- Учителю
- Зат есімнің жекеше, көпше түрлері
Зат есімнің жекеше, көпше түрлері
Күні/дата/date:
Сынып: 2 «А»
Пән: Қазақ тілі.
Тақырып/Тема/Themе: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».
Сабақтың мақсаты/Цели/The Lesson s aims:
1.Білімділік: Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін,
ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі//Тип занятия/The Lesson s tupe: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі/ Вид уроков: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар/Оборудование/Eguiment: интерактивті тақта, суреттер, алма ағашы, карточкалар, дидактикалық материалдар, кітап.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Отырыңыздар!
-
Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-
Психологиялық ахуал.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
III. Өткен сабаққа шолу.
-Балалар бүгін біз зат есімнің жекеше және көпше түрлерін қайталай отырып, тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысамыз. Қоян оқушыларға күнді мыстан кемпір әкеткенін айтады. Мыстан кемпір бізге Мыстан кемпір бізге күннің жылап тұрған суретін жіберіп, егер балалар жаттығуларды дұрыс орындаса, күнді босататынын айтады.Балалар, күнге көмектесеміз бе? Мыстан кемпір күннің табиғат үшін, адамзат үшін қаншалықты маңызы бар екенін білмейді. Себебі, ол сендер сияқты мектепте оқымаған. Қане, күннің пайдасы туралы айтайық. (Оқушылар жауабын тыңдау).
-Ал, енді күнді құтқаруға аттанайық.
Жолда бізге біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері бізге тапсырма дайындап, көмектесуге әзір. Білгіштің жолықтырамыз.
Білгіштің тапсырмасы. «Алма ағашы». Сұрақтарға жауап беру.
1.Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
2.Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
3.Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
4.Зат есімнің жекеше түрі қандай сұрақтарға жауап береді?
5.Зат есімнің көпше түрі қандай сұрақтарға жауап береді?
6.Көптік жалғауларды ата.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: биші, аға, тау, өзен.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: бишілер, ағалар, таулар, өзендер.
Жолда торғайларға жолығу. Торғайлардың тапсырмасы.
Суретпен жұмыс. (тақтада суреттер ілініп тұрады). Суреттегі зат есімдердің жекеше түрінде және көпше түрінде тұрған сөздерді тап.
Жекеше түрі
Көпше түрі
Қыз, асқабақ, күн.
Қыз, ұл, өзен.
Доп, қыз, ұл, үй, терезе, ағаш.
Қыз, ұл, бақа,сөмке.
Қыз, мысық, қоян, үстел.
Қыз, шәйнек, құс.
Балапандар, күнбағыстар.
Бұлттар,ағаштар.
Алмалар.
Ағаштар, бұлттар.
Сәбіздер, алмалар, тәрелкелер.
Гүлдер.
Дәптермен жұмыс. Жолда Микки маусқа жолығу. Микки маустың тапсырмасы - 1-жаттығу. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жаз.
Іні (-лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер), ағаш (-дар, -тар), жіп (-тар, -тер), жүзім (-тер, -дер).
Жолда қарғаға жолығу. Қарғаның тапсырмасы - 2 жаттығу. Берілген сөздерді кестедегі орындарына жаз.
Әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы.
Кім?
Не?
Кімдер?
Нелер?
Жолда мүйізтұмсыққа жолығу. Мүйізтұмсықтың тапсырмасы - 3 жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Көптік жалғауы бар зат есімдерді теріп жаз.
Тау көрінісі.
Қобырап желге мақтадай,
Ақша бұлттар шудасы.
Қырда шөгіп жатқандай,
Ауылдың ақ бас бурасы.
Бауырыңда боталар
Төбешік боп жүргендей.
Жалаң қия, жоталар
Жабулаған іңгендей.
Өлең не туралы? (өлең тау туралы)
Қазақстанда қандай таулар бар? (Тянь-Шань, Алатау, Мұғалжар, Оқжетпес)
Тянь-Шань туралы қосымша мәлімет беру.
Сергіту сәті.
Жолда Дымбілмеске жолығу. Дымбілместің тапсырмасы.
Ойын «баспалдақ».
З
А
Т
Е
С
І
М 2,3,4,5,6,7әріптен тұратын заттың атын білдіретін сөздерлі тауып жазу.
Жолда қасқырға жолығу. Ол тапсырманы дұрыс орындасақ, бізге жол көрсетпекші. Қасқырдың тапсырмасы - 5 жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.
Кіпкішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерден айырылып
Танисың ба шиені?
Жекеше, көпше тұлғадағы зат есімдерді тап.
Жолда жолбарысқа жолығу. Ол тапсырманы дұрыс орындасақ, бізге жол көрсетпекші. Жолбарыстың тапсырмасы.«Карточкалармен жұмыс». (Сөздерді жекеше және көпше түріне бөлу)
-Балалар, бұл не? (Сандық).
-Осы сандықтың ішінде мыстан кемпірдің жаны бар екен.
Қазір біз жаттығуды дұрыс орындасақ, мыстан кемпірдің жаны, ине сынып, біз одан құтыламыз.
«Сөзжұмбақты шеш».
IV. Қорытынды.
-Балалар, біз мыстан кемпірден құтылдық, қараңдаршы, дала жап-жарық. Күнге қараңдар, бізге күліп, рахметін айтып тұр. (Күннің келуі мен табиғаттың өзгеруін айту). Бізге көмектескен қоянға рахмет айту.
-Бүгін сабақта не істедік?
-Не білдік?
1.Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
2.Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
3.Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
4.Зат есімнің жекеше түрі қандай сұрақтарға жауап береді?
5.Зат есімнің көпше түрі қандай сұрақтарға жауап береді?
6.Көптік жалғауларды ата.
V. Үй жұмысы: 143 бет, 4-жаттығу.
VI.Бағалау.