7


  • Учителю
  • Конспект урока по сауат ашу на тему 'Уу әрпі мен дыбысы' (1 клаасс)

Конспект урока по сауат ашу на тему 'Уу әрпі мен дыбысы' (1 клаасс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сынып 1 ә Пән: Сауат ашу

Тақырыбы: У у дыбысы және әрпі
Мақсаты: У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету. «У»дыбысының бірде дауысты бірде дауыссыз болып келуінің себебін тілдік
мысалдарды байқату негізінде түсіндіру.Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу. Дыбыстық талдау жасауға, үйрету.

Сабақтың міндеттері:
а) Берілген сөз, сөйлем ішінен «у» дыбысын тауып, оның дауысты, дауыссыз екенін ажырата білуге үйрету. Сөздерді мағыналарына қарай топтастырып, сөздерді буынға бөле білу білігін жетілдіру.
ә) Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, жүйелі баяндау, көркем жазу, сауатты оқу дағдысын
арттырып, танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б)Өлең мазмұны арқылы өз ана тілінің қасиетін ұғындыра отырып, тілін сүйетін, туған жерін қадірлейтін жеке тұлға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жазу, оқыту, ойын.
Көрнекіліктер: текшелер, суреттер, кеспе әріптер, құстардың суреттері (көгершін, бұлбұл, сауысқан)

І. Ұйымдастыру.

Тәтті тілек!
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол!

*Сауысқан суретін бояту, оқушыларға қысқаша ақпарат беру.

Сауысқан ( Pica pica) - отрядына, қарға тұқымдасына жататын, кіші денелі, түзу ірі қысқатұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны Қазақта кейде алақанат сауысқан деп те айтады.

Жемі : Құрт - құмырысқа жейді, етқоректі, аздап шөп қоректі. Сауысқан - қарға тұқымдасының бір түрі. Оның түр-түсі ала, құйрығы ұзындау болып келеді. Тұрқы 45-47 см, салмағы 250 грамдай. 5-тен 8-ге дейін жұмыртқа басып, балапан шығарады. Сауысқан - жем талғамайтын құс. Ол өсімдік дәнімен де, жеміс-жидек, ұсақ жәндіктермен де қоректене береді. Басқа бір пайдалы құстардың ұясын бұзып, аздап зиян тигізетініне қарамастан зиянды жәндіктер мен ұсақ кемірушілерді құртып, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына көбірек пайда келтіреді.


І. Суреттер көрсету. Суреттегі заттардың атын атау.
У әрпі қандай дыбыстан кейін келіп тұр, оның дауысты, дауыссыз екенін түсіндіру.
Тауық ------------ у дыбысы дауыссыз сауысқан
уық --------------- у дыбысы дауысты қоңырау
Уық сөзіне сөйлем құрастыру.

Сергіту сәті.
ІІ.«Ұйқасын тап» ойыны.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім?... (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады... (құлын)
3. Бата алмас түлкі
Үсті тікен... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы... (арыстан)


У дыбысы бар сөздерді айту У дауысты ма, дауыссыз ба, ажырату.

Дәптермен жұмыс
Сөздеріне дыбыстық талдау жасату арқылы У дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі.
Өткен дыбыстармен у дыбысы қатыстырылып буын, сөздер оқытылады. Ауызша хормен қайталанады.
Дәптердегі үлгі бойынша У дыбысының кіші және үлкен әріптерін үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.

Сабақты қорытындылау.
- Қандай дыбыспен таныстық?
- У дыбысына сөз ойлаңдар.
Балаларды мадақтау.
Нені білді: У әрпімен танысты, дауыссыз дыбыс екенің білді.
Қандай түсініктерді игерді: У әрпі бар сөздер ойлату, сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасауды білді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал