7


Тақырыбы: 'Ас - атасы нан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Нан - дастархан байлығы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру.

Дамытушылық: Нанды қастерлеуге, ас атасы - нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінің айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

Тәрбиелік: Еңбек адамдардын сыйлай білуге, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, дастарханға пісірілген нан түрлері, үлестірмелі суреттер.

Барысы:


Хормен: «Қазақы дастарханым»

  • Ән қалай аталады? Дастархан қойылатын дастархан сәні, қадірлі ас қалай аталады?

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Нан дастархан байлығы атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Нан дастархан байлығы» деп аталады.

  • Балалар «Нан береке бастауы,» «Дастархан көркі нан» демекші бүгінг сабағымызды нан туралы тақпақтан бастасақ.

Нан туралы тақпақтар.

1 - оқушы

Нан ардақты адал ас,

Кәрі - жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан Бейсембаева Эльнура

2- оқушы

Ей, балалар, балалар

Болмаңдар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар. Ибраев Равиль

3- оқушы

Даланың арынан,

Даланың таңынан,

Даланың жанынан өседі,

Нан - жемісі ол кешегі.

Нан - өмір,

Жеміспен алып келген кешегі

Нанға пірім деп,

Жырым деп табынам. Тлеукан Аяулым

4 - оқушы

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар. Абиева Аида

5 - оқушы

Еліміздің құдіретін асырып тұрған

Менің де,

Сенің де,

Оның да мерейін үстем қып тұрған

Ол - нан! Мұқатай Жандарбек

1- жүргізуші

Хормен:

Нанды кім қорлайды,

Аштықтаң сол сорлайды.

  • Балалар, нан неден алынады?

  • Бидай

  • Бидай астық тұқымдасына жататының білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайық.

Астық тұқымдас

дақылдар



Бидай Арпа Тары Сұлы Күріш


Сахналық көрініс

Бидай:

Нан анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын. Касымова Гүльфия

Арпа:

Күміс мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын.

Еңбек етіп баптаған,

Еліме сый тартамын. Абиева Аида


Тары:

Ақ, қарамын, сарымен:

Мен өнімді Тарымын.

Халқым еңбек сіңірсе,

Қайтарамын қарымын. Төкен Айтуар


Сұлы:

Мен Сұлымын, ұланның

Тұлпарына ұндым.

Баптаған әр диқанға

Басымды иіп тұрамын. Сатыбалдинова Арина


Күріш:

Күнді сүйген Күрішпін:

Күллі жұрытқа рыспын.

Алсын деп ел мол өнім,

Ала жаздай су іштім. Жолдан Дидар


«Би» Тлеукан Аяулым Абиева Аиданың орындауында.


Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

  • Балалар бауырсақтың қандай, қалай келгеніне тоқталайық.

Қырманнан, диірменнен, Наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген.

Нан - дастарханның көркі. Олай болса, мына суретке назар аударайық.

Ауылда той дастарханның сәні - бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді.

2 - жүргізуші:

  • Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.

  • Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді.

Оны күтіп, баптайды. Тыңайтықыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.

Тойдың сәні әнменен - демекші ендігі кезекте нан туралы мақал - мәтел айтайық.


1.Қоныс көркі - там,

Дастархан көркі нан.

2. Дастарханында наны жоқтың

Тамағының сәні жоқ.

3. Нан болса, сән болады.

4. Тістен нанның қадірін,

Тарыққанда білесін.

5. Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса бастаңдар.

1 - жүргізуші

Тыйым сөздер:

1. Нанды бір қолымен үзуге болмайды.

2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

3. Нанды аяқ астына тастама.

4. Дүкенге барғанда наның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.

5. Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.

2 - жүргізуші:

Ұлағатты сөздер:

1.Дүниеде байлықтың түрі көп.

Солардың ішіндегі ең негізгісі - осы нан байлығы.

Ғабиден Мұстафин

2. «Егер менен әлімдегі ең асыл не?» деп

қалса, бөгелместен «Нан» деп жауап берер едім.

Себебі, нан әлемің жарығы күннен нұр алды, адамға күннің нұрын құяды.

Оның өмірін күндей жарқыратады.


Ыбырай Жақаев


Сөзжұмбақ шешу.

1. Астық неден алынады. (Жерден алынады.)

2. Нан қайда пісіріледі. (Наубайханада)

3. Ұнның неше сорты бар. (Ұнның үш сорты болады.)

4. Бидайдан ұн жасайтын жер. (Диірмен)

5. Тары атасы кім? (Ыбырай Жақаев)

6. Күріш атасы атанған адам. (Шығанақ Берсиев)


«Би» орындалды. Тлеукан Аяулым Бейсембаева Эльнура Абиева Аида


  1. жүргізуші

Қорытынды:

1.Кәне балалар осы тәрбте сағатында қандай мәлімет алдыңдар?

2.Қандай дақылдардың түрлерін білесіңдер?

3. Нанды сатып алғанда қандай дорбаға салуға болады? (таза дорбаға)

4. Дастархан атасы не? (нан)

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар! - дей келе бүгінгі «Нан - дастархан байлығы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көптен көп рахмет.


Байқоныс орта жалпы білім беру мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Мырзахан А.






2013 - 2014 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал