- Учителю
- ' Менің Отаным-Қазақстан' (1 класс)
' Менің Отаным-Қазақстан' (1 класс)
Бекітемін.
Оқу ісінің меңгерушісің:
Пәні: әліппе
Сабақтың тақырыбы:Менің Отаным- Қазақстан. Астана .
Сабақтың мақсаты:а\ Еліміздің астанасымен таныстыру.Оқушылардың рухани . дүниесін дамыту.
ә\ Тәрбиелілігі:өз елін,жерін сүюге,құрыметпен
қарауға,табиғатын қорғауға тәрбиелеу.
б\ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл
байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеуге
дағдыландырып жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Әдісі: сұрақ -жауап,түсіндіру.
Түрі:аралас
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару.
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-Ал тұратын қаламызды қалай атаймыз?
-Отанымыздың астанасы қай қала ?
1.Кіріспе әңгіме.Қазақстан Республикасы,табиғаты,жерінің байлығы туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгімелесу.
2.Суретпен жұмыс.
Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.
-Отан деген не?
«-Отан от басынан басталады» мағынасын түсіндіру.
Отан-жерім,Отан -суым,
Отан-қуат, нәр береді.
Отан- ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді
3.Сергіту сәті.
4.Астана. Үкімет үйі. Президент.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.
Астана әдемі қала. ___ ____ ____.Үкімет үиі биік.___ -___ ___.
5.Дәптермен жұмыс
Әріп элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу.
5. «Кім жылдам ?» ойыны (Қалалардың аттарын атау)
Астана.Атрау. Ақтөбе.Орал. Ақтау. Тараз. Қызылорда т б
Буындық талдау жасату.
6.Сергіту сәті
.IV. Сабақты бекіту.
-Бүгінгі сабақта немен таныстық.?
-Қазақстан Республикасының елбасы кім ?
-Еліміздің рәміздерін атаңдар?
V.Мадақтау.