- Учителю
- 8 саны математика ашық сабақ
8 саны математика ашық сабақ
1 сынып
Математика
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды 8 санымен, оның пайда болуымен, 8 цифрымен, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандар ретімен таныстыру. 8-ді 7-мен салыстыруға жаттықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу. Білімділікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: «Сандар» кестесі. Тақырыпқа байланысты суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
4, 5, 6, 7 сандарының құрамын қайталау, пысықтау.
6+1=7 7-1=6 7-6=1
5+2=7 7-5=2 7-2=5
4+3=7 7-4=3 7-3=4
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
7 затты алып, оған тағы бір зат қосу арқылы 8 санының пайда болуымен таныстыру.
-
санын кесте арқылы түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс.
-
саны және цифры.
Баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
1тапсырмалар арқылы 8 саны мен цифрын меңгерту.
Суреттер мазмұнына сәйкес әңгіме құрастырылып,
7+1=8, 8-1=7, 8-7=1 теңдіктері түсіндіріледі.
8 см
Кесінді. Кесінді ұзындығы неге тең?
Кесіндінің ұзындығы -8см. 8см * ٱ см
2. Салыстыр.
6 *7 7*6
3. Теңдіктер құр, оларды оқы:
ڤ + ڤ = 7 7 - ڤ = ڤ
0-7=7 7-0=7 7-7=0
1+6 =7 7-1=6 7-6=1
2+5=7 7-5=2 7-2=5
3+4=7 7-3=4 7-4=3
Логикалық тапсырма.
Дәптермен жұмыс.
Әрбір оқушы өз бетімен орындап шығуы керек. Берілген қосындылар мен айырмалардың мәндерін дұрыс табу үшін доптардың суретін пайдалануға болады.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.