7


На тему 'Менің отбасым'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: 1. Ата - анаға деген құрмет, сыйластық деген ұғымдарды

балалардың санасына жеткізіп, қалыптастыру. Бала

тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін

түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже

өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін ұғындыру, өзіндік

ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту.

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, өз ойларын

тұжырымдап, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,

қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру,

үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы

болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, буклеттер, нақыл сөздер.
Барысы:
І.Ұйымдастырукезең

ІІ. Психологиялық дайындық.
- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.
- Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы бәрімізге таныс әрі ыстық - "Менің отбасым"деп аталады.
Сұрақ: - Отбасы деген не? - Отбасы мүшелері деп кімдерді айтамыз?

ІҮ. Негізгі бөлім.
Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен тәрбиешінің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Сезімді тәрбиелеу»яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету. Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет.

Мақалдың жалғасын тап:
(Әр жұп бір-біріне бір мақалдан айтады,екінші жұп жалғасын табу керек)
1.Оқушы:Атаңа не қылсаң,(Алдыңа сол келер ) ***
Ата-ана:Атадан ұл туса игі,(Ата жолын қуса игі.)
2.Оқушы: Әдепті бала арлы бала,(Әдепсіз бала сорлы бала)***
Ата-ана: Баланың ұяты әкеге,(Қыздың ұяты шешеге).
3.Оқушы: Ананың көңілі балада,(Баланың көңілі далада)***
Ата-ана:Қарға баласын аппағым дер,(Кірпі баласын жұмсағым дер)***
4.Оқушы:Балалы үйдің (ұрлығы жатпас.)
Ата-ана:Бала ааның -(бауыр еті).
5.Оқушы:Атадан-(өсиет) Анадан-(қасиет
Ата-ана:)Атасыз үй -(батасыз)
Анасыз үй-(панасыз).

ІҮ. Негізгі бөлім.
- Отбасы тату болу үшін ең бастысы сыйластық, бір - біріне деген құрмет болу керек екен. Ата - ананың, аға - әпкеміздің ақылын тыңдап, кішіге қамқор болуымыз керек.
"Ұлылардан қалған ұлы сөздер"
Жанұяда әке мен ананың орны ерекше. Бұл туралы өмірде талай дана, талай ақын - жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
1 - оқушы.
"Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 - оқушы.
"Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке, өзіңсің"
3 - оқушы. "Ата - ана ақылы - қазылған қара кенмен тең"
4 - оқушы.
" Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
ІҮ. Негізгі бөлім.
- Отбасы тату болу үшін ең бастысы сыйластық, бір - біріне деген құрмет болу керек екен. Ата - ананың, аға - әпкеміздің ақылын тыңдап, кішіге қамқор болуымыз керек.
"Ұлылардан қалған ұлы сөздер"
Жанұяда әке мен ананың орны ерекше. Бұл туралы өмірде талай дана, талай ақын - жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.
1 - оқушы.
"Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 - оқушы.
"Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі - әке, өзіңсің"
3 - оқушы. "Ата - ана ақылы - қазылған қара кенмен тең"
4 - оқушы.
" Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"



Қортынды:

Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңілкүй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік , рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады . Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моралдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал