- Учителю
- Тәрбие сағаты 'Ерлік істері ұрпаққа үлгіә
Тәрбие сағаты 'Ерлік істері ұрпаққа үлгіә
Тақырыбы: Ерлік істері ұрпаққа үлгі
Мақсаты: 1.Даналық ұғымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөз,салт-дәстүрлерді дәріптеуге, тәрбиеленушілердің өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәлім-тәрбие беру.
Міндеті: Атаның қасиетті сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын тәрбиеленушілерге ұғындыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, буфер.
Барысы:
Құрметті қонақтар, көрермендер, ақ жаулықты аналар мен ақылгөй дана қариялар!
Бүгінгі қарттар күніне арналған 4Д сыныбының «Ерлік естері ұрпаққа үлгі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда ақылгөй қария болса , жазып қойған хатпен тең» деген екен біздің бабаларымыз. Иә, өткенімізді осы үлкендерсіз елестету мүмкін емес.Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің, алаңсыз күлкі, тәтті ұйқымыздың да бейбіт сақшысы бола білген, самайларын қырау шалып, жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз бен ақ жаулықты әдемі әжелеріміз емес пе?
1 жүргізуші:
- Армысыздар, ардақты аталар мен әжелер, қымбатты ұстаздар!
- Халқымыз «Қария - даналы қазынамыз», деп айтады; ал Ана- үйдің алтын қазығы, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің; Қария болса - ағып жатқан дариямен тең.
- Дана халқымыз «Қарты бар үйдің- қазынасы бар» дейді. Осылайша, қазақ халқы көнеден бері, қарияларын асыл қазынаға теңеп, қадір тұтқан. Бұл дәстүр ұмытылмай, бүгін де әр қазақ шаңырағы қартын құрметтеп отыр.
- Құрметті, тақиялы аталар мен ақ жаулықты апалар! 1-қазан Қарттар күніне ұйымдастырылған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 -жүргізуші:
- Қарттар - біздің асыл қазынамыз.Олай болса, осында отырған аталарымыз
бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!
1 жүргізуші: Ардақты аталар мен әжелер! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп, ән жырға қосамыз.Енді өздеріңіз туралы кішкентай немерелеріңіздің жүрегінен шыққан өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
Әдеби- монтаж
1 оқушы: Балауса бал жырымды
Әжетай Сізге арнадым.
Қасында сенің жүргенімде,
Басқаға алаң болмадым.
2 оқушы: Ата мені мұғалім ,
Сіздей жақсы көре ме?
Орындалып сұрағым ,
Көтере ме төбеге.
3 оқушы: Әже маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім ?
Мен білмейтін ертекті,
Дұрыс дей ме шырағым.
4 оқушы: Сыйлап сәлем беремін,
Көрші атамды көргенде.
Ізетті боп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Әжеме айтып өкпесін.
5 оқушы: Аймалайды күнім деп,
Мейрімді жүзі күлімдеп,
Тәтті - ақ дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
6 оқушы: Ата - үлкен кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
7 оқушы: Бойға қуат береді,
«Әй, жарайсың» дегені.
Мен атамнан әр кезде,
Соны естігім келеді.
8 оқушы: Сабағымнан қалмаймын,
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым,
Қуантамын әжемді.
9 оқушы: Ойнаймыз, күлеміз
Жарқылдап жүреміз.
Ата - әжені сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
10 оқушы: Әжем - асыл ардағым,
Атам - дана қорғаным.
Мен-бақытты ұланмын,
Бәрі маған қуансын !
1 жүргізуші: Ақылшымыз таудың ірі тасындай,
Қиындықты жеңе білер жасымай.
Арамызда ақыл айтып жарқылдап.
Жүріңізші алмас семсер асылдай.-дей келе
1 жүргізуші: Шырқа әнге, шарықта,
Би дегенде жалықпа.
Өнеріңді аямай,
Мың бұралып қалықта.
- Құрметті ата - әжелер, кешегі күнсіз келешек жоқ дегендей, бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата- бабаларымыздың ән, күй , билерімен сусындату біздің міндетіміз.
Олай болса, 4 сыныпта оқитын әнші қызымыз орындауында «Әжемнің ертегісі» әнін тамашалаңыздар!
1 жүргізуші: Арқасына нардың жүгін артқандай,
Батырлығы - арғы атаға тартқандай.
Мойымаған қиындыққа төзімді,
Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай.
2 жүргізуші: Сағынып талай жыр туар,
Мадақтар әлі сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап ,
Қарттарым аман сау жүрші!-дей отырып,сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз. Келгендеріңізге зор алғысымызды білдіреміз!