- Учителю
- Ғылыми жұмыс 'Оюмен ойын айтқан елміз' (тарих, этномәдениет)
Ғылыми жұмыс 'Оюмен ойын айтқан елміз' (тарих, этномәдениет)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе облысы Білім беру басқармасы
Елек орта мектебі
ОРЫНБАСАРОВА АҚМАРЖАН АЙДОСҚЫЗЫ
3 «Ә» СЫНЫП
Тақырыбы:
Оюмен ойын айтқан елміз
Секция: Тарих, этномәдениеттану
Ғылыми жетекшісі:Айдаулетова Ш.Р.
Бастауыш класс мұғалімі
Ғылыми кеңесші: Каплиева А.К.
«Өрлеу» ҰО Ақтөбе филиалы АОПБАҚДИ
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Ақтөбе қаласы
Елек орта мектебінің
3 «Ә» класс оқушысы
А.А. Орынбасарованың
«Оюмен ойын айтқан елміз»
тақырыбындағы
ғылыми жобасына
П І К І Р
Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа сөнбес мұра ретінде уақыт көшінде жоғалмай жеткен қазынасы-ою-өрнектері. Даналық ойлары, көркем суреттері, бар болмысы көрініс тапқан осы бір құнды өнерді бағаламау мүмкін емес. Ою-өрнектер сыры - тарих сыры, мәдениеттің көрсеткіші, салт-дәстүрлердің жалғасы, дүниетаным көрінісі.
Елек орта мектебінің 3 «Ә» класс оқушысы Ақмаржан Орынбасарова ою-өрнектердің мәнін, тарихын, түрлерін оқушы көзімен қарап, өз түсінгенін жоба мазмұнына сыйдырған. Қазақ аңыз- ертегілеріндегі, тұрмыс- салт жырларындағы көріністерін мысалға ала отырып, бүгінгі өмірдегі ұлттық өнердің насихатталуына байланысты өз тұжырым - пікірлерін ұсынған.
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлімнің үш тарауынан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жобаның зерттеу мақсаты айқын, тілі жатық. Оқушының бұл ісіне оң бағамызды береміз.
Пікір беруші: Каплиева А.К.
«Өрлеу» ҰО Ақтөбе филиалы АОПБАҚДИ
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
Кіріспе
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі қоңыр адамзат мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз. Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында былай дейді: «Біздің дәуірге дейінгі I ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланды. Оның үстіне ХҮIII-ХIХ ғ.ғ. көшпелілер мәдениетінен көп жоғары болған.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырдан бастама алып, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын біліп-танудың мәні артып отыр. Халық арасында көне мәдениет сырттан келген мәдениет ықпалымен жаңарып, толыққан үстіне толыға түсті деп ойлаймыз. Өйткені қазақ халқының еңбек етуінде көптеген өзгерістер болды. Сырттан келген мәдениетті өз өмір тіршілігіне байланысты өзгерткен. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Біздің пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер - баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек. [2.54 б.]
Зерттеудің өзектілігі: халқымыздың ұмытыла бастаған қолөнерін, ою-өрнегін қастерлеп, қазіргі дизайнер, суретшілердің ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолдануы, өзінің туындыларына кірістіруі. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында, балалар ойыншықтарында, мектеп өмірінде, үй интерьерінде аз қолданылуы.
Зерттеудің мақсаты: қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа сөнбес мұра ретінде уақыт көшінде жоғалмай жеткен қазынасы-ою-өрнектерінің түрлерімен таныстыра отырып, мазмұн-мағынасын ашу арқылы болашағымыздың тізгінін ұстар жас ұрпақты ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншілікке баулу.
Зерттеудің міндеттері:
- әрбір тарихи кезеңнің өзіндік ою-өрнектерімен танысу;
-қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихын, өмір тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындайтынын ашу;
-жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған ою-өрнек түрлерімен танысу;
- ою-өрнектердің атауларын тұрмыста лайықты қолдана білуге үйрену;
- қазақы оюлардың адам бойына күш беретін қасиетімен танысу, зерттеу;
- құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін балалардың санасына сіңірту жолдарын іздестіру;
Зерттеуден күтілетін нәтиже: ою-өрнек дегеніміз - дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді деген түсінік қалыптасты; өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағын құруға қадам бастадым; мектеп өміріне, күнделікті тұрмыста ою-өрнек нақыштарын енгізу жолдарын таптым;
Қазақтардың өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақстанның барлық жерлерінде түгелдей өрістеді. Әр өңірдегі өнердің қалыптасып, дамуына көрші халықтардың ықплы зор.
Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын жақсарту - қазіргі заман жастарының ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами береді.
Қазақ «өнер алды-қызыл тіл» дейді. Дегенмен, сурет өнері осы тілден бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді.[1.28 б]
Сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді мекендеген адамдар өздерінің тірлігін сурет арқылы баяндап, үңгір қабырғаларына қашап салған екен. Бұл туралы археологиялық деректер мен ғылыми еңбектерде көрсетілген. Одан бері келетін болсақ, б.д.д. V-ІІІ ғ.ғ. сақ дәуіріндегі Пазырық қорғандарынан табылған ою-өрнектер қазіргі біздің ою-өрнектерден айна қатесі жоқ дүниелер. Сондықтан біздің тегіміз тым әріде жатқандығын, тіпті ұлт болып қалыптаспай тұрғанның өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі біздің ою-өрнектің тілімен бірдей болып тұрғандығы. Соған қарап, бейнелеу өнерінің тарихы тіл өнері қалыптаспай тұрғаннан да бұрын басталғаны байқалады. Күні кеше Берел қорғанынан табылған зергерлік алтын бұйымдар қазақ халқының материалдық байлығының негізі екендігінде дау жоқ. Ондағы аң стилімен жасалған бұйымдарға қарап, зергерлік өнердің тым ерте дамып, биік шеберлікке жеткендігіне ғалымдар қауымы көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ Жетісудан, Шілікті жазығындағы обалардан табылған Алтын адамдардың бойындағы оюлардың тым биік талғам, асқан шеберлікпен орындалуы, тіпті бүгінгі шеберлердің қолынан келе бермейтіндей
Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) - әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.
Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.
Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін таныған, кімнің қазақ, кімнің ұйғыр, татар екенін білген. Қырғыздарда «қошқар мүйіз», «тұмар», «теке мүйіз», ұйғырларда «бадам», «шәдә», өзбектерде «пахта гүл», «бадам» деп аталады. Қазақтардың оюын сипатына қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп үш топқа бөледі.
Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Осы атауларды олар өз тіршілігіне лайықты қолдана түскен. Әрбір тарихи кезең өзіндік ою-өрнектермен ерекшеленген. Ескіден келе жатырған мешіт, күмбез ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихын, өмір тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындайды. [3. 316 б.]
І тарау Қазақ ою-өрнегінің түрлері
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір ай-мағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған.
Қазақ халқының дәстүрлі бұйымдарында: қару өнерінде, киіз үйлерді жинауда, зергерлік бұйымдарда, кілем тоқуда, алаша өргенде, жүн бұйымдарында, қоржындарда, ыдыстарда, өру, тігу әдісімен дайындалатын киімдерде, пұшпақ тіккенде, ерітуде, кесуде ою-өрнектермен әшекейлеу кеңінен қолданылды. Мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған.
Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған.
Әлкей Марғұлан ою-өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: космонологиялық, зооморфтық, өсімдік тәрізді, геометриялық өрнектер. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық , , , сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. [1.98б] Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар, бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол , , болып түрленіп отырады. төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. бұйымдарда түлкібас, иттабақ, , , , , , , шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады. жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі - . Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. сипатты , көбінесе, мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де, көлденеңінен де бедерленеді. Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде беріліп отырады. ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы көрініс табады. оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған. Сондай-ақ, ағаш бұйымдарда өсімдік белгілері сабақтастырылған, шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-өрнектің арасындағы бүгінде кең таралғаны ағаш сұлбасының абстракциялық түрдегі бейнесі. Аталған ою-өрнектің арасындағы келесі кең таралғаны - жапырақ тектес түрі. , әсіресе, дара және топтасқан бейнелері көп қолданыс тапқан.Үй жиһаздарында түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін көлбеу орналасса, біратқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 - 50 тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің , , , , түрлері де кездеседі. Қазақ жиhаздарында космогониялық те кең таралған. Ол мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады. 20 ғ-дың 60 - 80-жылдары шеберлерінің қолынан шыққан кейбір жиһаздарында жұлдыз, балға мен орақ көп кездеседі. бұйымдарда космогониялық ою-өрнектердің "жұлдыз", "шұғыла", "төртқұлақ", "бітпес", "шимай" деп аталатын түрлері кеңінен қолданған. Аталған , негізінен, ағаш бұйымдарында бірнеше рет
қайталанып, ырғақ заңдылығымен орындалады. Космогониялық ою-өрнектер үй жиһаздарының орта тұсында және жиектерінде бедерленген. Мәселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасында шеңбер түрінде бедерленсе, ай бейнесі көбінесе қыз жасауларында жаңа ай күйінде өрнектеледі. [3.319 б.]
«Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай,торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды,киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).
«Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент.
«Шыныгүл» ою-өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық», «итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі ұшына жапырақ қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады.
«Гүл» ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
«Шытырман» ою-өрнегі көп жапырақты есімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық дала, кең сахара) мегзеп жасалады.
«Түйетабан» ою-өрнегі түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою. Түйетабан деп аталатын көп гүлді, үлпек басты тікені бар есімдік ол да түйенің табанына ұқсас екі жарты, оны кей жерлерде «табақ» өрнегі деп атайды.
«Сыңарөркеш» ою-өрнегі «сыңармүйіз» оюында айтылғандай, мүйіздің бір сыңары етіктің басына ұқсап, қайқиып, қайталанып, шексіздікке ұласа береді. Бұл өрнек негізінен «қошқармүйіз» элементінен жасалады.
«Балдақ» ою-ернегі бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары басы балдақ сияқты жарты шығыр формасында келеді. Балдақ өрнегі бір-бірімен қосыла, шеңберге ілмелене келіп, күрделі өрнек түзейді. Бұл өрнек киіз бұйымдарын әшекейлеуде, кесте тігуде, зат бетіне оюлы бедер салуда қолданылады.
«Қармақ» ою-өрнегі кәдімгі балық аулайтын қармақтың ілмегін тұспалдайды. Қармақ өрнегінде екі-үш, кейде одан да көп тармақ болады, оны кейде «зәкір таңба» деп те атайды.
«Тарақ» үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.
«Қосалқа» ою-өрнегі әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас болып келеді. Қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі. Өте шебер келісім тауып құрастырылған «қосалқа» оюлары бір тұтас композиция өрнек жүйесін жасайды. Ою-өрнек алқаның, сырғаның, жүзіктің көзіне салынып, кебінесе зергерлік бұйымдарда қолданылады.
«Су өрнегі» деп әрбір өрнекті беліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық арқылы дөңгелек, төртбұрыш бейнелерді жасайды. Бұл ою-өрнекті «бессаусақ», кейде «бесгүл» деп те атайды.
«Алаша», «Аламыш» ою-өрнектері жарыса жасалған көп түрлі-түсті жолақтардан құралады. Кейде сол жолақтардың ішінде геометриялық фигуралар тектес не «мүйіз» өрнектерінің желілі түрлерінен құралған түрлі-түсті оюлар болады. Бұл «аламыш» өрнегі шахмат тақтасының алаша сызығы сияқты жарыса салынған қысқа, кейде ұзын сызықтардан тұрады. Бұл өрнек ши орауда,терме бауларда, кілем, алаша, сүйек өрнектерінде кездеседі.
«Ашатұяқ», «айыр-түяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.
«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композициясының ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбыға ұқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.
«Қаңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың қурап қалған сүйегін тұспалдайды.Алаша, басқүр, бау, т.б. тоқыма бұйымдар негізіндегі өрнек ретінде салынады.
«Омыртқа» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композиңиясының ортасына және жиегіне қолданылады.
«Жіліншік» ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншік өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданылады).
«Тіс» ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, аққара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.
«Таңдай» ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональ тәрізді өрнек. Бұл өрнек ағаш, мұйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің жағасына, кимешектің жақтауына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектес халықтарда да кездеседі.
«Бөрікөз» ою-өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың басын, құлағын, сондай-ақ «бөріқұлак» деп аталатын жапырақты бейнелейді
«Итқұйрық» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған құйрығына ұқсас, көбінесе мұны сүйек пенағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады.
«Түлкібас» ою-өрнегі мысықтың, түлкінің бас бейнесін тұспалдайтын, сопақша дөңгелектерден, алмұрт бейнелерінен құралады. Бұл ою-өрнек сүйекке, ағашқа, шиге, кестенің шетіне салынады. Сондықтан бұйымдарды сүйектен әшекейлегенде сүйекпен ойып «түлкібас» өрнегін түсіреді.
«Жылан», «Жыланбас» ою-өрнегі балалардың тақия-сына «көз тимесін» деп тағатын, жыланның бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнек жыланның бейнесін тұспалдап тұрады.
«Құсқанат» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді
«Құсмойын» ою-өрнегі құстың мойнын тұспалдаудан туған.Бұлар көбінесе мүйіз мәнерімен жасалады. Ол иіле келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбтардан, сызықтардан құралады. Құс атына байланысты өрнектердің бәрі қолөнер үлгілерінің барлық түрлеріне тән. [4.123 б]
«Құстұмсық» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып кершілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке қарап ата-анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екендігін біледі.
«Қазтабан» ою-ернегі Маңғыстаудағы құл пытастарды өрнектеуде көп қолда- нылған, қаздың табанын тұспалдаған күрделі S элементтерінен тұрады. Бұл оюдың S үлгімен бейнеленетін «ботамойын» оюынан айырмашылығы екі қатар орналасқан SS екі қаздың бейнесін тұспалдайды. Қаздың басы, мойны анық байқалып тұрады.
«Шетою» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою деп те атайды. Берілген өрнектің бір элементі шексіз қайтапана береді.«Шетою» е с і кт і ң жақтауына, текемет, сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне сапынатын ою-өрнектер.
«Ирек», «Ирексу» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа келеді. «Ирек», «ирексу» өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп «төртбұрыштар» мен «сағатбау», «саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл өрнек: бешпент, қамзол, шапан, тақияның жиегіне орнатылады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде және ши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі. «Қос дөңгелек» ою-өрнегі мал таңбасына ұқсайды. «Қос дөңгелек» өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді. «Тұмарша» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі
«Қостұмарша» ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша» өрнегі секілді тіл-көздөн сақтау дегенді білдірмейді, тек эстетикалық тұрғыдан өшекей ретінде қолданылады.
«Бағанөрнек» қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш. Осы ағаш секілді ою-өрнөк салынатын заттың, бұйымның ортасына келтіріледі, оны негіз қылып алып, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. Бұл өрнек асадал, кебежелердің аяқтарында, қырларында, айна қойғыштың шетінде, піспек саптардың жоғарғы жақ басында, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі. [5.742 б.]
ІІ тарау Оюмен ойын айтқан елміз
Қазақта «Өнер алды-қызыл тіл» дейді. Дегенмен, сурет өнері осы тілден бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені, сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді. Олардың айтар ойы ою-өрнекпен, суретпен жеткізілген.
Ғұлама өнертанушы В. Чепалев «Қазақтар ою - өрнек әлемінде өмір сүреді"- деп айтқандай, қазақ халқының ұлттық бұйымдарының барлығында ою - өрнектің небір ғажап үлгілерін көруге болады.[6. 156б] Оюдың әрбір элементтерінде терең мағына терең мән жатыр. Яғни, біз, оюмен ойын айтқан елміз.
Ою - өрнектің мағынасы жайында мынадай аңыз әңгімелер бар.
Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жіберді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата - анасы;
- Е, қызымыз әуедегі құстай емін - еркін, жайраңдап өмір сүріп жүр екен,- деп мәз болысады. төмен ұстайтын көрінеді, - деп қынжылыпты деседі. Ал, ұзатылған қыздан
Бір - екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағы да бет орамал әкеледі. Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп, тұрған ер адам жүресінен отырған бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата - анасы:
- Қызымыз бұрынғы сауық - сайраннан, бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болып, бейшараның жолдасы қатал адам екен, өзінен сәлемдемеге «құстұмсық» жүзік келсе, немесе құстұмсық ою -өрнекті түскиіз, басқұр сияқты зат келсе, ауыл -аумағы қуанып, той жасап, атап өтуді әдет еткен.[ 8. 88б]
Тағы бір аңыз :Ертеде бір әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы халықтың ою-өрнек, кесте, бедер, тоқыма, тігін өнерлерін меңгергені соншалық, үйлеренің іші-сырты, киім-кешектері, күнделікті қолданатын бұйымдары мен саймандары, түгелден оюланып, өрнектелген әдемі әрі көркем екен. Тағы бір таңданарлығы олар бір-бірімен ою тілінде сөйлесе алатын болыпты. Сондықтан да - Ою хан атаныпты.
Күндердің бір күнінде діні бөлек, бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды тағынан түсіріп, билікті өзі жүргізіпті. Ол енді салт, көне дәстүр, байырғы әдет, бұрынғы әдеп, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет мұраларының бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай, ұмыт бола беріпті. Бұрынғы өнердің мәні кетіп, сол өнерді жасаушы шеберлер азайып, біртіндеп жоғалуға айналыпты.
-Уа, хан ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, -деп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті онда адамдармен пікірлес болғандардың да көзін жоюға тырысыпты. Сондықтан да оны Жою хан деп атапты.
Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан жағдайдың бәрін естіп-біліп, ел билеушіге мынадай ою хат жолдайды.
Одан Жою хан: -Хан ием, сен қазір үлкен күш иесі болып отырсың. Екі иығыңды қолдаушы екі әбжыланың бар. Сен өз басыңды ойлап, өз дәулетіңмен шектеліп қалған жансың. Күндердің күнінде сенің хандығың да, өзің де құбыжыққа айналасыңдар,- деген сөздерді оқиды.
Әйтсе де ол хаттағы сөздерді қаперіне алмай, өз білгенін істей береді. Бұрынғысынша халықты шөміштен қағып, аштыққа ұрындырады. Адамдар қырылады. Ою хан шыдай алмай, тағы да ою-хат жолдайды.
Жою хан бұл хаттың астарында: -"қырылған халық рухы ажал құсына айналып, сенің төбеңде отыр. Ал сенің көз алдыңда өлген адамдардың етін қарға, құзғын шоқып жеуде. Бүйте берсең, ажал құсына жем боласың",-деген ащы шындық айтылғанын түсінеді. Түсінсе де, түсінбеген болады.
Бір күні жалғыз ұлы саятқа шығып, аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмаққа аттанады. Ол ойына алғанын істеп, аңдарды қырып-жойып келе жатқанында, бір жартастың басынан құлап өледі.
Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салады.
- Кімді кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,-деп жарлық берген соң, ешкімнің батыла бармайды.
Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің барғысы келетінін хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға аттандырады.
Ою хан дәрі-дәрмегін, құрал-сайманны алып, орманды аралып келе жатып, бір тастың астынан "Жойылсын, Жою хан!"-деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қалса, оқ тиіп, жамбасы қираған сұртышқан жатады. Ою хан дереу жамбасын таңып, дәрі жағып, жөніне жібереді.
Ою хан жолында кезіккен жаралы аң-құстың бәрін емдеп, дәрі береді. Қанаты сынған үкіні емдеп тұрып:
-Орманнан Жою ханның баласын көрдің бе?-деп сұрайды.
-Қанымпезер хан баласы жолында кезіккен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, қодасты, жолбарысты жаралап, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта айналып келіп, сойып алмай болғанда, мен оның екі көзін шығарып жібердім. Өйткені ол жаралағанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр,- дейді үкі.
Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан үйіне қайтып келгеннен кейін оқиғаның желісін сырмақ бетіне түсіреді де, әлгі сырмақты Жою ханның алдына жайып тастайды. Жою хан сырмақтың оюына қарап, ойланып ұзақ отырып, ондағы оқиғаны іштей былайша тарқатады:
-Балам биік-биік тауларды асып терең-терең сулардан өтіп қалың жыныс орманды аралап күндіз де, түнде де талмай көп жортқан екен. Жүрген жолында бұғы кездесіпті, алдынан қодас шыққан көрінеді, тау тағысы арқар да жолығыпты. Сорлы балам жолбарыспен де арпалысыпты. Ұшқан құстармен де беттесіп, суда жүрген балыққа да ұшырасыпты. Жорғалаған тышқан да қарсы келгенге ұқсайды. Қайран ұлым, алып күш иесі екеніңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпейсің? Тірімісің, өлімісің? Тоқта мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінеді, жаны рухқа, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?
Кенет Жою хан орнынан атып тұрып:
-О, жалған! Өлтірем!!! -деп қылышын суырып алып, Ою ханға сөйледі.
-Сонда Ою хан: - Дат, тақсыр! Сенің «Кімде кім баламның өлімін естіртсе, соның басын аламын» деген жарлығың бар емес пе еді? - дейді.
-Иә,бар! -дейді қаһарлы хан.
- Ендеше, балаңның өлгенін мен де, халық та сенің өз аузыңнан естіп тұрмыз. «Ханның екі айтқаны-өлгені» алынса, сенің басың алынуы, - дейді Ою хан бүкіл халық оны қолпаштай жөнелді. Сөйтіп, Жою ханның өз жарлығы өз басын алуға себепкер болады. [7. 128 б]
Тілмен айтуға болмайтын, тілмен шешуге болмайтын жағдайда, өнермен ою-өрнекпен жеткізуге болатынына тағы бір көзіміз жеткендей.
Ежелден бері біздің әжелеріміз, аналарымыз, қыз-келіншектеріміз ою-өрнек семантикасын білген. Семантика- мағына. Бір зат жасаса да, оған көп көңіл бөліп, мән-мағына беруін басты назарда ұстаған.
Мәселен, текеметтің ортасына «қошқармүйіз», шет-шетіне «тұмар», «шаршы» немесе «су» оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман-тілегі.
«Омыртқа» оюы- қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады.
«Ауырды нар көтереді,өлімді ер көтереді», «Қабырғалы қара нар қабырғасын сөксең, бақ етпес», «Нар жолында жүк қалмас» -деген мақалдар қазақтың түйеге деген зор ықыласын білдіреді. Адам алыс жолға шыққан кезде киімдеріне «түйетабан», «түйемойын» оюларын салады.
«Елдің ағасы болғанша судың сағасы бол»деп, суармалы егін егуде судың мәнін жоғары бағалап, қолөнерінде де тоқшылық пен молшылықтың нышаны етіп «су», «ирек», «арық», «тасқын», тоғыз төбе», «арпа гүл» т.б. ою-өрнек түрлерін қолданды.
«Тасбақа оюы» - мәңгіліктің символы. Бұл ою батырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқасына салынатын болған. Онысы мәңгілік өмір мен бақыт тілегені.
«Қарғатұяқ» -қарғаның тұяғына тәріздес болған соң солай аталған. Бұл ою қыс келді деген белгіні білдіреді.
«Тұмарша» -тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады.
«Жылан», «жыланбас» ою-өрнегі балалардың тақиясына «көз тимесін» деп тағылады.
«Өркеш» ою-өрнегі мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
Әрине, қазақ халқының ою- өрнек өнері күні бүгінге дейін жан-жақты, толығымен зерттеле қойған жоқ.Өмірдің өзінің тынымсыз даму үстінде болатыны секілді, өнер де әр заманның, әр кезеңнің бағыт -бағдарына, сұраныс- қажеттілігіне қарай дамып, жетіліп, өркендеп отырады. Әйткенмен, ою- өрнектің түрлері, олардың мән- мағына беруі осымен ғана шектелмейтіні өзінен - өзі түсінікті.
ІІІ тарау Қазақ ою-өрнегінің магиясы000
Шындығында, ою-өрнектердегі бедерлер халықтың қоршаған орта, өмір туралы түсініктерімен астасып жатады. Ал, оның магиялық күші туралы білесіз бе? Космоэнипсихолог Елена Гомер қазақы оюлардың адам бойына күш беретін қасиетімен таныстырды.
Осылайша қазақстандық фэн-шуйдың бағзы заманда-ақ қазақ ою-өрнектерінен басталғанын мойындауға болады.. "Оюлардың бедерлері неге түрліше болып келеді?» дегенді әрқайсымыз да ойға алып қоятынымыз рас. Өйткені, оның барлығы «өзіндік мәнге ие» дейді Елена Гомер. Расында да, кейбір оюлар геометриялық пішінде болады. Олар үш бұрышты, ромб формасынан құралады, ал енді бір оюларда ай, күн, жұлдыз бейнеленеді.
Қазақ оюларында жан-жануарлардың да белгісіне орын берілген, қошқар мүйізі, құс тұмсығы, құс қанаты соның дәлелі. Тіпті гүл, жапырақ, бұтақ кескіндерін де оюдан көре аламыз. Себебі қазақы оюлар табиғат-ананың туындыларына иек артқан. Ол оюлардағы өрнектер өзінше бір магиялық мазмұнға ие. Сондықтан оларды ыдыс-аяқ, киім-кешек, зергерлік бұйымдар, кілем, текеметтерде пайдаланған. Осылайша әр оюды өзіндік қуатына сәйкес тиісті мақсатта қолдана білген. "Ал бұл нағыз қазақстандық фэн-шуй болатын" дейді Елена Гомер. Бірақ біз мұны көп жылдар бойы ұмытып кеттік.
Қазақы оюлар табиғат-ананың туындыларына иек артқан, қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген энергоақпараттық белгілер.
Керісінше, болмыс-бітімімізбен біте қайнаса қоймайтын қытайлық фэн-шуйға бет бұрдық. Енді осы олқылықтың орны толатын түрі бар. Астанада өткен қазақстандық "Қуанышты қалып" ("Радужная матрица") фэн-шуй сауықтыру бағдарламасының таныстырылымынан кейін осындай ойға тоқтадық. "Қуанышты қалып" фэн-шуй жобасының авторы әрі жетекшісі Елена Гомер жасап шыққан қазақстандық фэн-шуйдың негізінде жоғарыда сөз еткен қазақ халқының байырғы таңбасы - ою-өрнектер енгізілген. "Ғасырлар қойнауынан жеткен және қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген бұл энергоақпараттық белгілер ішкі-сыртқы кеңістіктің үндесуіне, бейбітшілік пен махаббатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді" дейді Елена Гомер.
Елена Гомер 10 жылдан астам уақыттан бері дәстүрлі қазақ ою-өрнектерін зерттеумен айналысып келеді. Ол жеке өрнектелген суреттердің адамға энергетикалық ықпал ететінін дәлелдеген маман. Ол әзірге бар-жоғы күнделікті өмірде кездесетін, ұлттық ыдыс-аяқтар, кілемдер және тағы да басқа көптеген бұйымдарды безендіру кезінде қолданылатын жеті өрнектің қыр-сырын зерттепті. Тағы да зерттеу нысанасында 19 өрнектің барын айтады. "Ою-өрнектерге негізделген фэн-шуй әдістемесі энергияны басқаруды, табиғи күш пен тепе-теңдікті сақтауды және осының арасында өмірге қуанышты оқиғаны тартуды, үндестікке жетуді, жеке өмірді саналы түрде басқаруды үйретеді. Ол қазақ халқының байырғы білімдері мен дәстүрлеріне негізделген. «Олар әлемге әйгілі қытайлық фэн-шуйға қарағанда әлдеқайда пәрменді" дейді эзотериялық әдістеменің және рухани тәжірбиелердің авторы, космоэнипсихолог, көріпкел Елена Гомер.
Елена Гомер біздің етене таңбалар, оның ішінде оюлар бізге шетелдік бойтұмарларға қарағанда үлкен көмек көрсетеді деген пікірдің адамы. "Әрбір өрнек - ол зор төзімділік пен тұрақтылықты игерген тұрақтандырылған жүйе. Ою-өрнек әлем сырына үңілуге, сондай-ақ адамның денесі мен психикасына қолайлы әсер етуге мүмкіндік береді. Ол ғарыш пен адам арасындағы дәнекер ретінде қызмет етіп, оған энергетикалық тасқындардың көптеген түрін сезіну мен қабылдауға көмектеседі, рухтың оянуына себепші болады және рухани даму жолына түсуге көмектеседі" дейді жоба авторы. Ол бүгінгі таңда, әсіресе, қазақстандықтардың қытай символдарына үлкен мән беретініне қынжылысын жасыра алмады. "Қазақ оюларына мойын бұрмайтындарды түсіне алмаймын. Негізінде ою-өрнектерге үңілсеңіз, оның маңызы терең екенін түсінесіз, қазақтар альфавит жоқ кезде осы ою-өрнектермен жазу жазған-ау. Өйткені, әрбір ою-өрнектің өзіндік терең мағынасы бар. Мен соны халыққа түсіндіру үшін осы жобаны жасай бастадым" дейді. Ол үшін Еленаға қаншама кітапты парақтап шығуына тура келіпті.
Қазақы ауылдардағы қариялармен де сөйлесіп, ою-өрнектер туралы мағлұматтар қорын жасақтап шыққан. Ол тіпті археологиялық қазбалардағы ою-өрнектерге де көңіл бөлген. Оның бұл жұмысын ғалымдар да жан-жақты тексеріп көріпті. Бәрі де қолдау білдірген. "Мен адамдар қытайдың бақасын байлықтың белгісі ретінде қадір тұтып, сыйлы орынға қоятынын түсінбеймін. Бақа дегеніміз - батпақта өмір сүретін жәндік, ендеше, ол қалайша байлыққа кенелтеді? Батпақтың арнасы жоқ, олай болса, батпаққа байлық қайдан келеді?" деген Елена Гомер байлықтың белгісі түйе жануары екенін айтады.
"Мұхамед пайғамбар да түйе жануарын пайдаланған, Ұлы жібек жолымен жүрген де - түйе жануары, яғни бұл жануар нағыз байлықтың белгісі" деген оның сөзінде жан бар екенін еріксіз мойындаймыз. Сол сияқты ол ұсынған жеті оюдың жеті түрлі қасиетін де мойындамасқа амалыңыз қалмайды. Сонымен, Елена Гомер ұсынған оюлар қандай мағына береді? Денсаулық оюы - денсаулығыңызды жақсартады. Отбасы оюы - отбасы қатынасын жақсартып, шаңырағыңызды шаттыққа бөлейді, береке-бірлікті күшейтеді. Сәттілік белгісіндегі ою - алға қойған мақсатыңызға жетуге көмектеседі. Ақша белгісіндегі ою - сізді табысқа жетелейді, лауазымыңыздың өсуіне де ықпал ететін көрінеді. Махаббат белгісіндегі ою - бұл туралы айтып жатудың өзі артық. Шығармашылық оюы - шығармашылық тоқырауда жүргендердің шабытын оятады екен. Қорғаныш белгісіндегі ою - сізді теріс энергиядан, залалды оқиғалардан қорғайтын болады.
Сондықтан, Қазақстандық фэн-шуйға бет бұруға асығыңыз, ағайын! Қазақстандық фэн-шуйды қазақтың ою-өрнегінен іздеген Елена Гомерге қазақ халқы риза болатын шығар. Себебі, қазақстандықтар бұдан былай жат елдің күлді-бадам белгісіне емес, қазақтың оюына бет бұратын болады.
Қорытынды бөлім
Сонымен, қорыта айтқанда,халқымыз қолөнерді, ою-өрнекті ертеден қастерлеп бағалай білген. Дегенмен де ұмытыла бастаған сияқты. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында үй интерьерінде аз қолдануда, кейбірі тіпті қолданбайды. Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Ал, дизайнер қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине, өзімізден. Сондықтан, айналып келгенде бар қателік ұрпақты, болашағымыздың тізгінін ұстар жас ұрпақты ұлттық қолөнерге сүйіспеншілікке баулымауымызда.
Бұған тосқауыл қою жолы баршылық, соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру қажет, халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды енгізу керек. Біз бұдан не ұтамыз, менімше біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде қолөнерге қызығатын жастар көп, бірақ үйренететін ұстаз аз.
Мектеп оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық тәрбие беру қажет. Өнер мектеп өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауын дамытады.
Бейнелеу өнеріндегі әртүрлі өнер түрлеріндегі көркем іс-әрекеттерді меңгере отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті таба білу қабілетіне ие болады, көргенін еске сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады. Аталған қасиеттер баршаға қажет. Кез келген кәсіптің иесі, егер ол бейнелеу құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмысты да жақсы істейді.
Эстетикалық тұрғыдан дамымаған адам өзін қоршаған ортадан тек оқулықтан нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған нәрселерді ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан маңайдағы әдемі заттарды сындырып, бүлдіріп кететінін байқаймыз, ол эстетиклық түсінігінің таяздығы және дұрыс қалыптаспағаны деп білемін. Басына қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім қабылдарын білмей дал болады. Қиял - қоршаған орта әлемін қабылдауға адамның белсенділігін қамтамасыз ететін жан-жақты адами қабілеттілігі болып табылады.
Осындай құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін жастардың санасына осы күннен бастап сіңірту қажет.
Жоғарыда айтылған мәселелер шешімін табу үшін біріншіден, суретші-ұстаздардың кәсіби дайындығын, білім беру сапасын арттыру, екіншіден, суретші-ұстаздардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдағы статусын яғни заңды құқығын көтеру керек, үшіншіден, ұлттық өнер мен мәдениетке деген қамқорлықты күшейту және мемлекет тарапынан қаржылай көмекті күшейтсе,
мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық.
"Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің"- деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев
"Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен"- деп жауап беріпті.
Ал, мен бұл сұраққа ауылдағы қарт әжем мен атамнан деп жауап берер едім. Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз - дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы,нәзік болады.
Бүгінгі тақырыпты зерттеп, қорғауыма да себеп сол кісілердің тәрбиесі. Атам қысы-жазы қамшы өріп, қамшы сабына оюларды сөйлете салатын шебер болса, әжем ауыл қыз- келіншектеріне сырмақ сырып, текемет тоқуды, текеметке ою басуды үйреткен шебер. Мен әркез олардың қолдарынан шыққан бұйымдарға қызыға да, мақтана қараймын. Болашақта сол кісілерден үйренгенімді, түйгенімді мен де іске асырсам деймін. Әлі кішкентай болсам да, ойымда небір жобалар бар. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілерін ұсынсам, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде қолдансам, кішкене сувенирлерді ою-өрнектің көмегімен сөйлетсем, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындарын ашсам, ұлттық қолөнердің дамуына үлес қоссам деген үлкен арманым бар.
«Ерінбеген өнер табар,
Шегіне берген соңында қалар» нақыл сөзі менің өмірлік ұстанымым. Мен қалай да ерінбей өнер тауып, мақсатыма жететініме сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ә.Марғұлан. Декоративно-прикладное искусство Казахстана.
Алматы 1986
2. Сейт Кенжеахметұлы. Қазақтың мәдени салт дәстүрі,
Алматы, 2006
3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.
Алматы: "Аруна Ltd."ЖШС, 2005
4. З. Мұхамеджанұлы Қазақтың кесте өнері.
Танымдық-көпшілік басылым. "Алматыкітап» баспасы ЖШС, 2009
5. Қазақ халқының ұлттық киімдері «Алматыкітап» баспасы ЖШС, 2011
6. Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақ тарихы, 2004 №4
7. Ә. Ысқаққызы Сырмақ өнері «Алматыкітап» баспасы ЖШС, 2007
8. М. Өмірбекова Қазақтың ою-өрнектері.
"Алматыкітап» б. ЖШС, 2005