7


ӘЛіппе саған, мың алғыс!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Әліппе,саған мың алғыс!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың қабілеттерін, икемділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, Елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әліппе,Ана тілі оқулықтарының мұқабасы,нақыл сөздер,шарлар.

Барысы: Алина Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған сірә баршаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

1 «ә» сынып оқушыларын ортамызға.

Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады.

Аружан -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

Алина Әліппе,саған мың алғыс! мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Аружан Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Алина Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Аружан Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.


Алина

Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.


Аружан Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не ?

Суреттермен сөйлеткен,

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?


Оқушылар: Ол, сүйікті Әліппе !
Тілек Осы кезде Әліппе келеді
Армысыздар , жас достар! Армысыздар, ата -ана !
Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың Басталады сендерден.
Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік Қане, ортаға салайық !


Алина Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Ә - әлемді
Л - легімен
І - ізгілікпен
П - парасатпен
П - паш
Е - етеміз.
Хормен: Әлемді легімен, ізгілікпен, парасатпен, паш етеміз.

Ән "Әліппе"

Аружан Енді әліппе туралы тақпақтарымызды тыңдайық.

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар


Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің сүйікті Әліппем,

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім


Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.


Таныстырар әріппен

Мынау кітап-Әліппең

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен?


Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.


Қош бол,құтты Әліппе,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.


Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.


Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.


Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.


Бітті әліппе сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Өзге оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштассақ.


Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл бердің Әліппе
Ақылды сен мұғалім!

Алина

-Балалар, біз 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды , жазуды үйрендік. Әліппемен қоштасу тек біздің ғана мектепте ғана емес, біздің еліміздің мыңдаған балалары «Әліппе» кітабын бітіргендерін мерекелеуде.
-Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер ?
Әріптер сыры:


Алфавиттің А тұрады басында, Әрқашан да Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші, Ал, осының сыры неде түсінші?


А- деген ол аналар ғой ардақты,

Ә- деген ол әкелер ғой салмақты,

Б- деген ол балалар ғой әдемі.


А- ны айтқанда дауысымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.


Хормен "Санамақ"

Би "Өзбек" биі орындайтын Алетай Айкен


Әліппе слайдының ішіндегі Назарбаевтың суреті мен сөзі

Алина: Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Әліппенің алғашқы бетінен «Айналайын»деген ет-жүректі елжірететін елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектеріміз бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті. Елбасымыздың осы бір сөзін оқушыларымыздың өзі сіздерге оқып берсін.
(Үш оқушы шығып оқиды) Тілек, Мәншүк, Бұлан

Аружан

Ән "Ойыншықтар "

Ендігі кезекте «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен көрініс тамашалаңыздар!

Ролдерде ойнағандар:

Мақта қыз: Бауыржан Мәншүк

Мысық: Серік Алихан

Сиыр: Серікболұлы Айбол

Ағаш: Нүкен Бұлан

Қыздар :Әдемі мен Мейір

Дүкенші:Жұмажан Ақнұр

Тауық:Оразхан Балауса

Тышқан:Қалел Шыңғыс

Енді әліппе туралы өлеңдер оқиық

Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.

Жақсы кітап-Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық.


Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.


Әліппе сенің сырласың

Әліппе досың болады

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.


Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.


Жақсы болсын көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Кәне,ортаға салайық.


Ізгілікті ойға тоқитын
Шәкірт боп үздік оқитын
Әліппе атты кемемен
Кеземін білім мұхитын.
Мұғалім:

Балалар, Біз Әліппеден оқи алатынымызды көрсеттік, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік.Осы уақытқа дейін математикадан не үйрендіңдер?
Енді қазір мен сендерге математикадан білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып шешіңдер!
1. 5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
2. Сымда 7 үйрек отыр еді, 4 еуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады?
3. Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналады 5 есек
Бесеуі де ұйықтап отыр
Ынталысы неше есек ( 0 )
4. Он асықтың жетеуін
Досың сұрап алады
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? 3
Мұғалім: Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік

Алина

1 дегенім жаман баға, алады оны жаман бала
2 дегенім - нашар баға, інішегім нашарлама
3 дегенім - орта баға, Сапасы оның орта ғана
4 дегенім - жақсы баға, алады оны жақсы бала
5 дегенің үздік баға, оқитын бол үздік қана

Балалар, сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ортаға ана тілін ортаға шақырайық

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам. Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам,

Ана-тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілі тапсырмасы.Ана тілі және Оқу білім туралы мақал мәтел тақпақтар білесіңдерме?


Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға «Ана тілін» аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.


Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

Ана тілің- арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.


Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Ана тілім - елдігім,

Ана тілім - ерлігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.


Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Оқу- білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

- Ана тілі: Балалар, ең алғаш әліппені кім жазды?
Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы
Ана тілі: Ең алғашқы ұстаз кім?
Оқушылар: Ең алғашқы ұстаз Ы. Алтынсарин

-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Ана тілі сіз енді біздің қонағымызсыз жайғасыңыз.

Ән "Достығымыз жарасқан"

Ана тілі біздің туған анамыз Анамыздай сыйлап бағып - қағамыз

Ана тілін бағаласақ біз қалай Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

Отан-деген атамекен

Отан деген -туған жер

Отан -ана, Отан үлкен

Қазақстан туған ел.


Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың, бауырың.

Отан -өлкең, астанаң,

Отан -аудан,ауылың.


Әліппем менің әліппем,

Өмірді көрем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық


Ана тілі

- Біз сендерден үлкен үміт күтеміз. Қымбатты балалар ! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын !

Ән "Әнші балапан"

Алина Ақ тілеу, аямайтын баталарын,

Өздеріңнен күш қуат от аламын.

Сынығындай асылдың,

Ақ жүрек, қасиетті паналарым,- дей келіп, келесі сөз кезегін ақ шашты аналарымызға сөз берейік.

Біз енді Әліппемен қоштасамыз

Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз

Білімнің бұлағынан сусындауға

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Осымен Әліппе,саған мың алғыс!

Хормен Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппемен ұстазға

Бас иеміз құрметпен

Би "Қаражорға"


Ән "Отан"

Мұғалім:

-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, 4 ай ішінде Әліппе пәнін оқып меңгергені үшін сертификат беруге рұқсат етіңіздер. Сертификатты оқушыларға тапсыру үшін сөз кезегі беріледі.


Атты ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.














 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал