7


ҚАзақ тілі 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Пәні: қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы:Сипаттау мәтіні. 15-19 жаттығулар

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылар-дың өзара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгертуге ынталандыру.

Сабақтың әдісі: аралас, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: АКТ, мәтін түрлері, суреттер, кестелер.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

Психологиялық сәт: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Топқа бөліну: Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай 3 топқа бөліну.

1 топ: Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у);

2 топ: Ұяң: б,в, г, ғ, д, ж, з;

3 топ: Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ,

Топ ережесін ұсыну.

Тәртіп сақтау;

Ой қосу;

Біреудің ойын тыңдау;

Ашуға жол бермеу;

Топты қолдап отыру.

(Жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту беріліп, жақсы жауап берген оқушының жақсы бағаға ие болатынын хабардар ету.)

Оқушыларға сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыптың атын табу. Ол үшін сұрақтың жауабын тауып, сол сөздің бірінші әрібін шашылған әріптердің ішінен тауып жазып отырамыз.

От басында құмған, Екі көзін жұмған. (Мысық)

Отбасы тірегі. (әке)

Қу, айлакер жырқыш аң? (түлкі)

Сүттен жасайтын тағам. (ірімшік)

Қасиетті тағам. (нан)

МӘТІН

ІІ. Білімді тексеру:

- Қазір қандай ай? Қазір қандай мезгіл?

Күз мезгілі. Күз мезгіліне байланысты екі- үш сөйлем құрап жіберейікші.

Күз

Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

-Мәтін деген не?

-Мәтін құрылымын ата?

-Мәтіннің басталуы,

Негізгі бөлімі,

Соңы болады.

ІІІ.Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді дәптерге жазу. Көркем жазу жолдарын толтыру.

Х х

Хат хайуанат саяхат шах

( Х дыбысы сөздің басында, ортасында да, аяғында да кездеседі).

ІV. Мақсат қою кезеңі:

Ереже:

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?

Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?

Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?

Мәтін түрлері

Әңгімелеу мәтіні

Не істеді?

Сипаттау мәтіні.

Қандай?

Пайымдау мәтіні.

Неліктен?

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

15-жаттығу. Әңгімелеу.

-Мәтін не туралы?

-Мәтінге қандай ат қоюға болады?

-Мәтін неше бөліктен тұрады?

-Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудару.

-Әр бөлігіндегі сөйлемге сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін ажырату.

Түрлері: Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау.

Не істеді? Қандай? Неліктен?

1. Сержанның күшігі жоғалып кетті. Ол қатты уайымдады.

2. Күшіктің түрі қара. Төсі ақ. Құйрығы жылмиған.

3. Күшік не үшін Сержаннан қашып кетті? Мүмкін ол күшігін ренжітіп алған шығар.

- Осы мәтіндерден әңгіме құрауға бола ма?

Сипаттау мәтінін көшіріп жазады.


16-жаттығу. Суретпен жұмыс.

  • Қай суретпен әңгімелеу мәтінін құрастыруға болады? Қайсысымен сипаттау мәтінін, ал қайсысымен пайымдау мәтінін құрастыруға болады?

  • Мәтіннің үш түріне ауызша мәтін құра. Оларға ат қой.

  • Құраған мәтіндеріңді бір-бірлеріңе айтыңдар.

  • Айнаш не істеді?

  • Терезенің алдында не тұр?

  • Жандосқа анасы не айтты?

Ойын: «Бәйге»

  1. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

  2. Сөйлем дегеніміз не?

  3. Мәтін дегеніміз не?

  4. Сұраулы сөйлем деген не?

  5. Сөз таптары.

  6. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.

Дәмді сорпа

Жағыпар мен Жапар көлге күн ұзақ қармақ салып, бірнеше шабақ ұстап алды. Оны өздерінің шелектеріне тазалап салып, астына от жағып пісірді. Сорпаға қосатын не тұз, не бұрыш жоқ. Сонда да піскен соң таза ауада рақаттанып іше бастады. Бір-біріне:

  • Сорпа дәмді болды, - десіп қояды.

Күн еңкейе бұлардың қасына қой бағып жүрген Жарылғап келді. Ол әзілдеп:

-Сорпа дәмді болсын, - деді.

- Өзі де дәмді, - деді Жағыпар

- Аттан түсіп, дәм тат, - деді Жапар.

Жарылғап атын байлап қойып, бірге отырып сорпа ішті:

  • Балықтың сорпасына еңбектерің сіңген екен, термен келген ас дәмді, сіңімді болады, - деді күліп.

Жағыпар мен Жапар біріне-бірі жымия қарасты.

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

  • Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

VІ.Сергіту сәті:

VII.Қорытынды бойынша түсінгендерін бекіту: Топтық жұмыс:

Әр топтың хатшылары өз тобына ашық хат әкеледі. Хат ішіндегі жануарлардың аттарына сәйкес мәтін құру.

I-топ

II-топ

III-топ

Бүркіт

Ақ аю

Жолбарыс

… ….. …. …..

Мысалы: Бүркіт жыртқыш құс. Оның денесі ірілеу, көзі қырағы болады. Ол қанатын кең жайып ұшады.

…… …. …. …..

Ақ аюдың денесі ірі, терісі ақ түсті болады. Ақ аю жыртқыш аң.

….. ….. …. ….

Жолбарыстың терісінде қара жолақтар болғандықтан солай атаған. Оның тістері мен тырнақтары өткір болады.

19-жаттығу. Мәтіннің бұдан басқа тағы қандай түрлерін білесің?

Негізгі ой


жоспар құрылады

Мәтін негізгі бөлім

Мағына жағынан байланысады

Тақырып Азат жол

VIІІ. Қорыту.

-Мәтіннің қандай түрлері болады?

-Мәтіннің қандай бөліктері болады?

-Мәтінді құру үшін не қажет?

Үйге тапсырма: 17-жаттығу.

Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен, тақтада және ауызша жаттығу жұмыстарын орындаған оқушыларды бағалап, мадақтау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал