7


Құстар. ҮЙ құстары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Құстар.Үй құстары.Мақсаты: 1) Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. 2) Құстар әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары, құс
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Айналайын,ақ мамам!»

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге баулып, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, үлкен - кішіге деген құрмет - ізетке тәрбиелеу;


Көрнекіліктері: Ана туралы суреттер, гүлдер, шарлар, ана туралы мақал - мәтелдер жазылған сөздер, ж. т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
А) Амандасу;
Ә) Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң аналар,
Қайырлы күн балалар.
Б) Сұрақ - жауап: Балалар, біз қандай сабаққа келдік?
Музыка сабағында не үйренеміз?
Балалар жауап береді.
Жарайсыңдар, балалар!
ІІ. Тақырыпты ашу: Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен таныс болайық: мен сендерге сұрақ беріп отырам, сендер жауап беріп отырасыңдар. Әр дұрыс жауапты айтқан сайын мен мына жасырын суреттің бетін аша бастаймын, мұнда біздің бүгінгі тақырыбымыз жасырынған. Қане, келістік пе, балалар? Онда сұрақтарды тыңдаңыздар:
1. Дүниедегі ең қымбат жан кім? (Ана)
2. Дүниеде бізге ең тәтті не? (Ананың сүті)
3. Балаларға арналған, біз көп мультфильм қарайтын телеарна? (Балапан)
4. Біздің екінші үйіміз? (Балабақша)
Балалар жарайсыңдар! Сендер барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тақырыбымызды да біліп алдық. Қандай екен? - Иә, аналарымыз жайлы «ақ мамам»деген екен. Ендеше, балалар мен сендермен бір көрініс қойып ойнағым келіп тұр, келісесіңдер ме? Жақсы...
ІІІ. Балалармен көрініс: Балалар, біз бүгін бәріміз бір үйдің, бір отбасының балалары боламыз, ал, біздің анамыз Мәншүк апай болады. Қазір біздің анамыз базарға кетеді, біздер өздеріміз үйде қаламыз.
Мен сендердің үлкен әпкелерің боламын. Сендер менің айтқандарымды тыңдауларың керек, жарай ма? Ал, олай болса бастаймыз. А-а-а, балалар мен ұмытып бара жатыр екенмін, бүгін аналарымыздың мейрамы! Қазір, апамыз келмес бұрын, біз үйді жақсылап тазалап қоюларымыз керек, себебі, біз үйде аналарымызға қолымыздан келгенінше көмектесуіміз керек. Қане, шашылып жатқан кітаптарды, ойыншықтарды жинастырайық. (бәрі бірге үйді жинастырады, еңбекке баулу)
Алақай! апамыз келді! (бәрі қуанысады)
Анасы: Ой, менің балапандарым, дейді - ау, үйді тап - таза етіпсіңдер ғой.
Балалары: Апа, сіз, мына жерде отырыңыз, біздер бүгінгі мерекеңе арнап саған тақпақ, ән айтып, би билеп береміз.
Анасы: Жарайды, қане, отырсам - отырайын, өзім де шаршап тұр едім.

IV. Тақпақтар: «Бүлдіршіндер тақпақ айтады»
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам! Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам. Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан!
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам. Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам!

V. Гүл жасау. (қолмен - оймен жұмыс) Ендеше, анамыздың мерекесіне арнап гүл жасайық, келіңдер, мен сендерге көмектесейін. Мына қиылған қағаздар, желім, бәрін алып гүл жасайық. (бәрі бірге Гүл жасайды)

VI. Ән: «Ақ мамам» (өлеңі мен сөзі: С. Садықов.) Қане, балалар осы гүлдермен ақ мамам әнін айтып берейік.
1. Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің - бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші, ақ мамам!

2. Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші, ақ мамам. ( Әнді айтып болып, қолдарындағы өздері жасаған гүлдерді анасына береді.)

VI. «Ойын» Ойын шарттары былай: Ортаға екі - үш қыз шығып, үстел үстіндегі заттардың арасынан аналарымызға керек заттарды ажыратып алулары керек. (Музыка ойнап тұрады, әйел - қыздардың қолданатын тарақ, айна, опа - далап, т. б ер азаматтардың қолданатын заттарымен араластырып қойылады.)
Жарайсыңдар, қане қарайық, дұрыс па екен? Ия, дұрыс екен.
Анасы: Балаларым, рахмет (балаларын құшақтайды, сендерге мен базардан тәттілер алдым) - дейді. Ендеше, бәріміз дастарханға отырайық - дейді.
Жарайсыңдар! Балалар, біз бәріміз бір отбасының балалары болып, жақсы ойнадық. Біз, үйде аналарымызға көмектесіп, оларды құрметтесек, аналарымыз қуанышты, бақытты жан болады екен. Үйде көмектесеміз бе?
Олардың айтқандарын тыңдаймыз ба?
Балалар, жауап береді.
- Ия, жарайсыңдар, мен де сендерді ақылды бала болады деп сенемін!
Балалар, осымен сабағымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!
(Балалармен музыка жетекшісі шеңберге тұрып, билеп, сап пен залдан шығып кетеді.)
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар жаңа тақырыпты түсіне біледі;
Игеруі керек: Балалар ата - аналарын, үлкендерді сыйлауды түсіне біледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал