- Учителю
- Открытый урок по природоведению' Отбасы мүшелері және олардың міндеттері'
Открытый урок по природоведению' Отбасы мүшелері және олардың міндеттері'
Сабақ тақырыбы: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері.
Сабақ мақсаты:
-
Отбасы туралы түсінік, туысқандықты білдіретін сөздер, татулық, бірлік жайында түсінік беру.
-
Ақыл, ой-өрісін, өз ойын толық жеткізе білу дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру;
-
Әдептілікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, оқулық, үлестірмелі тест қағазы.
Әдіс - тәсілі: Ой қозғау, сұрақ - жауап, тренинг, ассоциация.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, ән күй.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
-Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Жақсы балалар, қазір бізде дүниетану сабағы.
Сабаққа дайындалу. Сабаққа үш топ қатысады.
1-топ - зерделілер , 2-топ - ұшқындар, 3-топ - алғырлар.
-
Өткен сабақты еске түсіру.(3 мин)
-
Қызыл кітап дегеніміз не?
-
Қазақстанның қызыл кітабына қандай жануарлар мен өсімдіктер кіреді?
-
Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерге қалай көмектесуге болады?
-
Жаңа сабақ.
-
Ой қозғау(7 мин)
Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Өз .... - өлең төсегім.
-
Балалар тақтадағы мақалда қандай сөз түсіп қалған? Үйім.
-
Әр адамның өз үйі өзіне қандай екен? Ыстық, кең.
-
Үйдің ішінде кімдер болады? Адамдар. Қандай адамдар?
-
Ал енді мына суретте қандай адамдар бар? Оларды бір сөзбен не дейді?
-
Отбасы. Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді.
Ассоциация.
-
Отбасы ата әке әже ана ұл қыз
-
Балалар сендер ата-аналарыңа кім болып келесіңдер? Балалары боласыңдар.
-
- Сендердің отбасы алдында қандай міндеттерің бар?
-
- Әке мен ананың қандай міндеттері бар?
-
Мақсатты анықтау.
-
Мағынаны ажырат(7 мин)
а) Оқулықпен жұмыс.
-
беттегі «Отбасы» мәтінін әр топқа мәнерлеп оқыту.
ә) Мәтінді талқылау
- Мәтін не туралы?
- Отбасы
- Әр бөлімде не туралы айтылған?
б) Үш топпен схема арқылы жұмыс істеу.(5 мин)
1-топ: Туыстықты білдіретін сөздер
2- топ: Отбасы тату өмір сүру үшін не істеу керек, қандай болу керек?
3- топ: Тренинг «Жұбын тап». Әке, ата, әже, ана, нағашы ата, нағашы апа, ұл, қыз.
в) Балалар, Жиренше шешеннің мынадай сұрағы бар?(5 мин)
- Дүниеде не тәтті, не жұмсақ? (Ананың сүті тәтті, ананың алақаны жұмсақ.)
- Біздің елімізде аналарды қандай марапаттаулармен марапаттайды?
г) Мәтінмен танысу.
- Ендеше «Ана» тақырыпшасын мен оқимын. Ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
ғ) Мәтінді талқылау.
- Яғни, көп балалы аналарымыз «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталады.
- Балалар, биылғы жылы (2012ж) 7 бала өсірген анаға - алтын алқа,
Ал 6 бала өсірген анаға - күміс алқа беріледі екен.
д) Сергіту сәті . Ән «Менің анам алтын» (2 мин)
IV. Бекіту. Ой толғаныс(5 мин)
-
1- топ: ана туралы 5-жолды өлең
2-топ: ана қандай адам?
3-топ: Ананың жылы сөздері
-
Қорытындылау. (2 мин)
- Сонымен, балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Отбасын кімдер құрайды?
- Балалар ананың қолын, жүрегін неге «алтынға» теңейді?
- Себебі аналарымыздың қолынан кез келген жұмыс келеді.
VI. Рефлексия(5 мин)
Жаңа тақырып бойынша тест жұмысы.
VII. Бағалау.(1мин)
VIII. Үй тапсырмасы. (1мин)
Мәтінді мазмұндау. «Менің анам» тақырыбына шығарма жазу.
Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі.
Ашық сабақ
Пән: Дүниетану
Тақырып: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері
Сынып: 2 «Ә»
Мұғалім: Смагулова Бақыт Байзрахметқызы
2011-2012 оқу жылы