7


  • Учителю
  • Математикадан Көпбұрыштың периметрі (2 сынып)

Математикадан Көпбұрыштың периметрі (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Периметрді табуға байланысты есептер шығару.

Дамытушылы: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдам, тез есептеуге баулу.

Тәрбиелігі: Оқушыларды есеп шығару барысындашапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, жеке, ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі:математикалық кесте

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Амандасу

- түгендеу

- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

№ 69 бет - 95

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушщыларды топқа бөлу:

1 - топ: « шаршы»

2 - топ: «төртбұрыш»

3 - топ: «шаршы» - әр топ өздеріне топ басшы сайлайды.

Көпбұрыштың периметрі - оның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.

  • Балалар біз бүгін үшбұрыш, төртбұрыштың периметрін табуға байланысты есептер шығарамыз. Әр есептің өзіндік ұпайы бар. Жинаған ұпайына қарай жеңіске жеткен топ жеңімпаз аталады.

№ 3 ұпай - 20

50 + а; а = 9; 42

76 - а; а = 4; 40

50 + 9 = 59 50 + 42 = 92

76 - 4 = 72 72 - 40 = 32

«Кім жылдам» ойыны деп аталады. № 3

1 - топ: 60 + а = 65

2 - топ: 49 - а = 43

3- топ: 97 - а = 7

Топ басшылармен сайыс 20 ұпайды құрайды. Әр топ басшыға тапсырма беріледі. Олар жылдам орындаулары керек әрі қатесіз.

Шаршының периметрі 8 см болса. Оның қабырғалары неше сантиметреден болғаны?


ІҮ. Сергіту сәті:

Ойлан,тап! Мысық пен балапандардың 7 басы және 20 аяғы бар.Қанша мысық пен балапан бар екен?


Әкесі 35 жаста. Оның 4 ұлы бар. Ең үлкені 8 жаста. Басқаларын бірінен - бірі 2 жас кіші. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлдарының жастарының қосындысына тең болады?


Екі таяқшаны алып тастау арқылы екі шаршы шығарып ал.


№ 5 . бет - 96

Ү. Қорытынды: 1. Периметрін табу үшін қандай амалдар қолданамыз?

2. Көпбұрыштар дегенім қандай бұрыштар екен?

ҮІ. Бағалау: топ басшылар топтағы оқушыларды бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 2 бет - 96





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал