтылатынын түсінеді. Өлеңдер арқылы тілдері дамиды. Көркем жазу, сыни ойлау дағдылары артады. Ынтымақтаса жұмыс жасайды. Өз ойларын еркін айтады, жүйелі сөйлеуге үйренеді.

Түйінді идеялар

Рухани дүниесі таза адам, әр кез көңілді жүреді. Көңілді сөздерді айта біледі!

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

Ынтымақтастық орта орнату.

Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!

Тренинг: «Досқа құпия сый»

Топқа бөлу: «Көбелекті гүлге қондыр» әдісі арқылы орналастыру.

  • Балалар жаңа мен ертеңісін жолда келе жатып әдемі қорапшалар тауып алдым.

  • Қараңдаршы балалар өте әдемі қораптар мен осы қораптарға ашуға асығып едім, алайда жүрегім бірдемені сезгендей, біреу құлағыма оқушылар ашсын деп сыбырлағандай болдыма әйтеуір өолым бармады. Сойтіп жүрегімнің үнін тыңдап мен ол қорапшаны сендерге ашқызбақшымын.

  • Қане бір оқушы мына сиқырлы қорапша абайлап ашсын не бар екенін барлығымыз көрейік.

«Білімдерің көп болса , достарың да көп болады.»

Ал біз білімді қайдан аламыз?

Білімді болу үшін не істейміз?


Мадақтау

Үш түсті көбелектер мен гүл.

Тұсаукесер

«Қалам үстел ортасында» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.

Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлем неден құралады?

Сөйлем туралы не білеміз?

Сөйлем түрлерін ата?

Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Ертегілерді ұнатамызба?

Ертегі кейіпкерлерін атайықшы?

Ортаға ертегі кейіпкерлерінің маскасын киген 3 - бала келеді.

Оқушылардың көңіл - күйі мен сезімін байқау.

Оларға сөйлем құрату.

Таңданған, қуанған кездеріндегі сөздерін анықтау.

Басбармақ

Жануарлар бейнесіне жазылған сұрақтар


Негізгі бөлім

Балалар енді, екінші қорапшаны ашайықшы. Маған қызықты болып тұр. Одан не шығар екен.

ОҚЫ ,ОЙЛАН,ІЗДЕН.

Ал, бұл сөздердің мағынасын қалай түсінеміз?

  1. Тұр орныңнан!

2. Алақай, әжем келе жатыр!

3.Қазақстанның Тәуелсіздігі жасасын!

1. Әр сөйлем қалай оқылды?
2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?

Сөйлемдерге талдау жасау. Ережені өз бетінше шығарту.

185-жаттығу ауызша орындау.

Өлеңді тыңдату.

Бүлдірген тереміз балақай.

-Алақай!

-Ат жарыс көреміз балақай!

-Алақай!

-Айға ұшып барамыз, балақай!

-Алақай!

-Кел, ағаш жарамыз, балақай!

-Әй, ата-ай!

Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөйлемдерді табыңдар.( Өлеңді тыңдату)
І топ:Өлеңдегі балақай қандай бала?
ІІ топ:Рөлге бөліп оқыңдар.
ІІІ топ: Қандай жаңа тыныс белгісі қойылғанына назар аударыңдар.Неліктен?

Қорапшадағы нақыл сөздер:

«Білімді іздей берсең , толып көбейеді.
Ал дүниені жарата берсең,азайып құриды.»

Көркем жазу минуты: Пп Пп Пп

Пай - пай шіркін!

186-жаттығу (жеке жұмыс)

І топ. Сұраулы сөйлемге айналдырып жазады.
ІІ топ: Лепті сөйлемге айналдырып жазады.
ІІІ топ.Хабарлы сөйлемді көшіріп жазады.

Сыныпта озат оқушылар көп.Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген

Қорапшаны ашып, нақыл сөздерді оқу.

«Білгеніңді іске жарат.»

187-жаттығу «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы

Топтық жұмыс

1-топ: Алақай

2-топ: Ура

3-топ: Жасасын

Сергіту сәтін орындау: Интербелсенді тақтадағы видео-ролик арқылы қимыл - қозғалысты би билеу арқылы көңіл - күйлерін көтеру.

Қорапшаны ашу:

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы болыңдар.
Білімді болсаң - сені ел құрметтейді,
Ал, байлығың болса ,қызғанышпен қарайды.»

188-жаттығу «Автор орындығы» әдісі арқылы

Сөйлемдерді салыстырып,айырмашылығын табыңдар .
І топ: Әкем шаңғы әкелді. Алақай ,әкем шаңғы әкелді! ( Қуанып айтып тұр)
ІІ топ:Қар қалың жауды. Қардың қалың жаууын-ай! ( Таңданып тұр)
ІІІ топ:Ауа райы жақсы екен. Ауа райы қандай жақсы! ( Сүйсініп тұр)

Смайлик

Қошемет


Смайликтер



Отшашу


Сиқырлы қорапшалар

Ішіндегі нақыл сөздер жазылған.

Интербелсенді тақта.


Ұялы телефон


Оқулық

Қазақ тілі 2 -сынып

Атамұра 2013


Видео - ролик



Қорытынды

«Білім өміріңді жарық етеді,
Ал дүние тура жолдан тайдырады»

1-топ: Сәйкестендіру парағы

Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!
Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

2-топ: Веер әдісі

Дайын веерге лепті сөйлем туралы түсінгендерін жазады.

3-топ: 5 өтірік, 1 шындық әдісі

Лепті сөйлем туралы бес оқушы 5 өтірік мәлімет айтады, бір оқушы 1 шындық мәлімет айтады.

(Уақыт қалса: Шығармашылық тапсырма: Жарнама

Киіз үй, қуыршақ, түйе жарнамалау. Лепті сөйлемдерді қолдану.)

Рухани дүниесі таза адамдар әр кез көңілді жүреді. Көңілді сөздер айта біледі! Үнемі жақсы сөздер айта білейік!

Өзін - өзі бағалау

Саусақ арқылы


Мұғалімнің жиынтық бағасы

Үйге тапсырма

189-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Рефлексия

«Білім кілті » әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Не сәтті өтті?

Нені дамыта аласыз?


Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал